Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Өзге акт · № 49/2-VIII · қабылданған 22.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228156/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Күшіне енбеген 22.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Күшіне енбеген Өзге акт № 49/2-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
Атауы (қаз.)
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49/2-VIII
Қабылданған күні
22.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.08.2026
Көрсетілген редакция
22.07.2026 I228156_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26VA00492M
ЭКБ идентификаторы
228156
Редакция идентификаторы
I228156_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:15
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 07.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.

2. «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;

2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер

Өскемен қалалық мәслихатының
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 49/2-VIII шешіміне
1-қосымша
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер
№ н/п
Лауазым атауы
Лауазымдық еңбекақыға үстеме
1
2
3
1.
Статистик (бухгалтер)
50%
2.
Статистик (мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман)
50%

7 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер

Өскемен қалалық мәслихатының
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 49/2-VIII шешіміне
2-қосымша
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер
№ н/п
Лауазым атауы
Лауазымдық еңбекақыға үстеме
1
2
3
1.
Статистик (бухгалтер)
50 %

8 «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер

Өскемен қалалық мәслихатының
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 49/2-VIII шешіміне
3-қосымша
«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемелер
№ н/п
Лауазым атауы
Лауазымдық еңбекақыға үстеме
1
2
3
1.
Статистик (бухгалтер)
50 %
2.
Статистик (мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман)
50 %

9 Өскемен қалалық мәслихатының

2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 49/2-VIII шешіміне
4-қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары.

10 Өскемен қалалық мәслихатының

2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 49/2-VIII шешіміне
5-қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:

1) «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2) «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3) «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5) «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6) «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7) «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8) «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9) «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10) «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11) «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12) «Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13) «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

№ н/п
Лауазым атауы
Лауазымдық еңбекақыға үстеме
1
2
3
1.
Жүргізуші
100 %