Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Бұйрық · № 146 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228448/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 146 ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 146 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
146
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228448_1.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039473
ЭКБ идентификаторы
228448
Редакция идентификаторы
I228448_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 146 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 «Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 «Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидалары осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 386 «Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25846 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 «Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары осы тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 «Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері;
2) Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесі бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары осы тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесі осы тізбенің 7-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.»

7

7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 «Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекітілсін.
«1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары осы тізбенің 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі осы тізбенің 9-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.».

8

8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 «Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидалары осы тізбенің 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

9

9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары осы тізбенің 11-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

10 10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары осы тізбенің 12-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2008 жылғы 23 қазандағы
№ 01-08/181 бұйрығымен
бекітілген
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 22-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленген және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1 1) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

2 2) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

3 3) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

4 4) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.

2 2-тарау. Туристік қызмет саласындағы мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі

3 3. Мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).

4

4. Білім беру ұйымдары мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10500 болып тіркелген) бекітілген Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын Жалпы талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

5 5. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру курс нысандарында өтетін, сабақтар түрінде өткізіледі.

6 6. Курстардың ұзақтығы оқу бағдарламаларымен анықталады.

7 7. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен келісу бойынша күнтізбелік жылға арналған курстардың кестелерін, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар Комитетке жіберіледі, ол 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе олардың Қазақстан Республикасының білім беру және туризм саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі негіздері бойынша оларды келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Білім беру ұйымдары бекітілген кестелердің көшірмелерін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

8 8. Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

9 9. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдауды білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

Туристік қызмет саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – ұйымдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуге білім беру ұйымдарына мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтінім береді:

1 1) туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның не турагенттердің мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді;

2 2) ұйым қызметкерлерінің туристік бейіндегі пәндер бойынша білімі туралы құжаттар;

3 3) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматының жеке басты куәландыратын құжаттары.

10 10. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

1-1 ӨТІНІМ Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру өту үшін:

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
кімге: ___________________________
(білім беру ұйымның атауы)
кімнен: _________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІМ
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру өту үшін:
Тақырыбы: _____________________
Р/с №
Заңды тұлғаның қызметкерлерінің тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
Лауазымының толық атауы
Тақырыбы
Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)
Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)
1
2
3
___________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы,
телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)
_______________________________
(заңды тұлға басшысының - қолы)

1-2 Сертификат №___

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(білім беру ұйымның атауы)
Сертификат №___
Осы сертификат _____________________________________ берілді
(Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда))
ол туристік қызмет саласындағы___________________________________
(қайта даярлау және біліктілікті арттыру)
бойынша курстан "___" __________________ бастап
"___"_________________________ дейін__________ сағат көлемінде өтті.
________________________________ __________
(Тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________ Мөр орны
(Болған жағдайда)

2 Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 375 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабы 20-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар (асырап алушы), асырап алынғандар (асырап алынған), толық және толық емес аға-інілер мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер;

2 2) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуе кемесінде әуе тасымалы шартына немесе өзге де заңды негіздерге сәйкес тасымалданатын жеке тұлға;

3 3) жолаушы билеті (бұдан әрі – билет) – әуе компаниясы немесе оның уәкілетті агенттері беретін, жолаушыны тасымалдау құжаты, ол жолаушының әуе тасымалы шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен әуе компаниясы арасында әуе тасымалы шарты жасалғанын растайды;

4 4) жолаушы купоны – билеттің әуе тасымалы шартының жасалғанын және жолаушы мен оның багажының тасымалдануын куәландыратын электрондық-цифрлық жазба немесе қағаз тасығыштағы (қатаң есептілік бланкі) бөлігі;

5 5) маршруттық квитанция – электрондық билеттің құрамдас бөлігі болып табылатын құжат (құжаттар), онда қажетті мәліметтер (мысалы: жолаушының тегі, бағыты, тариф), хабарламалар мен мәліметтер қамтылады;

6 6) туристерді орналастыру орындары – қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша тұруға және оларға қызмет көрсетуге арналған өзге де ғимараттар мен құрылыстар;

7

7) туристік қызметтер – туристің сапары кезінде және соған байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартымен көзделген өзге де қызметтер, сондай-ақ туризм инфрақұрылымына барлық туристер үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер (инклюзивті туризм);

8 8) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

9 9) туристік өнім – туристің сапар барысында қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті барлық қажетті туристік қызметтердің жиынтығы;

10 10) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11 11) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет – осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны ілгерілету және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

12 12) электрондық билет – жолаушының әуе тасымалы шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен әуе компаниясы арасында әуе тасымалы шарты жасалғанын растайтын электрондық құжат.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау тәртібі

3

3. Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялауды (бұдан әрі – субсидия) алу үшін ішкі туризм саласындағы туроператор 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен құрылған ұйымға (бұдан әрі – Ұйым) субсидия алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол ұсынады. Өтінім осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде мынадай құжаттармен және мәліметтермен бірге беріледі:

1

1) өтінім заңды тұлға арқылы берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға арқылы берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператор өкілі арқылы берілген жағдайда – туроператор мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

2 2) өтінім берілетін айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің (болуы/болмауы) туралы мәліметтер;

3

3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты билет немесе электрондық билет, маршруттық түбіртек және жолаушы купоны немесе әуе компаниясының билетті пайдаланғаны туралы анықтама-растау көшірмелері (бұдан әрі – кәмелетке толмаған жолаушы);

4 4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушы үшін);

5 5) кәмелетке толмаған жолаушының жақын туыстарымен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тасымалдауға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат (жақын туыс арқылы тасымалданған жағдайда);

6

6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 «Туристік қызмет көрсету бойынша үлгі шартты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жасалған туристік қызмет көрсету шартының (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген);

7 7) келу және ішкі туризм саласында туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

8 8) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған жолаушыларға көрсетілген туристік қызметтер туралы мәліметтер;

9 9) туристік қызмет көрсету шарты бойынша төлем фактісін растайтын кассалық чек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.

4 4. Өтінім әрбір туристік өнім бойынша жеке беріледі. Бір өтінімде екі немесе одан да көп туристік өнім бойынша мәліметтер мен (немесе) құжаттарды ұсынуға жол берілмейді.

5 5. Ұсынылған өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі – құжаттар пакеті) Ұйымға түскен күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және толықтығы бойынша қаралады.

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, Ұйым екі жұмыс күні ішінде туроператорға жазбаша хабарлама жолдау арқылы құжаттарды қайтарып береді және жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсетеді.
Қайтаруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, туроператор құжаттар пакетін қайта ұсынады.

6 6. Құжаттар пакеті толық болған жағдайда, Ұйым осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оларды түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда туроператорға субсидия төлеу туралы шешім;

2 2) осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім.

7 7. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, Ұйым туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

8 8. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді Ұйым осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ішкі туризм саласындағы туроператорға жолдайды.

9

9. Ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шараларды қабылдау нәтижелері бойынша, Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорды субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешім қабылдайды не ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

10 10. Қабылданған шешім туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

11 11. Ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешімнің негізінде уәкілетті орган субсидия сомасын Ұйымға аударады.

Ұйым уәкілетті органнан субсидия сомасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия сомасын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған ішкі туризм саласындағы туроператордың есеп айырысу шотына аударады.
Бұл ретте субсидия сомасын аударудың жалпы мерзімі, оның ішінде уәкілетті органның Ұйымға және Ұйымның ішкі туризм саласындағы туроператорға аударуы қоса алғанда, субсидия төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

12 12. Субсидия ішкі туризм саласында қызметін жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге енгізілген кәмелетке толмаған жолаушыға арналған билет құны бойынша төленеді.

13

13. Ұйым тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, уәкілетті органға қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, ішкі әуе бағыттары бөлінісінде бөлінген субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты электрондық түрде ұсынады.

14 14. Субсидияны бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Туристік өнімге қойылатын талаптар

15 15. Субсидияланатын туристік өнім келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1 1) ішкі туризм саласында қызметін жүзеге асыратын туроператор қалыптастырған және іске асырған;

2 2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған туристік қызмет көрсету шартымен ресімделген;

3 3) кәмелетке толмаған жолаушыны Қазақстан Республикасының аумағында ішкі әуе бағыты бойынша «Эконом» қызмет көрсету сыныбымен бару және қайту ұшуларын қамтитын бір әуе тасымалын қамтиды;

4 4) туристік өнім шеңберінде туроператор сатып алған кәмелетке толмаған жолаушыны туристерді орналастыру орындарында орналастыру бойынша кемінде 3 (үш) күн және 2 (екі) түн ұзақтықтағы қызметтерді қамтиды.

16 16. Туристік өнімге енгізілген билеттің құны, егер туристік өнім осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы шегінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау бөлігінде субсидиялауға жатады.

2-1 Субсидия алуға өтінім

Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Үлгі
кімге: _______________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 428 қаулысымен құрылған,
өтінімді қабылдайтын «Kazakh
Tourism» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы ұйымының
атауы)
Субсидия алуға өтінім
Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидия) бойынша өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

1 1. Туроператор туралы мәліметтер

Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________
нақты орналасқан мекенжайы ________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі _____________________________
кім бергені ________________________
берілген күні _______________________
тұрғылықты мекенжайы ______________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________

2 2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер

Лицензия № __________________ қосалқы түрі ____________________________
Лицензия алынған күні ____________

3 3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шоты__________________________

4 4. Төленуге жататын субсидияның алдын ала есебі____________ (_____________) теңге.

5 5. Өтінім берілетін туристік өнім туралы мәліметтер

1 1) ішкі әуе бағыты (жөнелту пункті – келу пункті) ____________________

2 2) әуе тасымалы кезіндегі қызмет көрсету сыныбы _______________

3 3) бару және қайту бағыты бойынша ұшу күндері ____________________

4 4) туристерді орналастыру орны туралы мәліметтер (орналастыру орнының атауы, мекенжайы) _______________________;

5 5) туристерді орналастыру орнына келу және шығу күндері ___________

6 6) туристік өнімнің ұзақтығы:

түндер саны _________, күнтізбелік күндер саны ________.

6 6. Осы Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1 1) ____________________________

2 2) ____________________________

3 3) ____________________________

4 4) ____________________________

5 5) ____________________________

6 6) ____________________________

7 7) ____________________________

8 8) ____________________________

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болып табылмайтынымды, «Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы» Заңға сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Осы өтінім берілген туристік өнімнің Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
__________________________________________________________
(туроператор басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күн 20____ жылғы «____» __________

2-2 Кәмелетке толмаған жолаушыларға көрсетілетін туристік қызметтер туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Үлгі
кімге: ________________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 428 қаулысымен құрылған,
өтінімді қабылдайтын «Kazakh
Tourism» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы ұйымының
атауы)
Кәмелетке толмаған жолаушыларға көрсетілетін туристік қызметтер туралы мәліметтер
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): ______________

Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы
Туристерді орналастыру орындарына кіру күні
Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні
Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) №
Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге
Төлеуге берілетін сома, теңге
1
БАРЛЫҒЫ
_____________________________________________________________________
(ішкі туризм саласындағы туроператор басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

3 Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 382 бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабы 20-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды айқындайды.

2

2. Туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі – субсидиялау) күтіп-ұстауға арналған субъектілердің шығындарының бір бөлігін субсидиялау туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдардағы санитариялық жағдайды тиісті деңгейде ұстау мақсатында жүзеге асырылады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын, тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

2

2) санитариялық-гигиеналық торап (бұдан әрі – СГТ) – туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдарда, автомобиль жолдары бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе жол бойындағы сервис объектісінің құрамына кіретін, санитариялық және гигиеналық рәсімдерге арналған абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс;

3 3) СГТ-ның іс жүзінде жұмыс істейтін кабинасы – СГТ құрамына кіретін және осы Қағидаларға сәйкес пайдалануға жарамды, тиісті жабдықталған және пайдалануға қолжетімді кабина;

4

4) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы;

5 5) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

4

4. Субсидиялауға объектінің үздіксіз жұмыс істеуін және тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты шығындар жатады, оның ішінде жинау, санитариялық-гигиеналық құралдар, дезинфекциялау, коммуналдық қызметтер, жарықтандыру, сумен жабдықтау, қалдықтарды шығару, шығыс материалдары және құрылыс, реконструкциялау және күрделі жөндеумен байланысты емес өзге де пайдалану шығындары қамтылады.

2 2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы СГТтарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі мен мөлшерін

5

5. Субсидия алуға СГТ- тың орналасқан жері бойынша кәсіпкерлік субъектісі күнтізбелік жыл ішінде ЖАО санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау туралы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.

6 6. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

1

1) заңды тұлға арқылы өтінім берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға арқылы берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өкіл арқылы берілген жағдайда – мүдделерді білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

2 2) меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын құжаттың көшірмесі;

3 3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерін фото- және бейнетіркеу материалдары;

4 4) СГТ осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтер.

7 7. 6-тармақта көрсетілген осы Қағидаларға сәйкес келіп түскен өтінімдер және оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті) ЖАО-да тіркеледі және олардың толықтығы, сондай-ақ 5-тармаққа сәйкестігі бойынша келіп түскен күнінен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаралады.

8 8. Ұсынылған құжаттар пакеті ЖАО-да мынадай жағдайларда қайтарылады:

1 1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзімдердің сақталмауы.

ЖАО құжаттар пакетін қайтаруды құжаттар пакетін қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде жазбаша хабарлама арқылы жүзеге асырады.
Құжаттар пакеті оның толық болмауы себебінен қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Хабарламада көрсетілген тізбе бойынша құжаттар пакеті толық болмауы жойылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта ұсынады.
Өтінім беру мерзімін сақтамау себебі бойынша құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде қайта ұсынады.

9 9. Түскен құжаттар топтамасын қарау үшін ЖАО кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

10 10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

11 11. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

12 12. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

13 13. Комиссия толық құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы;

2 2) осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы.

14 14. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

15 15. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

16 16. Өтінімді комиссияның қарауы үшін ЖАО СГТ оның орналасқан жері бойынша осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігіне тексеруді ұйымдастырады.

СГТ-ны тексеру комиссиямен кәсіпкерлік субъектісі өкілінің қатысуымен фото- және (немесе) бейнетіркеу арқылы жүргізіледі және тексеруді жүзеге асырған тұлғалар қол қоятын еркін нысандағы тексеру актісімен ресімделеді.

17

17. Кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы шешім шығарады немесе субсидиялаудан бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

18 18. Комиссия өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген мерзімдерде материалдарды қарайды және отырыстар өткізеді.

Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықтық заңды болып есептеледі.

19 19. Комиссия отырыстары қашықтан бейнебайланыс арқылы және (немесе) офлайн форматта өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

20 20. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда, шешуші дауыс комиссия төрағасының, ал төраға болмаған жағдайда төраға орынбасарының дауысы болып табылады.

21 21. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді.

22 22. Кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы комиссия шешімінің негізінде ЖАО оны СГТ күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесінің жобасына (бұдан әрі – жоба) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді және оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісуге жібереді.

23 23. Уәкілетті орган жобаны ол келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.

Егер жоба уәкілетті органның келісуінде 5 (бес) жұмыс күнінен астам уақыт болса және ол бойынша жауап ұсынылмаса, онда мұндай жоба әдепкі бойынша келісілді деп есептеледі.

24 24. Жоба келісілгеннен кейін ЖАО әкімдік қаулысымен СГТ күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

Бекітілген тізбе тиісті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

25 25. Бекітілген тізбені, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ЖАО олар бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

26 26. ЖАО өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, тізбеге енгізілген СГТ бойынша, субсидиялау мерзімі ішінде ай сайын 83 300 (сексен үш мың үш жүз) теңге мөлшерінде субсидия сомасын келесі айдың оныншы күніне дейін аударады.

27

27. ЖАО кәсіпкерлік субъектісінің қызметін және цифрлық жүйелер деректерін, ұсынылған есептілікті, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде алынған мәліметтерді қоса алғанда, өзге де ақпараттарды талдау арқылы СГТ-ның жұмыс істеуіне мониторинг жүргізеді.

28

28. Мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптардың бұзылуы, оның ішінде СГТ нақты жұмыс істеп тұрған кабиналар санының азаюы анықталған жағдайда, ЖАО 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.

29

29. Хабарлама алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісі мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бұл СГТ-ны тізбеден шығару және мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап субсидиялауды тоқтату туралы комиссия шешім қабылдауға негіз болып табылады.

30 30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген комиссия шешімінің негізінде ЖАО 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізбеге тиісті өзгерістер енгізеді.

31 31. Кәсіпкерлік субъектісі СГТ-ның осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін субсидиялау кезеңінің бүкіл мерзімі ішінде, сондай-ақ СГТ нақты жұмыс істеп тұрған кабиналарының саны мен функционалдық мақсатын сақтауды қамтамасыз етеді.

СГТ-ның осы Қағидалардың 3-тарауы талаптарына сәйкестігіне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі мұндай мән-жайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖАО-ны жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.

32

32. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты тізбеге енгізілген СГТ бөлінісінде уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

3 3-тарау. Күтіп ұстауға арналған шығындары субсидиялауға жататын СГТ қойылатын талаптар

33 33. Туристік ресурстарда және оларға баратын жолдар бойында СГТ-тарды күтіп-ұстауға арналған кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялауға СГТ жатады, олар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1 1) туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдар бойында автомобиль жолдарының бойында және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасуы;

2 2) кәсіпкерлік субъектісінде меншік құқығында не өзге де заңды негізде болуы;

3 3) іс жүзінде жұмыс істеуі және мақсаты бойынша пайдаланылуы;

4 4) іс жүзінде жұмыс істейтін кемінде үш кабинаны, оның ішінде ерлерге арналған кемінде бір кабинаны, әйелдерге арналған кемінде бір кабинаны және мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін кемінде бір кабинаны қамтуы;

5 5) унитаздармен, қолжуғыштармен, желдету, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталуы;

6 6) субсидиялау кезеңінде тиісті санитариялық жағдайда күтіп-ұсталуы.

3-1 Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялауға өтінім

Туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Үлгі
кімге: __________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен: ________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялауға өтінім
Санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі – СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидия алу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер
Заңды тұлға үшін: БСН __________________;
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________;
нақты орналасқан мекенжайы __________________;
телефон нөмірі __________________;
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі __________________.
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________;
ЖСН __________________;
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі __________________;
кім бергені __________________;
берілген күні/қолданылу мерзімі __________________;
тұрғылықты мекенжайы __________________;
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі __________________;
ұялы телефон нөмірі __________________.
2. СГТ туралы мәліметтер
сипаттамасы __________________;
орналасқан мекенжайы __________________;
географиялық координаттары __________________;
аумақтық тиесілілігі __________________;
пайдалануға берілген күні __________________;
іс жүзінде жұмыс істейтін кабиналардың жалпы саны _________________;
оның ішінде: ерлерге арналған __________________;
әйелдерге арналған __________________;
мүгедектігі бар адамдарға арналған __________________;
субсидиялау мерзімі __________________.
3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері_________________________________________________________
4. Туристік ресурстарда және оларға баратын жолдарда орналасқан СГТ күтіп-ұстауға арналған кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялау Қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ шығындары субсидиялауға жататын СГТ-тарға қойылатын талаптарға сәйкес 6-тармаққа сай өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):
1) ____________________________________________
2) ____________________________________________
3) _________________________________________
4) __________________________________________
5) __________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы» Заңға сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын, сондай-ақ заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтінімде көрсетілген СГТ осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келетінін, субсидиялаудың бірыңғай объектісі болып табылатынын растаймын және субсидиялау кезеңі ішінде оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге әрі тексеру жүргізу үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі, іс жүзінде жұмыс істейтін кабиналар саны немесе СГТ-ның Қағидалардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігіне әсер ететін өзге де мән-жайлар өзгерген жағдайда, жергілікті атқарушы органға 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
_________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
20____ жылғы «____» __________

3-2 Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесі

Туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Үлгі
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесі

Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі
СГТ ор­на­лас­қан же­рі
СГТ гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры
СГТ аумақ­тық ти­е­сі­лі­лі­гі
Пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Іс жү­зін­де жұ­мыс іс­тей­тін ка­би­на­лар са­ны*
Суб­си­ди­я­лау мер­зі­мі **
Тіз­бе­ге ен­гі­зу негі­зі
Ескертпе:
* санитариялық-гигиеналық тораптың орналасқан аумағы (туристік ресурстарда және (немесе) оларға апаратын автомобиль жолдары бойында және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда).
** күнтізбелік жыл ішінде субсидиялау кезеңі көрсетіледі.

4 Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 386 бұйрығымен бекітілген
Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 20-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) басым туристік аумақ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шегін айқындайтын туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ;

2 2) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3 3) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қатысушылар) басым туристік аумақтардың қатысушылары болып табылады.

2 2-тарау. Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару тәртібі

4 4. Басым туристік аумақтар туристік әлеуетті талдау (бұдан әрі – талдау) нәтижелері бойынша ЖАО қалыптастырылады.

5 5. ЖАО басым туристік аумақтың ерекше маңызы мен әлеуетінің болуын айқындауды қамтитын талдау жүргізеді.

6 6. ЖАО талдау нәтижелерін басым туристік аумақтардың тізбесін қалыптастыру үшін ЖАО құратын тұрақты жұмыс істейтін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді.

Комиссия мүшелерінің саны тақ болып, кемінде жеті адамнан тұрады, олардың арасынан комиссияның төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, жұртшылық өкілдері және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

7 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

8 8. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

9 9. Комиссия туралы ереже мен оның дербес құрамы ЖАО бекітіледі.

10 10. Комиссия ЖАО талдау нәтижелерін енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарап, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) басым туристік аумақтар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізу туралы;

2 2) тізбеге енгізуден бас тарту туралы;

3 3) тізбеден шығару туралы.

11 11. ЖАО жүргізген талдаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері тізімге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

12 12. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі

13 13. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және олар аудио және (немесе) бейнежазбаға түсірілуге жатады.

14 14. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделеді.

15 15. Комиссияның тізбеге енгізу туралы шешімі негізінде ЖАО тізбені бекітеді және оны комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

16

16. Басым туристік аумақтардың жұмыс істеуі үшін ЖАО Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген инвестициялық преференциялар беру арқылы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін қатысушыларға жағдайлар жасайды.

17

17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда басым туристік аумақтардың жұмыс істеуі рекреациялық орталықтарды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсететін басқа да объектілерді пайдалану, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу, рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, демалу, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында демалу тұрақтарын және тамашалау алаңдарын орнату арқылы жүзеге асырылады.

18 18. Басым туристік аумақтар шекараларының шегін, сондай-ақ оларды өзгертуді ЖАО айқындайды.

19 19. Басым туристік аумақты басқаруды ЖАО «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жер бойынша басым туристік аумақты басқаруды уәкілетті орган «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

20 20. Басым туристік аумақты тізімнен алып тастау осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген талдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

5 Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 387 бұйрығымен бекітілген
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың тәртібі мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) туристерді орналастыру орындары – туризм объектілері, қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша орналастыру мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын өзге де ғимараттар мен құрылыстар;

2 2) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3

3) туристік операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ілгерілету және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, оның ішінде ішкі және келу туризмі саласында туристік агенттер арқылы және тікелей туристерге туристік өнімді өткізу қызметі;

4 4) туристік өнім – туристің саяхат кезінде қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті барлық қажетті туристік қызметтердің жиынтығы;

5 5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

2 2-тарау. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың тәртібі мен мөлшері

3

3. Субсидияны алу үшін келу туризмі саласындағы туроператор ағымдағы жыл ішінде шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының орналасқан жері бойынша ЖАО-ға өтінім берілген кезге дейін ағымдағы жылында өткізілген туристік өнімнің көрсетілген қызметтері үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) жібереді.
Өтінімге келесі көрсетілетін құжаттар қоса беріледі:

1

1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхатты қосымша ұсынады;

2 2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

3 3) жөнелтуші тарап туроператорының мөрімен расталған шетелдік туристер тізімін қоса бере отырып, резидент емес туроператормен туристік қызмет көрсетуге арналған әріптестік шарттың (бұдан әрі - Шарт) көшірмесі;

4 4) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

5 5) Шарт бойынша банктік құжат немесе туристік өнімге ақы төлеу туралы фискалдық чек;

6 6) шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының мөрімен расталған руминг-парақ.

4 4. Туроператордан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін ЖАО-да өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия тақ саннан тұратын құрамда құрылады, мүшелерінің саны кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

5 5. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

6 6. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

7 7. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

8 8. Келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген, ЖАО-да тіркеледі және түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы бойынша қаралады.

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, ЖАО оларды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде келу туризмі саласындағы туроператорға жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып қайтарады.
Құжаттар пакетінің толық еместігі жойылған жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператор құжаттар пакетін қайта ұсынады.

9 9. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда, ЖАО-мен қайтарылады.

10 10. Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар пакеті толық болған жағдайда, комиссия олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1

1) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кетпеген, олардың осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауының сәйкестігі, шетелдік туристтің туристерді орналастыру орындарында кемінде 7 (жеті) күн және 6 (алты) түн тұруы расталған, сондай-ақ туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристтің «е-Hotel» («е-Qonaq») цифрлық жүйесі арқылы тіркелуі расталған жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы;

2 2) осы тармақтың 1) тармақшасында және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы.

11 11. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

12 12. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

13

13. Туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауында көзделген құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша, ЖАО туроператорды субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша туроператордың өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау туроператор хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО туроператорға субсидия төлеу туралы шешім шығарады немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

14 14. Комиссия өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде материалдарды қарайды және отырыстар өткізеді.

Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықтық заңды болып есептеледі.

15 15. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

16 16. Комиссия туроператорға субсидия төлеу немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – төраға орынбасарының дауысы шешуші болады.

17

17. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдер шеңберінде, ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі туроператорға жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

18 18. Комиссия шешімі негізінде ЖАО туроператорға субсидия төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күні ішінде әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде субсидия сомасын екінші деңгейдегі банкте ашылған, өтінімде көрсетілген есеп айырысу шотына аударады.

19 19. Субсидияны бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Келу туризмі саласындағы туроператорлардың әрбір шетелдік турист үшін шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын талаптар

20 20. Келу туризм саласындағы туроператорлардың әрбір шетелдік турист үшін шығындарын субсидиялау мынадай талаптар сақталған кезде:

1 1) туроператорда кірме және ішкі туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болуы;

2 2) Келу туризм саласында қызметін жүзеге асыратын туроператордың шетелдік туристке туристік өнімді өткізуі және шетелдік туристің сатып алынған туристік өнім бойынша Қазақстан Республикасына кейіннен келуі;

3 3) шетелдік туристке туристік өнімнің құрамына кіретін қызметтердің, оның ішінде орналастыру қызметтерінің және (немесе) өзге де туристік қызметтердің іс жүзінде көрсетілуі;

4 4) шетелдік туристің туристерді орналастыру орындарында тұрған фактісін руминг-лист және (немесе) осы Қағидаларда көзделген өзге де құжаттар арқылы растау;

5 5) туристік өнім үшін төлем жасалғанын растайтын құжаттың (банктік құжаттың және (немесе) фискалдық чектің) болуы;

6 6) шетелдік туристің Қазақстан Республикасының аумағында болған фактісін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен растау.

240 Келу туризмі саласындағы әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялауға өтінім

Келу туризмі саласындағы әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларына
қосымша
Үлгі
кімге: ___________________
(өтінімді қабылдайтын ЖАО атауы)
кімнен ___________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты) (ол болған жағдайда)
Келу туризмі саласындағы әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялауға өтінім
Келу туризмі саласындағы әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялауға өтінімді (бұдан әрі – субсидия) қарауды сұраймын.

1 1. Туроператор туралы мәліметтер

Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
Заңды тұлғаның нақты орналасқан жері _____________________
ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі______________________________
Жеке тұлға үшін:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
Нөмірі _________________________________________
Кім берген ____________________________________
Берілген күні ____________________________________
Тұрғылықты мекенжайы __________________________
ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі _____________________________

2 2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер:

Лицензия № ____________________________________
Ішкі түрі (подвид) ________________________________________
Лицензия алған күні _________________________

3 3. Екінші деңгейдегі банктің атауы, екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шоты:

4 4. Шетелдік турист(тер) туралы жалпы мәліметтер:

№ р\с
Шетелдік туристтің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Шетелдік туристтің Қазақстан Республикасында болу кезеңі
1.
2.
3.

5 5. Құжаттық субсидияның алдын ала есебі ___________ (_________________) теңге.

6 6. Қағидалардың 3-тармағына және 3-тарауына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің, сондай-ақ субсидиялау мөлшерінің, келу туризмі саласындағы туроператорлардың әрбір шетелдік турист үшін шығындарын субсидиялауға қойылатын талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

1 1)__________________________

2 2)___________________________

Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, соның ішінде «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
___________________________________
(жеке тұлғаның қолы немесе заңды тұлғаның атауы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күні 20 жылғы «____» __________

6 Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 407 бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-16) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

3 3. Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға байланысты субъектілердің шығындарының бір бөлігін өтеуге осы бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жабдықтар мен техника жатады.

2 2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

4

4. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін кәсіпкерлік субъектісі мәлімделген тау-шаңғы курорты орналасқан жер бойынша тиісті күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін ЖАО-ға осы Қағидалардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда жолдайды.

5 5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

1

1) өтінім заңды тұлға тарапынан берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, өтінім жеке тұлға тарапынан берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі арқылы берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

2 2) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар немесе сатып алу-сату шарты, кредит арқылы сатып алынған жағдайда – кредит шарты).

Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес шетелдік өндірушіден немесе сатушыдан, электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдаланбай сатып алған жағдайда, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес үшінші елдерден) немесе Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесімен расталады;

3 3) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сататын кәсіпкерлік субъектісі мен сатып алушы кәсіпкерлік субъектісі арасындағы қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;

4 4) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың техникалық паспорттарының көшірмелері;

5 5) шаңғы курортына меншік құқығын немесе өзге де заңды негізде иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

6 6) жеткізілгеннен кейін, сондай-ақ монтаждау және орнату жұмыстарынан кейін техникалық құралдармен түсірілген шаңғы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканың фото және бейнефиксация материалдары;

7 7) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығының өсу динамикасын растайтын үзінді-көшірме.

Осы тармақтың 7) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап үш жылдан аз қызметті жүзеге асыратын субъектілерге.

6 6. ЖАО-ға келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және олардың толықтығы тұрғысынан қаралады.

7 7. Ұсынылған құжаттар пакеті мына жағдайларда ЖАО-мен қайтарылады:

1 1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.

ЖАО құжаттар пакетін келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама арқылы кәсіпкерлік субъектісіне қайтарады.
Құжаттар пакеті толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Көрсетілген тізбе бойынша кемшіліктер жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Құжаттар пакеті өтінім беру мерзімдерінің сақталмауына байланысты қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде қайта береді.

8 8. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

9 9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

10 10. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

11 11. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

12 12. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Құжаттар топтамасын қарау нәтижелері бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы;

2 2) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

13 13. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

14 14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

15

15. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін алдын ала бас тарту туралы шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау субъект хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім шығарады немесе шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

16 16. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

17 17. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.

18 18. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

19 19. Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

20 20. Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың құнының, осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде өтеу жүзеге асырылады.

21 21. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Шетел валютасында жұмсалған шығындар жабдықтар мен техниканы сатып алу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша қайта есептелуге жатады.

22

22. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну және қарау қағидаларына» сәйкес, қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

23 23. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

1 1) қызметкерлер санын ұлғайту;

2 2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 – 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

24 24. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) кешіктірмей, уәкілетті органға қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты электрондық түрде ұсынады.

25 25. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

290 Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім

Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
қосымша
Үлгі
кімге: ______________________
(ЖАО атауы)
кімнен:
___________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

1 1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

Заңды тұлға үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________ нақты орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________ ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі _____________________________
Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________ кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастау туралы хабарлама нөмірі __________________
жеке басты куәландыратын құжат: нөмірі_________________________________________________ кім бергені __________________ берілген күні ____________________ тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________________ ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі ______________________________

2 2. Тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтар туралы мәліметтер:


Тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтардың атауы
Бағасы
(теңге)
Саны (бірлік)
1
2
3

3 3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотының деректемелері: _______________________________

4

4. Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың, кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу мөлшерінің, сондай-ақ сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелуге жататын тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникенің тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

1 1)_______________________________

2 2)_______________________________

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде «Қалпына келтіру және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
___________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр қою орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күні: 20_ жылғы «____» __________

7 Сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігі өтелуге тиісті тау-шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың тізбесі

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 407 бұйрығымен бекітілген
Сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігі өтелуге тиісті тау-шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың тізбесі

1 1. Арқан жолдары (травелаторлар (лента түріндегі көтергіштер), буксирлік (ілмекті көтергіш), арқанды-орындық жол, гондолалы жол (кабина түрінде), комби (аралас жол: кабина және орындық), бейби-лифт (тірексіз ілмекті көтергіш);

2 2. Трассаларды жасанды қармен жабдықтау жүйесі (жылжымалы қар генераторлары, стационарлық қар генераторлары, қар зеңбіректері мен қар пистолеттері);

3 3. Қар тығыздаушы техника (ратрактар).

8 Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 411 бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

2

2) құрылыс қызметі (құрылыс) – жаңа объектілерді салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) тұрғызу, сондай-ақ өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет; бұған құрылыс объектілерімен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау және ресурсын аяқтаған құрылыс объектілерін постутилизациялау бойынша жұмыстар жатады;

3 3) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін

3

3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін тіркелген жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық түрде, пошта арқылы не қолма-қол тапсыру тәртібімен күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін жолдайды.

4 4. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін (бұдан әрі – ЖБО) салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі осы бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ЖБО-ға өтелуге жатады.

5 5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:

1

1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;

2 2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

3

3) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

4 4) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;

5 5) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.

Осы тармақтың 5 тармақшасының ережесі:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99–101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
мен оларға қоса берілетін құжаттар, сондай-ақ мәліметтер (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, ЖАО-да олардың толықтығы тұрғысынан келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және қаралады

7 7. Ұсынылған құжаттар пакеті ЖАО-да, мынадай жағдайларда қайтарылады:

1 1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.

ЖАО құжаттар пакетін қайтару туралы себептерін көрсете отырып, оны кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама арқылы құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Құжаттар пакеті оның толық болмауы себебінен қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Кәсіпкерлік субъектісі хабарламада көрсетілген тізбе бойынша құжаттар пакетін толықтырғаннан кейін өтінімді қайта береді.
Құжаттар пакеті өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде қайта береді.

8 8. Кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

9 9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

10 10. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

11 11. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

12 12. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Құжаттар топтамасын қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

2 2) осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

13 13. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

14 14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

15

15. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келмеу негіздері анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша кәсіпкерлік субъектісінің өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже шығарады немесе шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

16 16. Комиссия материалдарды қарайды және өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзімдерде отырыстар өткізеді.

Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

17 17. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

18 18. Комиссия шығындардың бір бөлігін өтеу немесе өтеуден бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.

19 19. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

20 20. Хаттама негізінде ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеу үшін бюджет өтінімін толық көлемде қалыптастырып, уәкілетті органға күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін жолдайды.

21 21. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтініміне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.

22 22. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтініміне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.

23 23. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері ЖБО құрылыс құнының жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама қорытындысында көрсетілген мөлшерінің он пайызы көлемінде белгіленеді.

24 24. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.

25 25. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат жергілікті бюджетке түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына тиісті сомаларды аударады.

26 26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

1 1) қызметкерлер санын ұлғайту;

2 2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

27 27. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

28 28. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Жол бойындағы сервис объектілерінің қойылатын талаптар

29 29. ЖБО құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігі ЖБО мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:

1 1) республикалық және (немесе) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдарда орналасуы;

2 2) кәсіпкерлік субъектісінің меншігінде болуы;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілуі;

4 4) нақты жұмыс істеп тұруы және мақсатына сай пайдаланылуы;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларының қамтамасыз етілуі;

6 6) оны пайдалану үшін қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.

353 Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім

Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
қосымша
кімге:
____________________________
(ЖАО атауы)
кімнен:
____________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім
Тау шаңғысы курорттарына арналған объектілерді салу бойынша емес, жол бойындағы сервис объектілерін (бұдан әрі – ЖБО) салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

1 1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _______________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________
нақты орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі ______________ кім бергені ____________________
берілген күні/қолданылу мерзімі ______________________________________
тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі _________________________________________

2 2. ЖБО туралы мәліметтер:

ЖБО атауы ____________________________________________
қаржыландыру көзі _______________________________________
ЖБО орналасқан мекенжайы _________________________________________

3 3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотының деректемелері:

_________________________________________.

4 4. Қағидалардың 5 және 29-тармақтарына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу мөлшерінің, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

1 1. __________________________________________________________

2 2. __________________________________________________________

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде «Қалпына келтіру және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр қою орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күні 20____ жылғы «____» __________.

9 Кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 411 бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі

1 1. Мотельдер;

2 2. Қонақ үйлер;

3 3. Кемпингтер;

4 4. Техникалық қызмет көрсету станциялары (тқс);

5 5. Жанармай құю станциялары (жқс);

6 6. Қоғамдық тамақтандыру пункттері (кафе, асханалар, мейрамханалар);

7 7. Сауда объектілері (дүкендер, сауда павильондары, шағын маркеттер);

8 8. Демалыс және қысқа мерзімді болу объектілері (демалыс аймақтары, кемпинг алаңдары, автотұрақтар).

10 Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығымен бекітілген
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес әзірленген және туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде басшылықты және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанадағы аумақтық бөлімшелері;

2 2) уәкілетті орган – туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) туристік қызмет – туристік қызметтер көрсету жөніндегі жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі.

2 2-тарау. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

3

3. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін кәсіпкерлік субъектісі тіркелген орны бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол 1 маусымға дейінгі мерзімде жолдайды.

4 4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

1

1) өтінімді заңды тұлға берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, өтінімді жеке тұлға берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі берген жағдайда қосымша кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариат куәландырған сенімхат ұсынылады;

2 2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің бар-жоғы туралы, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған мәліметтер;

3 3) автомобиль көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (бұдан әрі – автокөлік құралы);

4 4) жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, ал автокөлік құралы кредитке сатып алынған жағдайда – кредит шарты).

Электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден автокөлік құралы сатып алынған жағдайда, автокөлік құралын сатып алуға жұмсалған шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінген жағдайда) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі қойылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – Салық кодексі) расталады;

5 5) сатып алынған автокөлік құралының фото және бейнефиксация материалдары;

6 6) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсімінің серпінін растайтын үзінді көшірме.

Осы тармақтың 6) тармақшасының күші:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне;
мемлекеттік тіркелген сәттен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды;

7 7) автокөлік құралын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды растайтын құжаттар (туристік қызметттер көрсетуге арналған шарттардың көшірмелері, жол парақтары, жолаушыларды тасымалдау қызметінің басталғаны туралы хабарлама).

5 5. Келіп түскен өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес материалдар (бұдан әрі – құжаттар пакеті) тіркеледі және олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО олардың толықтығына қарайды.

Кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, ЖАО осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, оларды кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама арқылы қайтарады.
Құжаттар пакетінің толық еместігі жойылған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

6 6. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

7 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

8 8. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

9 9. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

10 10. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

2 2) осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

11 11. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

12 12. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

13

13. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер 4-тармақ пен осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін алдын ала бас тарту туралы шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша кәсіпкерлік субъектісінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламадан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже не шығындардың бір бөлігін өтеуден уәжді бас тарту туралы жауап береді.

14 14. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

15 15. Комиссия кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу немесе шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы шешімді комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының, ал ол болмаған жағдайда комиссия төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

16 16. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады.

17

17. Хаттама негізінде ЖАО тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтінімін толық көлемде, күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген бюджет өтінімін жасау, ұсыну және қарау қағидаларында көзделген тәртіппен қалыптастырады.

18 18. Шығындардың бір бөлігін өтеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

19 19. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері автокөлік құралдарының құнының 25 (жиырма бес) пайызын құрайды.

20 20. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Шетел валютасында жұмсалған шығындар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша автокөлік құралын сатып алған күнге қайта есептеледі.

21 21. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, жергілікті бюджетке қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

22 22. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кәсіпкерлік субъектісі алған автокөлік құралын мақсатсыз пайдалануға және оны сатып алғаннан кейін бес жыл ішінде иеліктен шығаруға жол бермейді.

23 23. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігі өтелген күннен бастап бес жыл ішінде автокөлік құралын иеліктен шығарған жағдайда, ЖАО сотқа жүгіну арқылы өтелген сомаларды қайтару шараларын қабылдайды.

24

24. Кәсіпкерлік субъектісі күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жыл сайын ЖАО-ға автокөлік құралын пайдалану туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан алынған автокөлік құралының бар-жоғы (жоқтығы) туралы мәліметтерді ақпарат беруге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

25 25. ЖАО жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейін уәкілетті органға:

1 1) жиынтық ақпаратты;

2 2) кәсіпкерлік субъектілері тарапынан автокөлік құралдарын иеліктен шығару фактілерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынады. Иеліктен шығару фактілері болған жағдайда, қайтарылуға жататын сомаларды көрсете отырып мәліметтер ұсынылады.

26 26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

1 1) қызметкерлер санын ұлғайту;

2 2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

Осы тармақтың 2) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

27 27. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

28 28. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігі өтелуге тиісті көлік құралдарына қойылатын талаптар

29 29. Автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігі мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:

1 1) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі сатып алған;

2 2) кәсіпкерлік субъектісінің меншік құқығында болуы;

3 3) жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны сегізден асатын автокөлік құралы болуы;

4 4) автокөлік құралының шығарылған жылын қоса алғанда жасы бес жылдан аспауы және бұрын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған болуы;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен болуы;

6 6) іс жүзінде туристік қызметті жүзеге асыру және туристерді тасымалдау үшін мақсаты бойынша пайдаланылуы;

7 7) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жағдайларын қамтамасыз етуі.

30 30. «Автомобиль транспорты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, соның ішінде толық қолмен басқарылатын, оң жақ рульді басқаруы бар арнайы басқарылатын автокөлік құралдарының шығындарының бір бөлігі өтелуге жатпайды.

10-1 Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім

Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыру шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
1-қосымша
кімге: _____________________
(ЖАО атауы)
Кімнен:
__________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім
Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыруы шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыруға арналған орын саны сегізден асатын автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімді қарауыңызды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________
нақты орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі___________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ___________________________________________________________________
кім берген ________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________________________.
2. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін растайтын құжаттар
Заңды тұлға үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі және
берілген күні: __________________________________________________________________.
Жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама нөмірі: _____.
3. Автомобиль көлік құралы туралы мәліметтер:
сипаттамасы ______________________________________________________________
сатып алу сомасы (жазбаша, теңгемен) ________________________________________
қаржыландыру көзі _________________________________________________________
өткізу (орналасқан) мекенжайы _______________________________________________.
4. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотының деректемелері: __________________________________________________.
5. Өтем сомасының алдын ала есебі: ______________________________________.
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыруға арналған орын саны сегізден асатын автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ 4-тармаққа сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне және шығындарының бір бөлігі өтелуге жататын көлік құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):
1)__________________________________________________________________;
2)___________________________________________________________________.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсімінде еместігімді растаймын және дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ақпаратты беруге келісім беремін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
___________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күні: 20_ жылғы «__» __________

10-2 Кәсіпкерлік субъектісінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға байланысты шығындарының бір бөлігін өтеу алғаннан кейін автокөлік құралын пайдалану туралы күнтізбелік жыл бойынша ақпарат

Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыру шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
2-қосымша
Кәсіпкерлік субъектісінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға байланысты шығындарының бір бөлігін өтеу алғаннан кейін автокөлік құралын пайдалану туралы күнтізбелік жыл бойынша ақпарат
№ р/с
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы
Автомобиль көлік құралымен қызмет көрсетілген туристер мен туристік маршруттардың саны (айлар бойынша бөліністе)
*Кәсіпкерлік субъектісі мен туристер арасында жасалған шарттардың нөмірлері
**Туристік маршруттардың сипаттамасы
1
2
3
4
5
Ескертпе:
* Шарттардың көшірмелерін растау үшін есепке қоса беріледі.
** Туристік маршруттардың сипаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) автокөлік құралының маркасы, орын саны;
2) турдың ұзақтығы;
3) маршрут өтетін учаскелер.
________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр қою орны (бар болған жағдайда)
20___ жылғы «___» __________

11 Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
11-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 415 бұйрығымен бекітілген
Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды айқындайды (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу).

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;

2

2) құрылыс қызметі (құрылыс) – өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жаңа объектілерді салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) арқылы құру, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (демонтаждау), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау және ресурсы таусылған құрылыс объектілерін постутилизациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру қызметі;

3 3) реконструкциялау – әдетте жаңарту және жаңғырту қажеттілігімен байланысты ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге бөліктерін немесе ғимаратты тұтастай өзгерту;

4 4) танытым орталығы – туристік әлеует туралы ақпарат таратуға және туристік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған ғимарат, құрылысжай не үй-жай болып табылатын туризм объектісі;

5 5) туристерді орналастыру орындары – қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын өзге де ғимараттар мен құрылыстар болып табылатын туристік объектілер.

2 2-тарау. Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

3

3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін мәлімделген танытым орталығының немесе туристерді орналастыру орнының орналасқан жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол 1 маусымға дейін жолдайды.

4 4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса мыналарды ұсынады:

1

1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері; жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүддесін білдіруге арналған нотариалды куәландырылған сенімхат;

2

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша танытым орталығы мен туристерді орналастыру орнын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

3 3) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жобаларға сараптаманың оң қорытындысы бар мәлімделген танытым орталығы пен туристерді орналастыру орнының жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;

4 4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген танытым орталығы пен туристерді орналастыру орнының фото және бейнетіркеу материалдары;

5 5) соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі қосылған құн салығының өсу динамикасын растайтын үзінді-көшірме.

Осы тармақтың 5) тармақшасының күші мына кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын;
франшиза негізінде халықаралық қонақүй желілерінің 3, 4 және 5 «жұлдызды» санаттағы қонақүйлерін салу және (немесе) кеңейту, және (немесе) реконструкциялау, және (немесе) жабдықпен жарақтандыру жобаларын іске асыратын субъектілер.

5 5. Келіп түскен өтінімдер және оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ЖАО-да тіркеледі және олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаралады.

6 6. Ұсынылған құжаттар пакеті мына жағдайларда ЖАО-да қайтарылады:

1 1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2 2) осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.

ЖАО құжаттар пакетін олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама арқылы кәсіпкерлік субъектісіне қайтарады.
Құжаттар пакеті толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар пакетіндегі олқылықтар жойылған кезде, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінімді беру мерзімдері сақталмағанына байланысты құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінімді қайта береді.

7 7. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

8 8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

9 9. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

10 10. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

11 11. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

2 2) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына және 3-тарауына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

12

12. Осы Қағидалардың 4-тармағында және 3-тарауында көзделген құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісін шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша өз позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтижені не шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

13 13. Усынылған құжаттар мен мәліметтердің шынайылығына және (немесе) төлнұсқалығына күмән туындаған кезде ЖАО туындаған күмәндарды жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды өз бетінше қабылдайды.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

14 14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

15 15. Комиссия материалдарды қарайды және өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзімдерде отырыстар өткізеді.

Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықтық заңды болып есептеледі.

16 16. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

17 17. Комиссия кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу немесе өтеуден бас тарту туралы шешімді комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.

18 18. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

19

19. Хаттама негізінде ЖАО Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, қарау қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде толық көлемде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

20 20. Шығындардың бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен жүзеге асырылады.

21

21. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салуға және (немесе) реконструкциялауға жұмсалған шығындар құнының он пайызын құрайды.

22 22. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.

23 23. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, жергілікті бюджетке қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

24 24. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

1 1) қызметкерлер санын ұлғайту;

2 2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

Осы тармақтың күші франшиза негізінде халықаралық қонақ үй желілерінің 3, 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлерін салу және (немесе) кеңейту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтау жобаларын іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Осы тармақтың 2) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

25 25. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

26 26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарына қойылатын талаптар

27 27. Визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың бір бөлігі келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:

1 1) туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдарда, туристік маршруттарда және (немесе) аумақтарда орналасуы;

2 2) кәсіпкерлік субъектісінің меншігінде болуы;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілуі;

4 4) нақты жұмыс істеп тұруы және мақсатына сай пайдаланылуы;

5 5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларымен қамтамасыз етілуі;

6 6) оларды пайдалану үшін қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;

7 7) туристерге қызмет көрсету үшін қажетті үй-жайлармен және жағдайлармен қамтамасыз етілуі.

482 Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім

Туристік объектілерге қатысты танытым орталығытар мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
қосымша
Нысан
кімге: ______________________
(ЖАО атауы)
кімнен
___________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)
Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Осы арқылы туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________
нақты орналасқан мекенжайы ___________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________
кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастау туралы хабарламаның нөмірі ___________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ___________ кім бергені _________ берілген күні _____________________
тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі __________________________________________
2. Туристік қызмет объектісі туралы мәліметтер:
сипаттамасы: ___________________________________________________________
құрылыс құны (жобалау-сметалық құжаттамаға берілген оң сараптама
қорытындысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
пайдалануға беру актісіне сәйкес) ____________________________
қаржыландыру көзі: ________________________________________
объектінің орналасқан мекенжайы: ______________________________________
3. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейлі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері: _____________________________________________________
4. Өтемақы сомасының алдын ала есебі ___________________________
5. Визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ 4-тармаққа сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________;
4) ____________________________________________;
5) ____________________________________________.
Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, оның ішінде банкрот болып табылмайтынымды, «Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы» Заңға сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
______________________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Өтінім берілген күн: 20___ жылғы «____» __________

12 Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
12-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 415 бұйрығымен бекітілген
Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;

2

2) жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

3 3) туристерді орналастыру орындары – туризм объектілері, қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша орналастыру мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын өзге де ғимараттар мен құрылыстар;

4 4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5 5) шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілі екендігінің дәлелі бар адамдар;

6 6) шетел азаматтары үшін туристік жарна операторлары (бұдан әрі – операторлар) – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын ұсынатын тұлғалар;

7 7) шетел азаматтары үшін туристік жарна – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.

2 2-тарау. Шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі

3 3. Шетел азаматтары үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынады (бұдан әрі – туристік жарна).

Төленуге тиіс туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді.
Туристік жарнаны төлеушілер шетел азаматтары немесе шетел азаматының тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) болып табылады.

4 4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.

5 5. Туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады.

6 6. Туристік жарна мөлшерлемесінің мөлшері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы өзекті статистикалық деректер негізінде айқындалады.

Бұл ретте осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мөлшер шегінде, бірақ жылына екі реттен жиі емес, маусымдыққа байланысты туристік жарна мөлшерлемесін өзгертуге жол беріледі.

7 7. Операторлар туристік жарнаны шетел азаматтарын орналастыру орындарында тіркеу кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде алады.

Бұл ретте операторлар шетел азаматтарын немесе шетел азаматы үшін туристік жарнаны төлейтін тұлғаларды орналастыру орындарында тіркеуге дейін туристік жарна туралы хабардар етеді.

8 8. Шетел азаматы немесе шетел азаматы үшін туристік жарнаны төлеген жеке не заңды тұлға орналастыру орнынан кеткен кезде оператор туристік жарнаның төленгенін растайтын құжат береді.

9 9. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес шетел азаматтары үшін туристік жарна астана, республикалық маңызы бар қала және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсім болып табылады.

10 10. Операторлар төленген туристік жарнаның есебін жүргізеді және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей туристік жарнадан түскен сомаларды жергілікті бюджетке аударады.

11 11. Жергілікті атқарушы орган туристерді өзінің ресми интернет-ресурсы және әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарда (вокзалдарда, әуежайларда) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде туристік жарнаны төлеу қажеттігі туралы хабардар етеді.

Қолданыстағы