Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»

Қаулы · № 524/7 · қабылданған 24.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228187/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза» Күшіне енбеген 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»

Күшіне енбеген Қаулы № 524/7 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»
Атауы (қаз.)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
524/7
Қабылданған күні
24.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2026
Көрсетілген редакция
24.07.2026 228187_832231.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26PC05247A
ЭКБ идентификаторы
228187
Редакция идентификаторы
228187_832231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 03:32
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 14.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі «Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат саны туралы» № 181/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 368/6 қаулысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 1173/11 қаулысының күші жойылсын.

3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» № 765/10 қаулысының күші жойылсын.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «24» шілдедегі
№ 524/7 қаулысымен
бекітілген
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласын, ауылдық аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, қала бюджетін жоспарлау және атқару, аудандық коммуналдық мүлікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.

10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.

12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

15. Мақсаттары:

1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;

2) мемлекеттің макроэкономикалық саясат стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілді қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;

5) қаланың салық-бюджет саясатын қалыптастыру;

6) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау, үш жылдық бюджеттік бағдарламалау жүйесін жетілдіру;

7) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;

8) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.

16. Функциялары:

1) тиісті аумақта экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын іске асыруға ықпал ететін, экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеу;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу;

4) орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет параметрлерін әзірлеу;

5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг пен талдау жүргізу;

6) салық-бюджет саясатын айқындау, түсімдерді болжау және қала бюджетінің шығыстарын жоспарлау;

7) бюджеттік өтінімдерді қарау;

8) қаланың үш жылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылауды, түзетулерді жүргізу;

9) ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің дербес бюджетін үйлестіру;

10) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған кірістер мен шығыстар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

11) ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу және Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шараларды іске асыру;

12) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;

13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобалардың іске асырылуына мониторинг пен талдау жүргізу;

14) қалалық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

15) Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызметті көрсету және әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ тиісті комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Екібастұз қаласы бюджетінің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асыру;

17) әкімшіліктендірілетін түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз ету және олардың түсуін, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды мониторингтеуді жүзеге асыру;

18) бюджет қаражатын басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ бюджеттік мониторинг жүргізу;

19) мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен жұмсалуы бойынша бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарларын келісу;

20) Екібастұз қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу;

21) аудандық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындау, соның ішінде өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеу;

22) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

23) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ иесіз қалған мүлікті, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ көмбелердегі үлесті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және бұдан былай пайдалануды ұйымдастыру;

24) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттарының шарттарын сақтауды бақылау;

25) аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен, кейіннен сатып алу құқығысыз немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде меншікке беру құқығымен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға беру;

26) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың дер кезінде бөлінуін бақылауды жүзеге асыру;

27) заңды және жеке тұлғалардың иесіз, қараусыз (тасталған) жылжымалы және жылжымайтын мүлкін анықтау және пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізу;

28) мемлекеттік органның функцияларына байланысты істер бойынша соттарға дербес және өкіл арқылы талап қоюларды (өзге де өтініштерді) беру және соттарға қатысу;

29) тұрғын үй және тұрғын емес объектілерді де коммуналдық меншікке қабылдау және Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізу;

30) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй беру;

32) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша берешектерді сот тәртібімен өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;

33) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы тұрғын үйлерге өз бетімен кіріп алған адамдарды шығаруды ұйымдастыру;

34) қала әкімі берген сенімхат негізінде коммуналдық тұрғын үйді, оның ішінде қызметтік тұрғын үйді иеліктен шығару (жекешелендіру) бойынша мәмілелер жасасу;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

36) құзырет шегінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;

37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

- кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, қаржылық және өзге де құжаттарды сұрату және алу;
- мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша соттарға дербес және өкіл арқылы талап қоюлар беру және соттарда талап қоюшы, жауапкер, куәгер ретінде қатысу;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
- Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, қаржы басқармасына шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстар енгізу;
- бюджет жобасын жасау үшін қажетті салық салынатын база туралы ақпаратты жинау, оны өңдеу және талдау бойынша қаланың уәкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру;
- өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерінің қаржылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
- бюджет саясаты, бухгалтерлік есеп, аудандық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен семинарлар, кеңестер өткізу.

2) міндеттері:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
- заңнамада белгіленген тәртіппен бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
- өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу;
- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде тұрақты түрде арттырып отыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары, сектор меңгерушілері болады.

21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады, қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданады;

5) барлық қызметкерлер үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмысты ұйымдастырады және шаралар қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын секторлар туралы ережелерді бекітеді;

8) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта өкілдік етеді;

9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, азаматтардың түсетін өтініштерін қарайды;

10) мемлекеттік мекеменің төлемдерді жүргізуі бойынша, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдердің жүргізілуі бойынша қазынашылық органдарымен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бірінші басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.