Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба на территории Успенского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба на территории Успенского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы, Павлодар облысы аумағында табиғи сипаттағы объекттік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 22.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2026 228353_832102.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PL00002B
- ЭКБ идентификаторы
- 228353
- Редакция идентификаторы
- 228353_832102
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 16:27
0 Успен ауданы, Павлодар облысы аумағында табиғи сипаттағы объекттік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 22 шілдедегі кезектен тыс жедел отырысының хаттамасының негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Успен ауданы Қоңырөзек ауылындағы құйын салдарынан Қоңырөзек ауылы, Қоңырөзек ауылдық округі, Успен ауданы, Павлодар облысы, Милевский көшесі 35 мекенжайында орналасқан Қоңырөзек ауылының Мәдениет үйі объектісінде табиғи сипаттағы объекттік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияға дауылды желден зардап шеккен объектіні тексеру жүргізуді және ақаулық актісін жасауды тапсыру.
Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушыларына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеуді және бюджеттік өтінімді Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесіне жолдауды тапсыру.