Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 228372_833506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NG00005B
- ЭКБ идентификаторы
- 228372
- Редакция идентификаторы
- 228372_833506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:32
0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Әулиекөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 29 шілдедегі № 5 хаттамасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл аулының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.
3 3. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;