О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений
- Атауы (қаз.)
- Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 27.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2026 228317_831860.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26LF00124A
- ЭКБ идентификаторы
- 228317
- Редакция идентификаторы
- 228317_831860
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:30
0 Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 47-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
полиция департаменті Жалағаш
ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
4 Жалағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 124 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және мерзімдері
1. Көтермелеудің түрлері
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеудің түрлері:
1)алғыс жариялау;
2)грамотамен наградтау;
3)ақшалай сыйақы төлеу;
4)білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Жалағаш ауданының әкімдігі құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
2. Көтермелеудің тәртібі және мерзімдері
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жалағаш ауданы әкімдігімен құрылатын құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
3. Комиссия құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жалағаш ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция бөлімі) өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы – құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары.
4. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға Полиция бөлімі енгізеді.
5. Комиссия Жалағаш ауданының әкімдігінде қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, көтермелеуге құқылы.
6. Комиссия ұсыныc түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оны қарайды.
7. Комиссия отырысы оның жалпы мүшелерінің санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп танылады.
8. Көтермелеу үшін негіз Комиссия қабылдаған шешімі болып табылады.
Шешім көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.