Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел строительства акимата города Экибастуза»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел строительства акимата города Экибастуза»
- Атауы (қаз.)
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 523/7
- Қабылданған күні
- 24.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2026 228184_832224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PC05237A
- ЭКБ идентификаторы
- 228184
- Редакция идентификаторы
- 228184_832224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 03:31
0 «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №485/6 қаулысының күші жойылсын.
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «24» шілдедегі
№ 523/7 қаулысымен
бекітілген
«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
15. Міндеттері:
1) барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу және қайта жаңарту процесін ұйымдастыру, бақылау және мониторингілеу;
2) барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу және қайта жаңарту сапасына бақылауды қамтамасыз ету;
3) барлық деңгейдегі бюджеттерден объектілерді салуға және қайта жаңартуға бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз ету;
4) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағында құрылыс пен қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру саласында ықпал ету;
5) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағында құрылыс пен қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қалалық деңгейде іске асыру;
6) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің оңтайлы әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
объектілерді салу және қайта жаңарту мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты және қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі мен қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
облыстық деңгейде шешілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының құрылыс басқармасына, мемлекеттік сатып алу басқармасына енгізу;
жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды және хабарламаларды меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден (келісім бойынша) сұрату және алу;
мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша талап қоюшы, жауапкер, куә ретінде соттарда дербес немесе өкіл арқылы талап қою және қатысу;
мемлекеттік нормативтердің бұзылуы және бекітілген жобалардан ауытқулар анықталған жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама беру және материалдарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жолдау;
белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
бюджеттік жоспарлау құжаттарын, оның ішінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу;
облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына ықпал ету;
жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту;
қаланың жергілікті атқарушы органдары (немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері) үшін бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет ету;
2) объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
3) объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу;
4) барлық деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен құрылыс пен қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
5) бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс және қайта жаңарту жобаларының іске асырылуына қадағалауды жүзеге асыру;
6) мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және олардың орындалуын бақылау;
7) құрылыс қызметіндегі мемлекеттік және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
8) бағдарламалық құжаттардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне, Екібастұз қаласының аумағын дамыту жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша мониторинг жүргізу;
9) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг және жиынтық есеп құрастыру;
11) тапсырыс беруші ұсынған техникалық тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
12) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
13) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімдерінің және өзге де рәсімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
14) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2)заңнамаға сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3)заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4)барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5)мемлекеттік органдарда, соттарда басқа да ұйымдарда мемлекеттік органды ұсынады;
6)мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
7)қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
8)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4 тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.