Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 79/НС · қабылданған 03.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228459/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 79/НС ·03.08.2026
03.08.2026 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 79/НС · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
79/НС
Қабылданған күні
03.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
03.08.2026
Көрсетілген редакция
03.08.2026 I228459_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KN000079
ЭКБ идентификаторы
228459
Редакция идентификаторы
I228459_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
08.08.2026 03:30

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қамтамасыз ету және кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2026 жылғы 03 тамыздағы
№ 79/ҚЕ бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 6 бұйрығы.

2

2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 7 бұйрығы.

3 3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 4 наурыздағы № 39 бұйрығы.

4

4. «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығы.

Қолданыстағы