Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-7/152
- Қабылданған күні
- 24.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2026 I228361_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BC07152A
- ЭКБ идентификаторы
- 228361
- Редакция идентификаторы
- I228361_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 03:31
0 Қауымдық сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 2839,2 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылғы 4 ақпанға дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.
3. «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.
4. «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
5. «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
6. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы
___________ №________
қаулысына 1 қосымша
«Mamai Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
кадастрлық нөмірі
қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар
1
«Жайляу и К» ЖШС
01-001-020-194
35
35
2
Сайфола Рысгүл
01-001-020-063
68,1
68,1
3
«Аграрная компания «Agropolis»» ЖШС
01-001-020-040
605,5
605,5
4
Тоқтарұлы Дәулетхан
01-001-020-185
35,3
35,3
5
«Акколь-АГРО» ЖШС
01-001-020-189
167,2
167,2
6
«KazBeef LTD» ЖШС
01-001-020-060
1905,6
1905,6
7
Жалғызқарағай ауылдық округінің босалқы жерлері
-
22,5
22,5
Жиыны
2839,2
2839,2