Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения расходов, понесенных операторами связи при использовании их сетей и средств связи во время чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введении чрезвычайного положения

Қаулы · № 115 · қабылданған 07.02.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22822/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения расходов, понесенных операторами связи при использовании их сетей и средств связи во время чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введении чрезвычайного положения Қолданыста Қаулы ·№ 115 ·07.02.2005
12.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения расходов, понесенных операторами связи при использовании их сетей и средств связи во время чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введении чрезвычайного положения

Қолданыста Қаулы ·№ 115 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения расходов, понесенных операторами связи при использовании их сетей и средств связи во время чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введении чрезвычайного положения
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
07.02.2005
Көрсетілген редакция
12.11.2013 AI22822_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000115_
ЭКБ идентификаторы
22822
Редакция идентификаторы
AI22822_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:12

0 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 7 ақпандағы
N 115 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары

1

1. Осы Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төтенше жағдай кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілері мен құралдарын пайдалануға басым құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдар байланыс операторларының шығыстарын осы Қағидаларға сәйкес өтейді.

3

3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден тыс төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтерiне ақы төлеу үшiн байланыс операторлары мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негiзiнде өтеледі.
Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша және олардың желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен нақты шығындарын растайтын ұсынылған құжаттар негiзiнде төленедi.

4

4. Төтенше жағдай аудандарының аймақтарынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше ахуалдардың, төтенше жағдайдың салдарын жоюға бөлiнетiн қаражаттан өтеледi.
Көрсеткен қызметтерi үшін байланыс операторларына ақы төлеу қызметтер көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша уәкілеттi мемлекеттік органдар тиісті бюджеттерде көздейтiн бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

5

5. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталған және төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде өтеледi.

6 6. Қажет болған жағдайларда шығыстарды өтеудiң өзге де мерзiмдерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ескертілуі мүмкiн.

Қолданыстағы