Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 228416_833568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NTD0010B
- ЭКБ идентификаторы
- 228416
- Редакция идентификаторы
- 228416_833568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:31
0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына және «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына сәйкес Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Capital Partners Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 1,7604 гектар жер учаскесіне Федоров ауылының автоматты газ тарату станциясынан Пешков және Владыкинка ауылдары бағытында газ құбырларын салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;