Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 4 · қабылданған 30.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228340/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген 30.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута

Күшіне енбеген Өзге акт № 4 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
30.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.08.2026
Көрсетілген редакция
30.07.2026 228340_833187.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NGA0004B
ЭКБ идентификаторы
228340
Редакция идентификаторы
228340_833187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
08.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 15.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық жер комиссиясының жер учаскелерін беру және жерге орналастыру жобасы отырысының хаттамасы негізінде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорындағы және ауданы 1,3011 га ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы Әулиекөл ауданының жерлеріндегі газ құбырын жеткізу үшін «Әулиекөл ауданы, Новонежинка ауылын газдандыру құрылысы» объектісі бойынша газ тарату желілерінің құрылысын жобалаудың шектеулі жер пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін.

2. «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.