Об установлении публичного сервитута
Күшіне енбеген
Қаулы
№ А-7/156
22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-7/156
- Қабылданған күні
- 24.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2026 I228370_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BC07156A
- ЭКБ идентификаторы
- 228370
- Редакция идентификаторы
- I228370_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген.
Қолданысқа енгізілу күні — 14.08.2026.
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Қауымдық сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 1062,6 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.
3. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.
4. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
5. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
6. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы __________ №________
қаулысына 1 қосымша
«Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | кадастрлық нөмірі | қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар | ||||
1 | «Қазына-Алтын Бидай» ЖШС | 01-001-025-048 | 488,2 | 488,2 | |
2 | «Асет Ми» ЖШС | 01-001-025-011 | 27,1 | 27,1 | |
3 | «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ | 01-001-032-014 | 16,7 | 16,7 | |
4 | «Асет Ми» ЖШС | 01-001-025-010 | 178,1 | 178,1 | |
5 | Абдрахманов А.А. | 01-001-017-136 | 43,2 | 43,2 | |
6 | Қарасай ауылдық округінің босалқы жерлері | - | 309,3 | 309,3 | |
Жиыны | 1062,6 | 1045,9 | 16,7 | ||