Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 28.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2026 228403_833555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NR00147A
- ЭКБ идентификаторы
- 228403
- Редакция идентификаторы
- 228403_833555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:35
0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 5,7588 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жылға мерзімімен қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;