Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении цен на платные услуги, производимые Государственным коммунальным казенным предприятием «Центр по профилактике ВИЧ-инфекции» акимата города Астаны

Қаулы · № 106-2500 · қабылданған 22.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228211/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении цен на платные услуги, производимые Государственным коммунальным казенным предприятием «Центр по профилактике ВИЧ-инфекции» акимата города Астаны Қолданыста 22.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении цен на платные услуги, производимые Государственным коммунальным казенным предприятием «Центр по профилактике ВИЧ-инфекции» акимата города Астаны

Қолданыста Қаулы № 106-2500 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении цен на платные услуги, производимые Государственным коммунальным казенным предприятием «Центр по профилактике ВИЧ-инфекции» акимата города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106-2500
Қабылданған күні
22.07.2026
Көрсетілген редакция
22.07.2026 I228211_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26ABW1062A
ЭКБ идентификаторы
228211
Редакция идентификаторы
I228211_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағаларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 156-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. «Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін қызметтердің бағаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 106-1615 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары

Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «22» шілдедегі
№ 106-2500 қаулысына
қосымша
Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары
Р/с №
Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Бағалар (теңге)
1
2
3
4
Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
В, С вирусты гепатиттерінің зертханалық диагностикасы (скрининг)
1.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында HBsAg анықтау
1 зерттеу
2 038
2.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында C гепатитының вирусына жиынтық антиденелерді анықтау
1 зерттеу
3 724
В, D вирусты гепатиттерінің кеңейтілген диагностикасы
3.
Қан сарысуында вирусты гепатит В-ның НВс антигеніне Ig М-ді ИФТ әдісімен анықтау
1 зерттеу
4 255
4.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBс антигеніне жиынтық антиденелерді анықтау
1 зерттеу
4 235
5.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBе антигенін анықтау
1 зерттеу
4 416
6.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында B гепатиты вирусының HBeAg-неантиденелерді анықтау
1 зерттеу
4 416
7.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBs антигеніне жиынтық антиденелерді анықтау
1 зерттеу
4 416
8.
ИФТ-әдісімен қан сарысуында D гепатитының вирусына жиынтық антиденелерді анықтау
1 зерттеу
4 672
1
2
3
4
Мерездің зертханалық диагностикасы
9.
Қан сарысуындағы Treponema pallidum-ға (трепонема паллидум) жиынтық антиденені ИФТ әдісімен анықтау
1 зерттеу
3 539
АИТВ-ны емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері
10.
ПТР әдісімен қан плазмасында АИТВ 1-ге РНК-ны сандық анықтау
1 зерттеу
65 260
11.
Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы «иммун мәртебесін анықтау үшін панель» иммунофенотиптеу (СD4 жасушаларын)
1 зерттеу
14 905
12.
Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы «иммун мәртебесін анықтау үшін панель» иммунофенотиптеу (% СD4 жасушаларын)
1 зерттеу
17 065
Медициналық манипуляциялар
13.
Қан алу
1 қызмет
747
______________________________