Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента

Бұйрық · № 140 · қабылданған 24.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228223/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента Қолданыста 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента

Қолданыста Бұйрық № 140 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140
Қабылданған күні
24.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.08.2026
Көрсетілген редакция
24.07.2026 228223_836258.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26TS000140
ЭКБ идентификаторы
228223
Редакция идентификаторы
228223_836258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:44
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің

күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақтан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Күші жойылған кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2026 жылғы «___» ______
№ _____
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16755 болып тіркелген).

2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22532 болып тіркелген).

3. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы №8 бұйрығы.

4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы №24 бұйрығы.