Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 683 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228413/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 683 ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 683 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
683
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228413_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000683
ЭКБ идентификаторы
228413
Редакция идентификаторы
I228413_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:31

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1

1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1145 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.».

2 2. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Ведомствоға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға дайындалудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде аукционға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.»;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3 3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
26-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға (желдету жүйесі, температура мен ылғалдылық датчиктері) сәйкес келетін, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің болуы;».

4 4. «Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңару және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларында:
2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Сатушыға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға, жабық тендерге дайындалу және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде аукционға, жабық тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның 2-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

5 5. «Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 63) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жойқын жер сілкінісі кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи өрт шыққан кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Су жайылған, су көтерілген, су тасыған және сел тасыған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар, оның ішінде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Күшті әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың атмосфераға шығарылуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті биологиялық факторлар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Эпидемиялар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Эпизоотиялар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«Сыртқы істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Зардап шеккен (қаза тапқан) шетел азаматтарының тізімін жасау
қажет болса
тізім
».
__________________________

Қолданыстағы