Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № А-7/155 · қабылданған 24.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228363/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута

Күшіне енбеген Қаулы № А-7/155 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-7/155
Қабылданған күні
24.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2026
Көрсетілген редакция
24.07.2026 I228363_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BC07155A
ЭКБ идентификаторы
228363
Редакция идентификаторы
I228363_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 14.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қауымдық сервитутты

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 492,2 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылғы 4 ақпанға дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.

3. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.

4. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

5. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

6. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы ____________ №________
қаулысына 1 қосымша
«JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
кадастрлық нөмірі
қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар
1
ТОО «Смаил Агро»
01-001-012-262
2,9
2,9
2
Сайфола Рысгүл
01-001-020-063
41,3
41,3
3
ТОО «KazBeef Ltd»
01-001-020-060
88,2
88,2
4
Жалғызқарағай ауылдық округінің босалқы жерлері
-
359,8
359,8
Жиыны
492,2
492,2