Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Бұйрық · № 147 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228278/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Күшіне енбеген 27.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 147 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
147
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228278_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039428
ЭКБ идентификаторы
228278
Редакция идентификаторы
I228278_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

1 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 147
бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларында:
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылған астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.».

2. «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті (бұдан әрі – тариф) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Әдістемеге сәйкес әзірлейді және тиісті жергілікті өкілдік органдарға бекітуге ұсынады.».

3. «Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25562 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарда:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, орталықтандырылған жүйені:».

4. «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) жинаудың орталықтандырылған жүйесін Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) (бұдан әрі – конкурс (тендер)) өткізу арқылы ұйымдастырады.»;
Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының қосымшасының 1.1.8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1.8. тапсырыс беруші – өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;».