Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 228337_833184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NGE0003B
- ЭКБ идентификаторы
- 228337
- Редакция идентификаторы
- 228337_833184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:31
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Әулиекөл аудандық жер комиссиясының жер учаскелерін беру жөніндегі отырысының хаттамасы және жерге орналастыру жобасын негізінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Новонежин ауылына (жоғары және орта қысымды газ құбырын) инженерлік-коммуникациялық желілерді салу үшін, «Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылындағы газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1167 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;