Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам страховой деятельности

Қаулы · № 107 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228397/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам страховой деятельности Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 107 ·27.07.2026
27.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам страховой деятельности

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 107 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам страховой деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
107
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
16.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228397_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039457
ЭКБ идентификаторы
228397
Редакция идентификаторы
I228397_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:33

0 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарда, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасында және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарда бұдан әрі – Талаптар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарда, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасында және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1-бабының 8-тармағына, 18-бабының 1-тармағына және 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
Сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының адал іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтанушыларға зиян келтірудің алдын алу мақсатында осы Талаптармен сақтандыру қызметіндегі жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі, сақтанушылардың жолданымдарын қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларға қойылатын талаптар белгіленеді.
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Талаптардың сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыру тәртібін, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің (сақтандырудың ерікті түрлері бойынша) сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сақтандыру қағидаларымен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде анық және толық ақпарат беру:
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімдері;
сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібінің сипаты;
сақтанушының, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі құқықтары мен міндеттері;
шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;
жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесін көрсетілген жеңілдіктердің болуы;
сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;
2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса - сақтандыру қағидаларының көшірмесін қағаз тасымалдағышта беру не сақтанушыға сақтандыру қағидаларының электрондық (сканерленген) көшірмесін немесе сақтандыру ұйымының интернет-ресурсындағы немесе сақтандыру ұйымы әріптесінің интернет-ресурсындағы сақтандыру қағидаларының жарияланымына сілтемелерді (сақтанушының таңдауы бойынша) жіберу;
3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;
4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру қағидаларында немесе «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туристі міндетті сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін жекелеген заңдары) талаптар болған кезде), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру туралы белгіні қамтитын өтінішті толтыру;
5) сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау, оның ішінде оны жүргізу үшін мамандарды тарта отырып (қажет болғанда) бағалау (жеке сақтандыру шарттары бойынша медициналық куәландыру). Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;
6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;
7) сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;
9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
10) сақтанушының:
фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына;
сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы растайтын құжатты ала отырып сақтандыру агенті-жеке тұлғаға;
фискальді чекті ала отырып сақтандыру агенті-заңды тұлғаға;
қолма-қол ақшасыз төлеуге жататын сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы);
11) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру агенті туралы ақпаратты көрсетумен сақтандыру полисін ресімдеу (қосылу шартын жасасу) не жеке сақтандыру шартын жасасу;
12) сақтандыру ұйымының талдамалық есебінде және бағдарламалық қамтылымында Талаптарға 1-қосымшада көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.
Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көзделген клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды сақтандыру ұйымы қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) сақтанушы туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
2) сақтандырылған адам туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:
қайта сақтандырушының атауы;
қайта сақтандыру шартының нөмірі;
қайта сақтандыру түрі;
қайта сақтандыру шартын жасаған күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын орындау процесін ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) егер аталған міндет сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделсе, сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде сақтандыру ұйымының жауапты қызметкерінің сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметті шығындарды есепке алу журналына тіркеуі;
2) міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша немесе цифрлық нысандағы өтінішті қабылдау.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі өтініште пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтылады:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
тұрғылықты жері;
байланыс телефондары;
сақтандыру төлемдерін алу тәртібі - қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;
банк деректемелері (қажет болғанда);
міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында немесе сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында көзделген мәліметтер;
3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының сақтандыру шартының (сақтандыру қағидаларының) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес келуін, оның ішінде құжаттардың толық топтамасының болуын тексеру;
4) сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша сақтанушының дебиторлық берешегінің болуын тексеру;
5) осы құқық сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көзделген жағдайда, бүлінген мүлікті қарап тексеру;
6) сақтандыру оқиғасының басталу себептері мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру жағдайы арасындағы себепті байланысты растау, сондай-ақ өтініш берушіден сақтандыру жағдайын анықтау үшін мәні бар дәйекті мәліметтерді алу;
7) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастыру не айқындау;
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру не оны жүзеге асырудан сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдау;
9) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен бірге сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша немесе цифрлық нысанда жіберу;
10) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сәйкес банк шотына аудару арқылы жүзеге асыру;
11) сақтанушыға (сақтандырылушыға) немесе өзге де тұлғаға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында, егер осы шығыстар қажет болған немесе сақтандыру ұйымының нұсқауларын орындау үшін жұмсалған болса, олар жұмсаған шығыстарды өтеу.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сақтандыру агентімен тапсырма шартын жасасқаннан кейін сақтандыру ұйымы:
1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері цифрлық нысанда жүргізуді жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің тізіліміне кіргізеді;
2) тапсырма шартын жасасқан күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген сақтандыру агенті туралы ақпаратты цифрлық нысанда жібереді;
3) сақтандыру агенті туралы ақпаратты Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың (интернет-ресурстарды қоса алғанда) көруі және танысуы үшін қолжетімді жерде орналастырады;
4) сақтандыру агентін сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
5) Заңның 18-1-бабы 2-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес сақтандыру агенттері тізіліміне енгізілгеннен кейін кемінде үш жылда бір рет сақтандыру агентінің кәсіби қайта даярлаудан өтуін ұйымдастырады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентімен тапсырма шартын бұзу кезінде тапсырма шартын бұзған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға тиісті ақпаратты цифрлық нысанда жібереді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Заңды тұлғалар - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар - актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес айқындалады.
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтауы қағаз және (немесе) цифрлық нысанда жүзеге асырылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:
1) тапсырма шартының нөмірі;
2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;
3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген күні және органы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, заңды мекен-жайы, банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;
4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);
5) сақтандыру объектісін көрсету;
6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
8) тараптардың жауапкершілігі;
9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;
10) қосымша талаптары;
11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;
12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;
13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;
15) тараптардың деректемелері;
16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.»;
1-қосымша осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша осы Қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы Қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы Қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2

2. «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қағидаларда Цифрлық кодексте көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) цифрлық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсететін қызметкерлердің және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» АЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – CБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым) – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
4) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқор – сақтандыру ұйымы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде цифрлық нысанда);
5) сақтанушы – Кодекстің 226-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жеке тұлға;
6) сақтандырылушы – зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға;
7) сақтандыру сыйлықақысы – басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде алынған, сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына зейнетақы аннуитетін сатып алуға жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) сатып алу сомасы;
8) Жөнелтуші қор:
міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (салымшыларының), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (жеке тұлғалардың) және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушының (алушылардың) зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасауына байланысты сақтандыру ұйымына аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасауға байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (салымшылардың) және (немесе) алушының (алушылардың) зейнетақы жинақтары аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
9) Алушы қор – Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сәйкес сақтанушының (сақтанушылардың) өтінішіне байланысты қайтарылуға жататын ақша сомасы аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
10) өтініш беруші – міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) оған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға;
11) сақтандыру ұйымының ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы аннуитеті шартын жасау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) – сақтандыру сыйлықақысын есептеу және өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) (немесе) сақтандырылушыны (сақтандырылушыларды) идентификаттау үшін қажетті деректерді қамтитын құжат;
12) алушы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушы;
13) жөнелтуші сақтандыру ұйымы – зейнетақы аннуитеті шартының бұзылуына байланысты сатып алу сомасы басқа сақтандыру ұйымына аударылатын сақтандыру ұйымы және (немесе) оған сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту бөлігінде өзгерістер енгізілуіне байланысты Алушы қорға қайтарылуға жататын ақша сомасы;
14) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын пайдалана отырып зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымы:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген «Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысында көзделген кез келген тәсілмен өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) идентификаттауды;
2) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту туралы хабарламаны (Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып) электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
3) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының цифрлық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
4) зейнетақы аннуитеті шартын өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) үшін тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса берілген цифрлық нысанда сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтауды;
5) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) сақтандыру ұйымына:
мәліметтерді өзгерту, оның ішінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасасу;
Кодексте көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты цифрлық нысанда жасау және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.»;
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу, сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымына аудару үшін қажетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйелеріне жіберілетін сұрау салуларды қоса алғанда, өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін (дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім) алады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыстығын тексереді және өтініш берушіге және (немесе) алушыға немесе сенім білдірілген адамға Жөнелтуші қордың ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Егер Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, Жөнелтуші қор Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Жөнелтуші қордың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім шеңберінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33675 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығымен бекітілген Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының цифрлық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларына сәйкес зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және онда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің және (немесе) алушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі болған жағдайда, өтініш білдірген өтініш берушіден және (немесе) алушыдан «МОДБ» АЖ-дан мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтерді сұратады.
Егер Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, Жөнелтуші қор өзінің цифрлық жүйесінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай төлеу фактісін тексереді.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жөнелтуші қор және (немесе) сақтандыру ұйымы осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алынған электрондық хабарламаны өңдеуді жүзеге асырады.
Егер өтініш беруші (өтініш берушілер) немесе алушы (алушылар) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, Жіберуші қор "МОДБ" АЖ-дан өтініш берушіде (өтініш берушілерде) немесе алушыда (алушыларда) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің бар-жоғы туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш беруші (өтініш берушілер) немесе алушы (алушылар) Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, Жөнелтуші қор Жөнелтуші қордың цифрлық жүйесінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай төлену фактісін тексереді.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервистерінен алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.».

3 3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың ең төменгі тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 107 Қаулыға 1-қосымша
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың ең төменгі
тізбесі
1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш1
2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші
3. Сақтанушы2
4. Сақтандырылушы2
5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі
6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күндері
7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың типі
8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы
9. Сақтандыру сыныбы
10. Сақтандыру объектілерінің саны
11. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала
12. Сақтандыру шартының нөмірі
13. Сақтандыру шартын жасау күні
14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
16. Сақтандыру сомаларының мөлшері
17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
18. Сақтандыру делдалы2
19. Комиссиялық сыйақының мөлшері
20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш
21. Қайта сақтандырушының атауы
22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі
23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі
24. Қайта сақтандырушының рейтингілік бағасы
25. Рейтингілік агенттік
26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі
29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері
30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері
32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері
33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері
34. Шығынды жариялаушы2
35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш
36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні
37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш
38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні
39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы
40. Сақтандыру төлемдерін алушы2
41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері
42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы
43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері
44. Қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушыларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы
45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш
46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні
47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш
49. Кері талапты төлеу күні
50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері
Ескерту:
1теңдесі жоқ белгі
2жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, жынысы;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі.

2 Сақтандыру агенттерінің тізілімі (сақтандыру ұйымының атауы)

Қаулыға 2-қосымша
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
2-қосымша
Нысан
Сақтандыру агенттерінің тізілімі
(сақтандыру ұйымының атауы)

Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны­ның нө­мір­ле­рі
Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін) неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін)
Шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
Сақ­тан­ды­ру аген­т­ін­де заң­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы жоқ екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың кү­ні мен нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін)
Сақ­тан­ды­ру аген­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу үшін жа­у­ап­ты тұл­ға
Сақ­тан­ды­ру аген­тін ті­зі­лім­нен алып та­стау кү­ні
Сақ­тан­ды­ру аген­тін ті­зі­лім­нен алып та­стау се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Бас
2
Фи­ли­ал

3 Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімі ________________________________________________________ (заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің атауы)

Қаулыға 3- қосымша
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
2-1-қосымша
Нысан
Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімі
________________________________________________________
(заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің атауы)

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қызметкердің нақты мекенжайы (нақты тұрғылықты жері)
Қызметкердің заңды мекенжайы (тұрақты тұрғылықты жері)
Қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні
Қызметкердің байланыс телефонының нөмірі
Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы:
Қызметкердің заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі
Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжаттың күні мен нөмірі
Қызметкердің тізімге енгізілген күні
Қызметкердің тізімнен шығарылған күні
Қызметкердің тізімнен шығару себептері
8
9
10
11
12

4 Сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналы

Қаулыға 4- қосымша
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
3-қосымша
Нысан
Сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналы
Сақтандыру полисі бланкісінің нөмірі (бұдан әрі - СПБ)
Филиал атауы немесе сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
СПБ-ны филиалға (сақтандыру агентіне) беру күні
СПБ-ны пайдалану
Сақтанушыға берілгені
Бүлінгені
Пайдаланылмағаны
1
2
3
4
5
6
Жиынтығы

5 Сақтандыру агенттерін оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені туралы № ______ куәлік

Қаулыға 5- қосымша
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастарда жүзеге асыруға, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын тапсырма шартына және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға өкілеттіктерге, сондай-ақ сақтандыру агенттерін және сақтандыру агенттерін оқытудың минималды бағдарламаларына және оқытуды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарға
7-қосымша
Сақтандыру агенттерін оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені туралы
№ ______ куәлік
____________________________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
бірлестіктерінің атауы
Берілді: _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Емтиханның жиынтық нәтижесі _________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
бірлестіктерінің басшысы
_____________________________________________________________________
қолы __________________ берілген күні ____________

Қолданыстағы