Құжат мәтініне өту

О реорганизации государственного учреждения "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан"

Қаулы · № 234 · қабылданған 12.03.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2283/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации государственного учреждения "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 234 ·12.03.1999
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации государственного учреждения "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 234 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации государственного учреждения "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялар кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесін" қайта ұйымдастыру туралы <*>
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
234
Қабылданған күні
12.03.1999
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI2283_3.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000234_
ЭКБ идентификаторы
2283
Редакция идентификаторы
AI2283_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:18

0 "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялар кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесін" қайта ұйымдастыру туралы

Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысының 5-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Мына мемлекеттік мекеме:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

2 2) "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпараттық-презентациялық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

2 2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Кәсіпорынды уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

3 3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі:

1 1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:

магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру.

2 2) заңдарда белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

5 5. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 257-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы;

3

3) "Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекциясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 9-құжат) күшін жойған деп танылсын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Пре­мьер-Ми­ни­стрі

Қолданыстағы