Об утверждении Правил доставления (эвакуации), организации учета и временного хранения автомобильного транспортного средства, судна, в том числе маломерного судна, задержанного на основании, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях, на специальных площадках или стоянках, создаваемых по решению местных исполнительных органов Алматинской области и находящихся в коммунальной собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил доставления (эвакуации), организации учета и временного хранения автомобильного транспортного средства, судна, в том числе маломерного судна, задержанного на основании, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях, на специальных площадках или стоянках, создаваемых по решению местных исполнительных органов Алматинской области и находящихся в коммунальной собственности
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52-307
- Қабылданған күні
- 24.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2026 228250_831449.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V26D0039403
- ЭКБ идентификаторы
- 228250
- Редакция идентификаторы
- 228250_831449
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:19
0
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
Алматы облыстық мәслихатының
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 52-307
шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автокөлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар ұсталған көлік құралдары мен кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жеткізу (эвакуациялау), есепке алу және уақытша сақтау бойынша туындайтын қатынастарды реттейді.
2-тарау. Көлік құралдары мен кемелерді жеткізу (эвакуациялау) және уақытша сақтау тәртібі
3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi, кідірту себептерi жойылғанға дейiн, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полицияның, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) қызметкерлері, ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргiзедi.