Об утверждении Требований к содержанию плана восстановления финансовой устойчивости банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, а также правил и сроков его представления в уполномоченный орган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Требований к содержанию плана восстановления финансовой устойчивости банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, а также правил и сроков его представления в уполномоченный орган
- Атауы (қаз.)
- Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 27.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2026 I228290_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039435
- ЭКБ идентификаторы
- 228290
- Редакция идентификаторы
- I228290_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 03:31
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 108 қаулысымен
бекітілген
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Талаптарда Банктер туралы заңда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
3) идиосинкразиялық оқиға – нақты банк не Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметінің ішкі факторларына негізделген, қаржы жүйесінің немесе макроэкономикалық ортаның жай-күйіне қарамастан, оның қаржылық орнықтылығына елеулі ықпал етуге қабілетті оқиға;
4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Қалпына келтіру жоспары төмендегілерге:
1) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге, оның ішінде дағдарысты жағдайларда банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін және өтімділігін қалпына келтіруге;
3) қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін уақтылы анықтауды және ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етуге;
4) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыру үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
6) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторларының және (немесе) клиенттерінің сенімін қолдауға бағытталған.
4. Уәкілетті орган банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспарының тиімділігін, оның ішінде жоспарда көзделген шаралардың:
банк айқындайтын стресс-тестілеу сценарийлері шеңберінде іске асырылуы, уақтылылығы және қолданылуы тұрғысынан бағалайды.
5. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспары он екі айдан асатын іске асыру мерзімін көздей алмайды.
2-тарау. Қалпына келтіру жоспарын ұсыну тәртібі мен мерзімдері
7. Қалпына келтіру жоспары есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша ақпарат негізінде қалыптастырылады және жыл сайын өзектендіруге жатады.
Қалпына келтіру жоспары өзектендірілуге және мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс:
1) банктің ірі қатысушыларының және (немесе) банк холдингтерінің құрамының өзгеруі (банк үшін қолданылады);
Уәкілетті органының ескертулері болмаған жағдайда банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қалпына келтіру жоспарын банктің ірі қатысушыларымен және (немесе) банк холдингімен (болған жағдайда) келісуді және тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны банктің басқарушы органының бекітуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қалпына келтіру жоспарының мазмұны
10. Қалпына келтіру жоспары мынадай ақпаратты қамтиды:
1) қалпына келтіру жоспарының құрылымы мен негізгі бөлімдерін қоса алғанда, оның қысқаша сипаты;
2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ағымдағы жай-күйін бағалау;
3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін анықтау және ерте ден қою тетіктері;
4) Талаптардың 19, 20, 21, 22 және 24-тармақтарында көзделген шараларды қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың сипаты;
6) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың ықпалы мен іске асырылуын бағалау.
4-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жай-күйін бағалау
11. Қалпына келтіру жоспары мыналарды қамтитын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жай-күйін бағалаудан тұруы тиіс:
тәуекелдердің шоғырлануын, қорландырудың жекелеген көздеріне тәуелділікті және нашарлауы банктің қаржылық орнықтылығының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қызметтің өзге де жағдайларын қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына әсер ететін факторлар туралы ақпарат;
банктің еншілес ұйымдарының және (немесе) банк капиталына елеулі қатысатын ұйымдардың қызметі туралы ақпарат;
топішілік операцияларды және тәуекелдерді бөлуді қоса алғанда, банктің еншілес ұйымдарымен және (немесе) банк капиталына елеулі қатысатын ұйымдармен негізгі қаржылық, операциялық және өзге де өзара байланыстар туралы ақпарат;
оларды айқындау тәртібі мен өлшемшарттарын қоса алғанда, аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың түрлерінің сипаты.
5-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін анықтау және ерте ден қою тетіктері
15. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін, олардың шекті мәндерін, сондай-ақ ерте белгілердің мәндерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің тұрақты негізде мониторингін қамтамасыз етеді.
16. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органға қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің нақты мәндері туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынады.
6-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және қолдау шаралары оның ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігін, өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған және өзге де шаралар
18. Банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері (бар болса) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдайды.
19. Ірі қатысушы, банк холдингі (бар болса) оны қосымша капиталдандыру есебінен банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
ірі қатысушының, банк холдингінің банкті қосымша капиталдандыру мөлшері (сомасы) (бар болса);
ірі қатысушының, банк холдингінің (бар болса) банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру тәсілдері (жарғылық капиталға ақша қаражатын енгізу, қосымша эмиссия акцияларын сатып алу);
ірі қатысушының, банк холдингінің (бар болса) қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің шекті мәндеріне (сандық және сапалық) жеткен күннен бастап банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру мерзімдері;
ірі қатысушыда, банк холдингінде (бар болса) қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктердің болуы туралы мәліметтер;
ірі қатысушының, банк холдингінің банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды және (немесе) міндеттемелерді көздейтін келісімдердің не өзге де құжаттардың болуы туралы мәліметтер.
20. Акцияларды, борыштық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын шығару және (немесе) орналастыру арқылы Банк қабылдайтын меншікті капиталдың жеткіліктілігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
индикаторлардың тиісті шекті мәндеріне қол жеткізілген күннен бастап көрсетілген шараларды іске асыру мерзімдері;
акцияларды, борыштық бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де қаржы құралдарын шығару және орналастыру тәртібін қоса алғанда, көрсетілген шараларды іске асыру тәртібінің сипаттамасы.
21. Банктің өтімділігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
тиісті шаралар шеңберінде тартылатын өтімділіктің мөлшері (сомасы);
индикаторлардың шекті мәндеріне қол жеткізілген күннен бастап өтімділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру мерзімдері;
өтімділікті тарту, активтерді сату шарттары мен тетіктерін қоса алғанда, шараларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ банктің өтімділікті тарту үшін қамтамасыз етуді ұсынуын сипаттау (бар болған жағдайда);
тиісті келісімдермен, ірі қатысушының, банк холдингінің және (немесе) өзге акционерлердің міндеттеме-хаттарымен, қамтамасыз ету ретінде пайдалануға жарамды активтердің болуымен, сондай-ақ өзге де құжаттармен (бар болған жағдайда) расталатын көрсетілген өтімділік көздерінің қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы мәліметтер.
22. Банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
банктің қызметін қайта құрылымдауды және активтерді сатуды қоса алғанда, қабылданатын тәуекелдер мен борыш жүктемесі деңгейін төмендетуді;
банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мақсатында міндеттемелерді ерікті түрде қайта құрылымдауды көздейді.
Көрсетілген шаралар тартылатын қаражаттың көлемін (бар болған жағдайда), оларды іске асыру мерзімдері мен тәртібін айқындаумен, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы тиісті құжаттармен расталатын мәліметтермен қатар жүреді.
Көрсетілген шаралар тартылатын қаражаттың көлемін (бар болған жағдайда), оларды іске асыру мерзімдері мен тәртібін айқындаумен, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы тиісті құжаттармен расталатын мәліметтермен қатар жүреді.
24. Талаптардың 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көзделмеген
7-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері анықталған және оны қалпына келтірген кездегі банктің іс-қимылының сипаты
25. Қалпына келтіру жоспары мерзімдер мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып мынадай іс-қимыл тәртібінің сипаттамасын қамтиды:
банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелері арасында функциялар мен жауапкершілікті бөлуді қоса алғанда, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру барысында уәкілетті органмен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
26. Ерте белгілерге қол жеткізген кезде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ерте ден қою тетіктері шеңберінде алдын алу шараларын дербес қабылдайды.
көрсеткіштердің қол жеткізілген мәндері мен серпіні туралы мәліметтерді ұсына отырып, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерді хабардар ету;
көрсеткіштердің серпінін талдауды және қолданылатын қалпына келтіру шараларын алдын ала бағалауды ұсына отырып, банктің атқарушы органын хабардар ету;
ерте ден қою тетіктері шеңберінде алдын алу шараларын қолдану.
27. Қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) шекті мәндеріне қол жеткізу уәкілетті органның банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдануы үшін негіз болып табылады.
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерді хабардар ету;
банктің атқарушы органының қалыптасқан жағдайды қарауы және қалпына келтіру жоспарында көзделген шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
қалпына келтіру жоспары шеңберінде іске асыруға ұсынылатын шаралар тізбесін қоса бере отырып, көрсеткіштердің шекті мәндеріне қол жеткізу фактісі туралы уәкілетті органды хабардар ету.
28. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтiру бойынша шараларды iске асыру кезiндегi банктiң iс-қимыл тәртiбiне мыналар кiредi, бiрақ олармен шектелмейдi:
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру мерзімдерін белгілеу;
қалпына келтіру шараларында көзделген ақшалай ресурстарды тарту;
стресс жағдайында банктің операциялық үздіксіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде:
қаржы нарықтарының инфрақұрылымына қол жеткізу (клиринг, есеп айырысу, төлемдер және өзге де қызметтер);
ішкі ресурстар мен ақпараттық жүйелердің болуы және қолжетімділігі;
аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
банктің құрылымдық бөлімшелері арасында функциялар мен жауапкершілікті бөлу;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру үшін қажетті банктің құрылымдық бөлімшелері, банктің басқару органдары, уәкілетті орган және өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу.
29. Қалпына келтіру шараларын іске асырған кезде банк, уәкілетті орган мен өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) ірі қатысушыларды, банк холдингтерін (бар болса), кредиторларды, операциялар бойынша контрагенттерді, уәкілетті органды қоса алғанда, хабардар етілуге тиіс мүдделі тараптардың тізбесі;
8-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың әсері мен іске асырылуын бағалау
30. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы стресс-тестілеу негізінде қалпына келтіру шараларының әсерін (қаржылық және экономикалық әсер) бағалауды жүзеге асырады.
31. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жүйелік, идиосинкразиялық және құрамдастырылған оқиғаларға негізделген стресс-тестілеу сценарийлерін айқындайды.
1) жүйелік оқиғалар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін банкаралық нарықтағы өтімділіктің азаюы;
борыш нарығы, валюталық және тауар нарықтарын қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін қаржы нарықтарындағы активтер құнының нашарлауы;
макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы.
2) идиосинкразиялық оқиғалар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының не банктің еншілес ұйымдарының және (немесе) банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың (бар болған жағдайда) олардың қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін бедел тәуекелін іске асыру;
банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуге қабілетті өтімділіктің кетуі;
банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, сондай-ақ банк тобы ұйымдарының олардың қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуге қабілетті активтері құнының төмендеуі;
банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін операциялық шығындар.
32. Әрбір стресс-тестілеу сценарийі мына өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) қалпына келтіру шараларын іске асыру болмағанда қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) шекті мәндеріне қол жеткізуге әкелу;
3) банктің қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсерін бағалау әдістеріне негізделу.
33. Банк кемінде үш, жүйелік маңызы бар банк кемінде төрт стресс-тестілеу сценарийін айқындауға міндетті.
34. Стресс-тестілеу нәтижелері қалпына келтіру шараларының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін негізгі көрсеткіштеріне әсерін көрсетеді:
өтімділік;
пайдалылық.
35. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Талаптардың 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес әзірленген стресс-тестілеу сценарийінің дамуын симуляциялауды көздейтін практикалық жаттығу негізінде қалпына келтіру шараларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.
36. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралардың іске асырылуын бағалау туралы есепті мыналарды қоса аланда, бірақ олармен шектелмей қалыптастырады және ұсынады:
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды орындау мерзімдерін сақтау;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды орындауға кедергі келтіретін шектеулер мен кемшіліктер (анықталған жағдайда);
меншікті капиталды, өтімділікті, пайдалылықты және тәуекелдер бейінін қоса алғанда, банктің қаржылық және экономикалық жағдайына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асырудың әсері;
стрестік жағдайлардың және іскерлік беделге оның нашарлау, сондай-ақ кредиттік рейтингтің төмендеу тәуекелдерін қоса алғанда, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралардың әсері;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру кезінде банктің операциялық қызметтің үздіксіздігін және аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды орындауды қамтамасыз ету қабілеті.
37. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес қалпына келтіру шараларының іске асырылуын бағалау бойынша қорытынды кестені қалыптастырады және ұсынады.
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері
Банктің, Қазақстан Республикасы
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығын қалпына
келтіру жоспарының мазмұнына
қойылатын талаптарға, сондай-ақ оны
уәкілетті органға ұсыну қағидалары
мен мерзімдеріне
1-қосымша
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері
№ | Көрсеткіштің атауы | Көрсеткіш типі (негізгі/ қосалқы) | Көрсеткіш түрі (сапалық/ сандық) | Ерте ден қою тетіктерінің шеңберінде айқындалатын ерте сигналдардың мәндері | Көрсеткіштің шекті мәні | ||
1-ерте сигнал | 2-ерте сигнал | N-ерте сигнал | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Стресс-тестілеу сценарийлері бойынша қалпына келтіру шараларының тиімділігін бағалау
Банктің, Қазақстан Республикасы
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығын қалпына
келтіру жоспарының мазмұнына
қойылатын талаптарға, сондай-ақ
оны уәкілетті органға ұсыну
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Стресс-тестілеу сценарийлері бойынша қалпына келтіру
шараларының тиімділігін бағалау
кестенің басы
Сценарийлер | Осы сценарий шеңберінде қолданылатын барлық шаралар | Қалпына келтіру шараларының өзара тәуелділігін және өзара ерекшелігін талдау | Меншікті капитал | Өтімділік | Пайдалылық | |||||||||
Қалпына келтіру шараларын қолданғанға дейін | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Сценарийдің атаулары | Сценарийдің типі | Қалпына келтіру шарасының № | Атауы | Қысқаша сипаты | Бірін-бірі жоққа шығаратын | Тәуелді | Меншікті капитал | Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті | Өтімділікті өтеу коэффициенттері және нетто тұрақты қорландыру | Бөлінбеген таза пайда | Активтердің рентабельділігі, капиталдың рентабельділігі | Таза пайыздық маржа | Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге қатынасы | |
кестенің жалғасы
Меншікті капитал | Өтімділік | Пайдалылық | Операциялық үздіксіздік | Бедел тәуекелі | Қалпына келтіру шараларын орындау мерзімдері | ||||||||
Қалпына келтіру шараларын қолданғаннан кейін | |||||||||||||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | |||
Меншікті капитал | Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті | Өтімділікті өтеу коэффициенттері және нетто тұрақты қорландыру | Бөлінбеген таза пайда | Активтердің рентабельділігі, капиталдың рентабельділігі | Таза пайыздық маржа | Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге қатынасы | Сақталады – Иә/Жоқ | Әсері - Жоғары, Орташа, Төмен | Орындау мерзімі (ай) | Нәтижелерге қол жеткізу мерзімі (ай) | |||