Об утверждении Правил осуществления деятельности финансовых омбудсманов и службы финансового омбудсмана, в том числе предоставления в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций информации о поступивших и рассмотренных обращениях потребителей финансовых услуг, а также избрания и досрочного прекращения деятельности финансового омбудсмана
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления деятельности финансовых омбудсманов и службы финансового омбудсмана, в том числе предоставления в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций информации о поступивших и рассмотренных обращениях потребителей финансовых услуг, а также избрания и досрочного прекращения деятельности финансового омбудсмана
- Атауы (қаз.)
- Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 27.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2027
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2026 I228294_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039439
- ЭКБ идентификаторы
- 228294
- Редакция идентификаторы
- I228294_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 03:31
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 106 қаулысымен
бекітілген
Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
2) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және интернетте жұмыс істеп тұрған аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе басқа да түрде);
3) қаржы омбудсманы қызметі – қаржы омбудсмандарының қызметін қамтамасыз ететін, жеке мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
4) қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі – қаржы омбудсманы қызметінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы.
1-тарау. Бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі
3. Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы ақпарат қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырылады және мыналарды қамтиды:
1) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында көзделген кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 6-тармағына сәйкес кандидатураларды уәкілетті органмен алдын ала келісу қажеттілігі туралы ақпарат;
2) кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
3) құжаттарды қабылдау мерзімдері;
4) құжаттарды ұсыну мекенжайы және тәсілдері;
5) қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері.
4. Бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына үміткер адам іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды дербес ұсынады:
1) іріктеуге қатысуға өтініш;
2) резюме және өмірбаян;
3) кандидаттың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың нысанына және мазмұнына қойылатын талаптар қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
Кандидаттар құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.
5. Қаржы омбудсманы қызметі ұсынылған құжаттардың толықтығын және тиісінше ресімделуін тексереді және қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің қарауы үшін кандидаттар бойынша материалдар қалыптастырады.
Кандидат кандидаттарды іріктеу туралы ақпаратта белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Қаржы омбудсманы қызметі кандидаттардан кандидатураны қарау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.
6. Қаржы омбудсманы қызметінің кандидаттардың құжаттарын қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
7. Кандидат бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына өз кандидатурасын қаржы омбудсманы қызметіне жазбаша хабарлама жіберу арқылы бас қаржы омбудсманын немесе қаржы омбудсманын сайлау туралы шешім қабылданғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Қағидаларда, қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің құзыретіне Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-31-бабының 2-тармағында көзделген мәселелерден басқа бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымдарына кандидатуралар бойынша материалдарды қарау, кандидатураларды уәкілетті органға алдын ала келісуге жіберу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген өзге де шешімдерді қабылдау жатады.
9. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына кандидатураны келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ұсынылған мәліметтерді нақтылау не кандидатураны қарау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді алу қажет болған жағдайда уәкілетті орган оларды қаржы омбудсманы қызметінен сұратады.
Сұратылған құжаттар мен мәліметтерді қаржы омбудсманының қызметі уәкілетті органға тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Құжаттарды қарау мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап сұратылған құжаттар мен мәліметтер ұсынылған күнге дейін, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Сұратылған құжаттар мен мәліметтер белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган кандидатураны келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Қаржы омбудсманы қызметі уәкілетті органның кандидатураны келісу не оны келісуден бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы омбудсманы қызметінің кеңесіне хабарлайды.
11. Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі ұсынатын және уәкілетті органмен алдын ала келісілген кандидаттар ішінен жүзеге асырылады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау мәселесі бойынша қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде 5 (бес) мүшесі қатысқан кезде заңды болып табылады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің әрбір мүшесінің бір дауысы болады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешім қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары, егер лауазымға кірісудің өзге мерзімі мұндай шешімде көзделмесе, қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі оларды сайлау туралы шешім қабылдаған күннен бастап сайланды деп саналады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы ақпарат қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Қаржы омбудсманының қызметі қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде іріктеуге қатысқан барлық кандидатқа кандидаттың ұсынылған құжаттарда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сайлау туралы не сайлаудан бас тарту туралы мәліметтерді қоса алғанда, олардың кандидатураларын қарау нәтижелері көрсетілген хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы хабарлайды.
13. Қайта сайлауға қатысу үшін бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттарды қайта ұсынады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын қайта сайлау туралы шешімді осы Қағидалардың 8 – 12-тармақтарында көзделген тәртіппен кандидатуралар уәкілетті органмен алдын ала келісілгеннен кейін қаржы омбудсманының қызметі кеңесі қабылдайды.
Қайта сайланған бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы қызметіне кіріскенге дейін, егер қаржы омбудсманының қызметі кеңесінің шешімінде өзгеше көзделмесе, осы уақыттағы бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы өз өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
14. Қаржы омбудсманының қызметі кеңесі Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттіктері ол қайтыс болған, сондай-ақ адам заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі не хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда тоқтатылады.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қаржы омбудсманының қызметі кеңесі қатысып отырған қаржы омбудсманының қызметі кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусына сәйкес қабылдайды.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде 5 (бес) мүшесі қатысқан кезде заңды болып табылады.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттіктері, егер мұндай шешімде өзге мерзім көзделмесе, қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылды деп саналады.
Қаржы омбудсманының қызметі бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) қайтыс болған, сондай-ақ адам заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі не хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайларды қоспағанда, қабылданған шешім туралы тиісті адамға хабарлайды;
2) ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
3) ақпаратты қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырады.
Бас қаржы омбудсманының міндеттерін уақытша атқару ол бас қаржы омбудсманы өз міндеттерін атқаруды қайта бастағанға дейін не жаңа бас қаржы омбудсманы сайланғанға дейін жүзеге асырылады.
Қаржы омбудсманының қызметі көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Қаржы омбудсманы уақытша болмаған кезде оның қарауындағы жолданымдар мен өзге де материалдар қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен басқа қаржы омбудсманына беріледі.
2-тарау. Бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру тәртібі
17. Бас қаржы омбудсманы өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз етеді:
1) қаржы омбудсманы қызметінің ағымдағы қызметін ұйымдастыру;
2) қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманы қызметі қызметкерлерінің қызметін үйлестіру;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауды ұйымдастыру;
4) қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылау;
5) қаржы омбудсманы қызметінің құжат айналымын және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру;
6) қаржы омбудсманы қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
7) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
9) дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғау бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
10) қаржы омбудсманы қызметінің мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі мен цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
11) қаржы омбудсманы қызметінің колл-орталығының не жедел желісінің жұмысын ұйымдастыру;
12) уәкілетті органға берілетін ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;
13) қаржы омбудсманы қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
14) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
15) қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.
19. Қаржы омбудсманы қызметінің қызметкерлері және өзге де тұлғалар жолданымдарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде қаржы омбудсмандарының қызметіне араласуға жол бермейді.
20. Қаржы омбудсманы қызметі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қабылдау, тіркеу, есепке алу және өңдеу;
2) бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсмандарының қызметін ұйымдастырушылық, техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
3) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;
4) қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысына байланысты құжаттар мен материалдарды сақтау;
5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға консультациялық қызметтер көрсету үшін колл-орталықтың не жедел желінің жұмыс істеуі;
6) қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында:
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ерекшеліктерін ескере отырып, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалаудың қолданылатын әдістемесінің жекелеген ережелерін қолдану бойынша сақтандыру қызметтері саласындағы қаржы омбудсманының шешімдері;
Мемлекеттік реттеу туралы заңда және Қағидаларда көзделген ақпаратты орналастыру;
7) Қағидаларда белгіленген тәртіппен бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын іріктеу, сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату рәсімдерін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
8) қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында айқындалған өзге де функциялар.
22. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесі отырыстарының хаттамаларын қаржы омбудсманының қызметі кемінде 5 (бес) жыл сақтайды.
23. Қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы омбудсманы қызметінің және қаржы омбудсмандары қызметінің сапасына қанағаттануына қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
25. Берешекті ұжымдық реттеу платформасы жұмыс істеуі кезінде қаржы омбудсманының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау және уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі
Сақтандыру қызметтерін тұтынушының жолданымын сақтандыру ұйымы, оның филиалы, өкілдігі не өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі арқылы беруге жол беріледі.
Консультативтік сипаттағы сұрау салу келіп түскен кезде қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жолданым беру тәртібін түсіндіреді.
30. Қаржы омбудсмандары бас қаржы омбудсманы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес айына бір рет қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен олардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді.
32. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қаржы омбудсманы қызметі қаржы омбудсманына келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркеуге және оған қатысты жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісіне көрсетілген жолданымның көшірмесін жіберуге тиіс.
33. Жолданым қағаз жеткізгіште берілген кезде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жолданым келіп түскен күні оның қабылданғанын растайтын құжат беріледі не жолданымның көшірмесіне оның қабылданғаны туралы белгі қойылады.
34. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымы Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-33-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қаржы омбудсманының қарауына жатпайды.
36. Жолданымды қарау мақсатында қаржы омбудсманы қызметі іс-қимылды қадағалау субъектісіне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жолданымының көшірмесін жібереді.
38. Қаржы омбудсманы жолданымды тараптар ұсынған құжаттар, мәліметтер мен түсініктемелер негізінде қарайды, сондай-ақ қажет болған кезде дауды сотқа дейін реттеуге бағытталған кездесулер, келіссөздер және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.
Егер даудың мәні сақтандыру төлемінің мөлшері болып табылса, қаржы омбудсманы есептеулерді бағдарламалық кешендер арқылы жүргізеді.
39. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын қарау мерзімі қаржы омбудсманына жолданым келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
40. Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жолданымды қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы мынадай:
1) жолданымды толығымен немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) жолданымды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) жолданымды қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Осындай жолданымды қарау нәтижелері бойынша тараптардың банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды өзгертудің келісілген талаптары туралы мәліметтерді қамтитын хаттама ресімделіп, оған қаржы омбудсманы мен тараптар қол қояды.
42. Қаржы омбудсманының шешімі негізделген, Қазақстан Республикасы заңдарының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, Қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс және жолданымның мәні бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.
43. Қаржы омбудсманының шешімі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға және іс-қимылды қадағалау субъектісіне ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
44. Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманының шешімін онда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
45. Қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдарының, қабылданған шешімдердің және оларды орындау нәтижелерінің есебін жүргізеді.
46. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын есепке алу мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жолданымның тіркеу нөмірі және түскен күні;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы және (немесе) оның өкілі туралы мәліметтер;
3) жолданымның түсу арнасы;
4) жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісінің атауы;
5) қаржы өнімінің түрі;
6) жолданымның мәні;
7) жолданымды тіркеу күні;
8) жолданымды қарау нәтижесі;
9) қаржы омбудсманының қабылдаған шешімі туралы мәліметтер;
10) қаржы омбудсманы шешімінің орындалуы туралы мәліметтер;
11) тоқтатудың негізін көрсете отырып, жолданымды қарауды тоқтату туралы мәліметтер;
12) қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер.
48. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары, қабылданған шешімдер және оларды орындау нәтижелері бойынша материалдарды, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше мерзім белгіленбесе, қаржы омбудсманының қызметі кемінде 5 (бес) жыл сақтайды.
49. Қаржы омбудсманының қызметі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың уәкілетті органға келіп түскен және қаралған жолданымдары, қабылданған шешімдер және оларды орындау нәтижелері туралы ақпарат береді.
1) келіп түскен және қаралған жолданымдардың саны туралы;
3) жолданымдар келіп түскен қаржы өнімдерінің түрлері туралы;
4) жолданымдар келіп түскен іс-қимылды қадағалау субъектілері туралы;
5) жолданымдардың мәні туралы;
6) жолданымдарды қарау нәтижелері туралы;
7) қаржы омбудсмандарының қабылданған шешімдері туралы;
8) қаржы омбудсмандарының шешімдерін орындау туралы;
9) тоқтату негіздерін көрсете отырып, қаралуы тоқтатылған жолданымдардың саны туралы;
10) негіздемелерді көрсете отырып, қаржы омбудсманының қарауына жатпайтын жолданымдардың саны туралы;
11) анықталған жүйелік мәселелер және іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қайталанатын тәжірибелері туралы мәліметтерді қамтиды.
50. Қаржы омбудсманының қызметі уәкілетті органды мынадай фактілер анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді:
1) іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржы омбудсманының шешімдерін орындамауы;
2) іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау үшін қажетті құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жүйелі проблемалары мен қайталанатын практикаларын анықтау.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген хабарламалар тиісті фактілерді растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қоса бере отырып жіберіледі.
Бас қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы лауазымына кандидат туралы мәліметтер
Қаржы омбудсмандарының
және қаржы омбудсманы
қызметінің жұмысын жүзеге
асыру, оның ішінде келіп
түскен және қаралған жолданымдары
туралы қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті
органға ақпарат беру, сондай-ақ
қаржы омбудсманын сайлау
және оның қызметін мерзімінен
бұрын тоқтату қағидаларына
қосымша
Нысан
Бас қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы лауазымына
кандидат туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
1. Жалпы мәліметтер:
Туған күні мен жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке басын куәландыратын құжатта) |
2. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы – аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, балалары, ұлды асырап алушылар (қызды асырап алушылар), асырап алынған ұлдар (асырап алынған қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және жекжаттары (ата-анасы, балалары, ұлды асырап алушылар (қызды асырап алушылар), асырап алынған ұлдар (асырап алынған қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, жұбайының (зайыбының) немерелері туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы | Туыстық қатынастары | Жұмыс орны және лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
№ | Жұмыс кезеңі | Жұмыс орны | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығару, қызметтен босату себептері | Басқа мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде лауазымы көрсетіле отырып, жоғары оқу орнын бітірген сәттен бастап, сондай-ақ кандидаттың еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі.
_____________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
Банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болып табылмаймын және (немесе) коллекторлық агенттіктер, жақын туысқандарым, жұбайым (зайыбым) және (немесе) уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жекжаттарымның жоқ екендігін, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екендігін растаймын.
Осы ақпаратты тексергенімді және дұрыс және толық екенін растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________
(кандидат өз қолымен баспа әріптермен толтырады)
Қолы ___________________________
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ __ қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі