Об утверждении Правил, размеров и сроков внесения банками и филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан обязательных денежных взносов для возмещения (покрытия) убытков (средств), возникших (использованных) в результате урегулирования системно значимого банка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, размеров и сроков внесения банками и филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан обязательных денежных взносов для возмещения (покрытия) убытков (средств), возникших (использованных) в результате урегулирования системно значимого банка
- Атауы (қаз.)
- Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидаларын, мөлшерлері мен мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228450_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039474
- ЭКБ идентификаторы
- 228450
- Редакция идентификаторы
- I228450_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:31
0 Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидаларын, мөлшерлері мен мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері мен мерзімдері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.
1 Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері мен мерзімдері
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк
Төрағасының міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 97 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттік
Төрағасының м.а.
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 114 бірлескен
қаулысымен бекітілген
Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент
банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу
салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты)
өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері мен мерзімдері
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидалары, мөлшерлері мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 100-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленген және банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналарды енгізу тәртібін, мөлшерлері мен мерзімдерін айқындайды.
2 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы міндеттемелерінің сомасы – «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37562 болып тіркелген) сәйкес банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатын есептілік негізінде айқындалатын залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы міндеттемелерінің сомасы.
Бұл ретте банктер және Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің сомасын нақтылау мақсатында аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылатын (оның ішінде банкішілік операциялар бойынша айналымдар болмаған кезде) жылдың соңғы жұмыс күні үшін (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есептегенде) қосымша есеп есепке алынады;
2
2) залалдарды өтеу туралы шешім – уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы бірлескен шешімі;
3
3) кейінге қалдыру (бөліп төлеу) – банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына міндетті ақшалай жарнаның жалпы мөлшерін ұлғайтпай, міндетті ақшалай жарнаны белгіленген мерзімнен кейін немесе уәкілетті органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде бөліктермен төлеу құқығын беру;
4 4) міндетті ақшалай жарна – банктер мен Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттармен енгізуге тиіс ақша қаражаты;
5 5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2 2-тарау. Міндетті ақшалай жарналар мөлшерін айқындау
3
3. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты өтеу туралы бірлескен шешімді банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары Банктер туралы заңның 100-бабына сәйкес өтеуге тиіс қаражат сомасын айқындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының Үкіметінен және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтен алынған залал сомасы туралы ақпарат негізінде қабылдайды.
Көрсетілген шешімді қабылдау мақсаттары үшін өтелуге тиіс қаражат сомасы Банктер туралы заңның 100-бабына сәйкес жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не осындай банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу бағасы мен көрсетілген акцияларды көрсетілген бапта көзделген шарттарды ескере отырып, жаңа инвесторға кейіннен сату бағасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Уәкілетті орган өтелуге тиіс қаражат сомасын есептеу негізінде бірлескен шешімнің жобасын дайындайды және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді, онда мыналар да қамтылады:
1 1) өтелуге тиіс қаражаттың сомасы;
2 2) залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің жиынтық сомасы;
3 3) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес айқындалған әрбір банктің міндетті ақшалай жарнасының мөлшері;
4 4) міндетті ақшалай жарнаны төлеу мерзімі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған материалдарды қарайды және ескертулер болмаған кезде бірлескен шешімнің жобасына қол қояды не оларды ресімдеу үшін уәкілетті органға ескертулер жібереді. Бірлескен шешімнің жобасын пысықтау қажет болған жағдайда уәкілетті орган ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны пысықтайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қайта жібереді. Бірлескен шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сатқаннан кейін 3 (үш) ай ішінде қабылданады.
4
4. Өтелуге тиіс қаражат сомасы банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының арасында олардың міндеттемелерінің мөлшеріне теңбе-тең бөлінеді. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндетті ақшалай жарнасының мөлшері өтелуге тиіс қаражаттың жалпы сомасын осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері сомасының банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің залалды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық сомасына қатынасына көбейту жолымен айқындалады.
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндетті ақшалай жарнасының мөлшері мынадай формуламен айқындалады:
мұндағы:
Vᵢ – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндетті ақшалай жарнасының мөлшері;
Lᵢ – банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы міндеттемелерінің залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы;
∑L – банктер және Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық сомасы;
S – өтелуге тиіс қаражат сомасы (Банктер туралы заңның 100-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған залал сомасы).
5
5. Банктер үшін міндетті ақшалай жарналардың шекті жылдық жиынтық көлемі банктердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы мөлшерінде айқындалады.
6
6. Бір банктің, Қазақстан Республикасының бейрезиденті банкі филиалының міндетті ақшалай жарнасының шекті жылдық мөлшері банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы мөлшерінде айқындалады және мынадай формуламен есептеледі:
Vᵢ ≤ 0,002 × Lᵢ,
мұндағы:
Vᵢ – банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының міндетті ақшалай жарнасының мөлшері;
Lᵢ – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы міндеттемелерінің залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы.
7
7. Егер өтелуге тиіс қаражаттың сомасы банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары міндеттемелерінің жиынтық сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы мөлшерінде айқындалатын міндетті ақшалай жарналардың шекті жылдық көлемінен асып кеткен жағдайда, міндетті ақшалай жарналар өтелуге тиіс соманың қалдығы көрсетілген көлемнен аз болатын сәтке дейін Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мөлшерде жыл сайын төленуге тиіс.
8 8. Егер өтелуге тиіс қаражаттың сомасы міндетті ақшалай жарналардың шекті жылдық көлемінен аспаған жағдайда, міндетті ақшалай жарналар әрбір банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы міндеттемелерінің жиынтық сомасындағы олардың үлесіне мөлшерлес көлемде бір рет алынады.
9
9. Уәкілетті орган залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына міндетті ақшалай жарнаның мөлшері және оны төлеу мерзімі туралы жазбаша хабарлама жібереді. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде міндетті ақшалай жарнаның көрсетілген мөлшерімен және (немесе) оны төлеу мерзімімен келіспеу туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді жауап) жіберуге құқылы.
Келіспеу туралы дәлелді жауап келіп түскен жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп келіспеу негіздемелері бар ұсынылған жауапты және оған қоса берілетін құжаттарды (олар болған жағдайда) 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Егер ұсынылған құжаттарды, есептеулер мен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша міндетті ақшалай жарнаның мөлшерін және (немесе) оны төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің болуы расталса, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп тиісті бірлескен шешім қабылдайды. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы дәлелдерінің негізділігін растайтын негіздер болмаған кезде уәкілетті орган бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қабылданған шешімнің өзгеріссіз қалдырылғаны туралы банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына хабарлайды.
Шешімнің қабылданғаны туралы уәкілетті орган банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының дәлелді жауапты белгіленген мерзімде ұсынбауы уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндетті ақшалай жарнаның мөлшері және оны банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының төлеу мерзімі туралы бірлескен шешімімен келіскен болып саналады.
3 3-тарау. Міндетті ақшалай жарналарды енгізу тәртібі мен мерзімдері
10
10. Міндетті ақшалай жарналарды банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында міндетті ақшалай жарнаның мөлшері туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген Бірыңғай қазынашылық шотқа аударады. Міндетті ақшалай жарна Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, толық көлемде бір рет төленеді.
Міндетті ақшалай жарна көрсетілген Бірыңғай қазынашылық шотқа қаражат аударылған сәттен бастап төленген болып саналады.
11 11. Банктер мен Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары уәкілетті органды міндетті ақшалай жарнаның төленгені туралы ол төленген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
12
12. Егер міндетті ақшалай жарнаны төлеу банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының пруденциялық немесе макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзуына әкеп соқтырған жағдайда, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы міндетті ақшалай жарнаны төлеу мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органға міндетті ақшалай жарнаны төлеуді 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүмкіндігін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатқа міндетті ақшалай жарна белгіленген мерзімде төленген жағдайда пруденциялық немесе макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамау тәуекелін растайтын есептеулер мен негіздемелер қоса беріледі.
Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзу тәуекеліне байланысты негіздер бойынша міндетті ақшалай жарнаны төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мәселесін қарау кезінде уәкілетті органның шешімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша қабылданады.
Күшейтілген қадағалау не қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режиміндегі банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына қатысты міндетті ақшалай төлемді 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыру (бөліп төлеу) туралы шешім міндетті ақшалай жарнаның банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру процесіне әсері және олардың пруденциялық және макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауы ескеріле отырып қабылданады.
Міндетті ақшалай жарнаны кейінге қалдыра (бөліп төлей) отырып төлеу шарттарын, мерзімдерін және кестесін уәкілетті орган бекітеді және банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына міндетті ақшалай жарнаны төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүмкіндігін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама нысанында жіберіледі.