Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости биологически активных добавок к пище
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости биологически активных добавок к пище
- Атауы (қаз.)
- Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.10.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 I228476_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039487
- ЭКБ идентификаторы
- 228476
- Редакция идентификаторы
- I228476_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:31
0 Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы
📌 Ескерту. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 51, 54 және 55-тармақтарының қолданылуы 2027 жылдың 1 наурызынан бастап өндірілген тағамға биологиялық белсенді қоспаларға қолданылады деп белгіленсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
8 Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 86 Бұйрығымен
бекітілген
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы қағидалар
1
1. Осы Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау қағидалары «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және оларды одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.
2
2. Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауға қойылатын талаптар «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген тағамға биологиялық белсенді қоспаларға (бұдан әрі – ББҚ) қолданылмайды.
3 3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) агрегаттау – салынған тұтынушылық қаптамалардың немесе көліктік қаптамалардың сәйкестендіру кодтарының жасалатын көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы мәліметтерді сақтай отырып, оған сәйкестендіру құралын түсіру және көліктік қаптаманы ашпай-ақ тауар өткізгіш тізбек бойынша ББҚ-ның қозғалысын қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, ББҚ-ның тұтынушылық қаптамаларын көліктік қаптамаға не көліктік қаптамаларды салым деңгейі жоғары көліктік қаптамаға біріктіру процесі;
2 2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;
3 3) ББҚ – тамақ өнімімен бір мезгілде тұтынуға немесе оның құрамына енгізуге арналған табиғи және (немесе) табиғиға ұқсас биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер;
4 4) ББҚ айналымы – ББҚ өндіру немесе Қазақстан Республикасына әкелу, сақтау, тасымалдау, алу және беру, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу және өткізу (сату);
5
5) ББҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – ББҚ-ның техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін ББҚ қауіпсіздігін растайтын құжат;
6
6) ББҚ орнын ауыстыру – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішіндегі ББҚ орналасқан жерді өзгертуді қоспағанда, ББҚ орналасқан тауарлар айналымына қатысушының бір стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайынан басқа стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайына өзгертуі;
7
7) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;
8 8) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО кеден аумағына ББҚ-ны әкелуді, сондай-ақ БҚҚ-ны ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9
9) көліктік қаптама – таңбаланған ББҚ және (немесе) өлшемі кіші көліктік қаптамалардың тұтынушылық қаптамаларын біріктіретін, оларды бүлінуден қорғау мақсатында сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көлік бірлігін құрайтын қаптама. Көліктік қаптамаға өлшемі кіші көліктік қаптамалар (көлем) кіреді;
10 10) көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды – осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қалыптастырылатын әрбір жеке көліктік қаптама үшін бірегей символдар комбинациясы;
11 11) қызметті жүзеге асыру орны (бұдан әрі – ҚЖО) – ББҚ-ны қадағалау бойынша функцияларды іске асыру үшін құрылған бір бизнес-сәйкестендіру нөмірі және (немесе) дербес сәйкестендіру нөмірі шеңберіндегі құрылымдық бөлімшелер;
12 12) өндіруші – кейіннен өткізу үшін БҚҚ-ны өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
13 13) сәйкестендіру коды – GTIN тауардың коды мен тұтынушылық қаптаманың жеке сериялық нөмірінің бірегей комбинациясы болып табылатын символдар тізбегі;
14 14) сәйкестендіру құралы – осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес екі өлшемді матрицалық штрихкод түрінде ұсынылған, машина оқитын нысандағы таңбалау коды;
15
15) таңбаланған ББҚ-ны айналымнан шығару – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 «Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 626 бұйрық) сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы арқылы таңбаланған ББҚ-ны жеке тұтыну үшін жеке тұлғаға өткізу (сату), алып қою (тәркілеу), кәдеге жарату, бүліну, жою, қайтарымсыз жоғалту, өз қажеттіліктері үшін пайдалану, сондай-ақ ББҚ-ның одан әрі айналымының тоқтатылуын көздейтін өзге де себептер;
16 16) таңбалау коды – ББҚ тұтынушылық қаптамасын сәйкестендіру мақсаты үшін Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру кодынан және тексеру кодынан тұратын символдардың бірегей реттілігі;
17
17) таңбаланған ББҚ – белгіленген талаптарды сақтай отырып, сәйкестендіру құралдары жазылған ББҚ және олар туралы (оның ішінде сәйкестендіру құралдары бар оларға салынған сәйкестендіру құралдары және (немесе) материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қамтылған нақты мәліметтер;
18 18) тауарлар айналымына қатысушы (бұдан әрі – ТАҚ) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және таңбаланған ББҚ айналымға және (немесе) айналымға енгізуді және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын дара кәсіпкер, заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
19 19) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ТТҚ ЦЖ) – сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын тауарларды таңбалау процестерін қамтамасыз етуге және оларды айналым процесінде одан әрі қадағалауға арналған цифрлық жүйе;
20
20) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды қоса алғанда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
21 21) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тұтыну қаптамаларын бірегей сәйкестендіретін символдық дәйектілік;
22 22) тексеру коды – тауарды сәйкестендіру кодын криптографиялық өзгерту нәтижесінде қалыптастырылатын және сәйкестендіру кодын бұрмалауды анықтауға мүмкіндік беретін символдардың дәйектілігі;
23 23) тұтыну қаптамасы –тұтынушы сатып алатын ББҚ қаптамасының ең аз бірлігі;
24 24) ТТҚ ЦЖ-ның жеке кабинеті – Интернет желісінде орналастырылған, Оператор тауарлар айналымның қатысушысына ұсынатын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің арнайы цифрлық сервисі;
25 25) ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімі – ТТҚ ЦЖ-же тіркелген, сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын ТАҚ сәйкестендіру құралдарының тізбесі;
26 26) ТТҚ ЦЖ тауарларының тізілімі – ТТҚ-да тіркелген, ТАҚ қалыптасқан тауарлардың тізбесі;
27 27) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – Оператор әзірлеген және Оператордың интернет-ресурсында жарияланған ТАҚ және ТТҚ ЦЖ бағдарламалық-аппараттық құралдарының өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;
28 28) American standard code for Interchange (бұдан әрі – ASCII 232) – баспа және баспалық емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;
29 29) Global Company Prefix (бұдан әрі – GCP) – кәсіпорынға (GS1) жүйесінде берілген кәсіпорынның халықаралық нөмірі (префикс);
30 30) Global Product Classification (бұдан әрі – GPC) – бұл GS1 ұйымдары өнімдерінің жаһандық жіктеуіштері. Бұл халықаралық сауда шеңберінде олардың негізгі сипаттамалары негізінде санаттар бойынша тауарларды біркелкі топтауға арналған халықаралық жүйе;
31
31) Global Trade Item Number (бұдан әрі – GTIN) – GS1 жүйесінің стандарттарында белгіленген қағидаларға сәйкес, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымы тауарлар тобына беретін және ТТҚ ЦЖ тауардың коды ретінде пайдаланылатын жаһандық сәйкестендіру нөмірі;
32 32) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих кодтау саласындағы халықаралық ұйым;
33 33) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих кодының форматы;
34 34) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежедегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;
35
35) DataMatrix ЕСС200 – қателерді болдырмау және зақымданған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын пайдаланатын, қатенің болу жиілігі сканерленген таңбаның 10 миллионының 1-еуінен де аз, код 30 пайызға дейін зақымданған жағдайда, кодталған ақпараттың барлық дәйектілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін DataMatrix нұсқасы;
36 36) FNC1 ASCII 232 – DataMatrix GS1 штрихкод форматының символикасының белгісін білдіретін, GS1 логистикалық бірліктерін есепке алу мен штрих-кодтауды стандарттау саласындағы халықаралық ұйымның және ASCII символдар кестесінде 232 коды бар арнайы символдар;
4
4. Осы Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН кодтары бойынша жіктелетін, «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 99 шешімімен бекітілген тізбеде көзделген ББҚ-ы жатады.
Осы тармақты қолдану мақсаты үшін ББҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәліктің және ЕАЭО СЭҚ ТН кодының болуын басшылыққа алу қажет.
2 2-тарау. ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау тәртібі
5 5. Өндіруші тауарды жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады.
Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген ББҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе оларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз етеді.
6 6. Тізбеге сәйкес ББҚ-ны міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған ББҚ-ны жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ТАҚ өткізеді.
Сондай-ақ міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған ББҚ-ға қатысты ТАҚ-ы ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен ерікті түрде таңбалауды жүзеге асыруға құқылы.
Ерікті таңбалауды жүзеге асыру кезінде ТАҚ-ы осы Қағидалардың талаптарын қолданады.
7 7. ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау мақсатында ТАҚ-та байланыс арналары арқылы ТТҚ ЦЖ -ға қосылған болуы қажет.
ТТҚ ЦЖ-ға қосылған АБК-ы кейіннен ТТҚ ЦЖ-ға сәйкестендіру құралдарын жазу, бракқа шығару (бар болса), агрегациялау (агрегациялау қолданылған жағдайда) туралы ақпаратты, сондай-ақ ТТҚ ЦЖ -ға таңбаланған ББҚ-ны айналымға енгізу, олардың айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді жібере отырып, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес Операторға таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз етеді.
Мұндай АБК болмаған немесе оның ТТҚ ЦЖ мен интеграциясы болмаған кезде ТАҚ Операторға мәліметтерді ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жібереді.
8 8. ТТҚ ЦЖ -де қамтылған мәліметтер бойынша қалыптастырылған ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және мынадай жағдайларда мынадай тұлғаларға ғана беріледі:
1 1) ТАҚ-ы көрсетілген ТАҚ жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде;
2 2) осындай сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсаттары үшін;
3 3) өндірушіге өндірілген таңбаланған ББҚ туралы статистикалық және талдамалық ақпарат бөлігінде;
4 4) тұтынушыларға тауардың сипаттамалары, тауарды өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде.
9 9. Өндірушілер мен импорттаушылар:
1 1) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес таңбаланған ББҚ-ны айналымға енгізумен және (немесе) оның айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін ТТҚ ЦЖ-да тіркеуді жүргізеді;
2 2) сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын ББҚ-ны ТТҚ ЦЖ -да тіркеуді жүзеге асырады;
3 3) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің ТТҚ ЦЖ -мен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
4 4) сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын ББҚ-ны таңбалау туралы мәліметтерді, сондай-ақ таңбаланған ББҚ-ны айналымға енгізу, олардың айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ТТҚ ЦЖ-ға енгізеді.
10 10. ББҚ-ны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ:
1 1) сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын ББҚ айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ТТҚ ЦЖ -да тіркеуді жүргізеді;
2 2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің ТТҚ ЦЖ -мен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
3 3) осы Қағидаларға сәйкес таңбаланған ББҚ-ны айналымға қайта енгізу, олардың айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ -ға енгізеді.
11 11. ББҚ бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ:
1 1) осы Қағидаларға сәйкес таңбаланған ББҚ-ны айналымға қайта енгізумен және айналымнан шығарумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін ТТҚ ЦЖ-да тіркеуді жүргізеді;
2 2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің ТТҚ ЦЖ -мен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
3 3) деректерді бекіту және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуын қамтамасыз етеді;
4 4) бақылау-касса машинасымен түйіндескен сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғысының болуын қамтамасыз етеді;
5 5) фискалдық деректер операторымен (бұдан әрі – ФДО) ББҚ-ның әрбір сатылған бірлігі бойынша бақылау-касса машинасын пайдалана отырып, таңбаланған ББҚ-ның айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді беру бойынша жасалған шарттың болуын қамтамасыз етеді;
6 6) DataMatrix (ДатаМатрикс) екі өлшемді кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғыларын тексереді;
7 7) таңбаланған ББҚ-ны айналымға қайта енгізу, олардың айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ -ға енгізеді.
12 12. ТАҚ тіркеуді және оған жеке кабинетке қол жеткізуді ұсынуды Оператор электрондық түрде ұсынылған дұрыс мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
13 13. ТАҚ-ы ТТҚ ЦЖ-да оның атынан мәліметтер беруге және сұратуға уәкілетті адамдарды анықтайды.
14 14. ББҚ-ны ТТҚ ЦЖ -да тіркеуді:
1 1) Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ өндіру кезінде - өндіруші;
2 2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ББҚ өндіру кезінде - импорттаушы жүзеге асырады.
15 15. ББҚ-ы тіркеу үшін ТАҚ-ы мынадай мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-да көрсетеді:
1 1) Тауар сәйкестендіргішінің иесі болып табылатын компанияның атауы;
2 2) Тауар сәйкестендіргішінің иесінің GCP префиксі;
3 3) Тауар сәйкестендіргішінің иесінің заңды мекенжайы;
4 4) Тауар сәйкестендіргішінің иесінің елі;
5 5) GTIN;
6 6) Мемлекеттік жіктеуіш коды;
7 7) СЭҚ ТН коды;
8 8) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;
9 9) Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі);
10 10) Заттаңбада көрсетілген тауар атауы;
11 11) Өндірілген ел;
12 12) Тауар белгісі (бренд);
13 13) Мәлімделген көлемі немесе таза салмағы;
14 14) Тұтынушылық қаптамадағы пайдалану бірліктерінің саны;
15 15) Тауардың ББҚ-ға (биологиялық белсенді қоспаға) жататындығының белгісі;
16 16) ББҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
17 17) Тауар өндірілген нормативтік құжат (құжаттар);
18 18) Қолданылу саласы;
19 19) Шығарылу нысаны;
20 20) Сақтау шарттары;
21 21) Тауарды қолдану тәсілі;
22 22) Тауардың жарамдылық мерзімі;
23 23) Қаптама түрі;
24 24) Қаптама материалы;
25 25) Қаптаманың сипаты;
26 26) Тауардың сауда атауы;
27 27) Тауар белгісінің елі;
28 28) Құрамы;
29 29) Шикізаттың ветеринариялық бақылауға жататындығының белгісі;
30 30) Қаптаманың фотосуреті;
31 31) Өндірістік алаң иесі компанияның атауы;
32 32) Өндірістік алаңның заңды мекенжайы;
33 33) Өндірістік алаң орналасқан ел.
16 16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мәліметтерді енгізген сәттен бастап ТТҚ ЦЖ-ы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ББҚ туралы мәліметтерді тіркеуден бас тартады:
1 1) көрсетілген GTIN тауар коды бар ББҚ-ы ТТҚ ЦЖ да тіркелген;
2 2) GS1-Kazakhstan цифрлық ресурсының деректері бойынша GTIN тауар коды ТАҚ пайдалануға жатпайды;
3 3) GS1 цифрлық ресурсының деректері бойынша GTIN тауардың коды жоқ;
4
4) ББҚ-ны мемлекеттік тіркеу куәлігі туралы ұсынылған мәліметтер ЕАЭО-ның Ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталында орналастырылған, өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктері жөніндегі мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмейді.
17 17. ББҚ туралы мәліметтер тіркелгеннен кейін Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді ТТҚ ЦЖ тауарлар тізіліміне енгізеді.
18 18. ББҚ-ны сәйкестендіру құралдары машинамен оқуға жарамды GS1 DataMatrix екі өлшемді штрих-коды түрінде тұтынушылық қаптамаға сәйкестендіру құралын бүлдірмей ажыратуға жол бермейтін тәсілмен жазылады.
19 19. Сәйкестендіру құралдары тұтынушылық қаптамаға мынадай техникалық шарттарды сақтай отырып жазылады:
1 1) сәйкестендіру құралдарын жазу ЕСС-200 қателерді түзету әдісін пайдалана отырып басып шығару арқылы жүзеге асырылады;
2 2) сәйкестендіру құралдарын жазу ASCII кодтауды пайдалана отырып жүзеге асырылады;
3 3) сәйкестендіру құралы машинамен оқуға жарамды болады. Бұл ретте сәйкестендіру құралының өлшемін ТАҚ-ы дербес айқындайды.
20 20. Тұтынушылық қаптаманың сәйкестендіру құралы төрт деректер тобын қамтитын таңбалау кодынан тұрады, олардың алғашқы екі деректер тобы сәйкестендіру кодын құрайды, бұл ретте:
таңбалау коды жолының басында GS1 DataMatrix FNC1 (ASCII 232) символикасының белгісі болуға тиіс;
деректердің бірінші тобы (қолдану идентификаторы (01)) – 14 (оң төрт) сандық таңбадан тұратын GTIN сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі;
деректердің екінші тобы (қолдану идентификаторы (21)) - 13 таңбадан (сандардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (!” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың жеке сериялық нөмірі. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің мдентификаторы көрсетіледі (3 – Қазақстан Республикасы). Бұл топ үшін соңғы символ ретінде ASCII 232 символдары кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш символ қолданылады;
деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (91)) – 4 символдан (сандар, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері) тұратын код. Бұл топ үшін соңғы символ ретінде ASCII 232 символдары кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш символ қолданылады;
деректердің төртінші тобы (қолдану идентификаторы (92)) – 44 символдан (сандар, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) тұратын код.
21
21. Көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодын ТАҚ-ы GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес келетін бір өлшемді штрих-код түрінде немесе DataMatrix форматында екі өлшемді штрих-код түрінде беріледі. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодының құрамын көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодында осындай кодтарды агрегаттауды жүзеге асыратын ТАҚ-ы айқындайды.
22 22. Сәйкестендіру құралдары:
1 1) сәйкестендіру құралын іріктеп таңдау арқылы қолдан жасау ықтималдығы 10 000 (он мың) жағдайдың 1-інен кем болуы;
2 2) қателерді тану және түзету функциясы DataMatrix ECC200-ге тең немесе одан жоғары болуын қамтамасыз етеді.
23 23. ТТҚ ЦЖ-ы ББҚ-ның тұтынушылық қаптамасына жазылған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.
24 24. ББҚ-ны сәйкестендіру құралымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін ТТҚ ЦЖ арқылы Операторға таңбалау кодтарын алу туралы сұрау салуды (бұдан әрі – Сұрау салу) жібереді.
25 25. Таңбалау кодын беруден бас тарту Сұрау салу тіркелген кезден бастап 4 (төрт) сағат ішінде мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1 1) ТТҚ ЦЖ -да ТАҚ-ы тіркелмеген;
2 2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын ТТҚ ЦЖ-де тіркелген;
3 3) GTIN тауардың коды ТТҚ ЦЖ тауарлар тізілімінде тіркелмеген және (немесе) оны мәлімдеген ТАҚ пайдалануға жатпайды;
4 4) GTIN тауардың коды «ББҚ» тауар тобына сәйкес келмейді.
26 26. ТТҚ ЦЖ -да Сұрау салуды тіркеген сәттен бастап Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:
1 1) ТАҚ-тан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, Сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санын эмиссиялауды (генерациялауды) жүзеге асырады;
2 2) тиісті сәйкестендіру кодтарын ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне енгізеді;
3 3) ТАҚ-қа шығарылған таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.
27 27. ТАҚ-ы таңбалау кодын алған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей оны БҚҚ-ны тұтыну қаптамасына жазуды қамтамасыз етеді және ББҚ-ға жазылған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодының жазылғаны туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ -ға береді.
Қағидалардың осы тармағында көзделген мерзімдерде сәйкестендіру құралдарындағы таңбалау кодтарының жазылғаны туралы ақпаратқа енгізілмеген таңбалау кодтары жойылады.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген ақпараттағы ББҚ сериясының немесе партиясының нөмірі және (немесе) жарамдылық мерзімі туралы нақты емес мәліметтер анықталған жағдайда, тиісті таңбалау кодтарын сұратқан және алған ТАҚ-ы таңбаланған ББҚ-ның меншік иесі алғаш ауысқанға дейін қажетті түзетулерді ТТҚ ЦЖ -ның жеке кабинеті арқылы енгізеді.
28 28. Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметке ақыны ТАҚ-ы Оператормен жасалған шарттың негізінде тиісті таңбалау кодынан түрлендірілген сәйкестендіру құралын ББҚ-ға жазу туралы мәліметтер ТТҚ ЦЖ -ға енгізілгенге дейін төлейді.
Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызмет осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ ЦЖ-ға берілген ББҚ-ға сәйкестендіру құралдарын жазу туралы ақпараттағы мәліметтер ТТҚ ЦЖ-да тіркелген сәтте Оператор көрсеткен қызмет болып танылады.
29 29. Тұтынушылық қаптамаға сәйкестендіру құралын жазу, мынадай жағдайда:
1 1) Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ өндіру және айналымы осындай өнімді өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады;
2 2) әкелу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нақты кесіп өткенге дейін немесе ішкі тұтыну үшін шығару не реимпорт кедендік рәсімдеріне орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.
30 30. Сәйкестендіру құралын, не сәйкестендіру құралы қамтылған заттаңбаны, не жапсырманы, не қорғалған материалдық жеткізгішті тұтынушылық қаптамаға оларды бүлдірмей ажыратуға жол бермейтін тәсілмен жапсыру жүзеге асырылады.
31 31. Агрегаттау бірнеше салу деңгейлері болған кезде жүзеге асырылады:
1 1) бірінші деңгейдегі агрегаттау – бастапқы және (немесе) қайталама қаптамаларды көліктік қаптамаға біріктіру;
2 2) екінші деңгейдегі агрегаттау – көліктік қаптамаларды салудың жоғары деңгейіндегі басқа көліктік қаптамаға біріктіру.
32
32. ТАҚ-ы Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ-ны айналымға енгізгенге дейін бір және (немесе) бірнеше GTIN тауар кодтары бар ББҚ қаптамаларын көліктік қаптамаға, сондай-ақ ББҚ көліктік қаптамаларын жасалатын көліктік қаптаманы ашу қажеттігінсіз тауар өткізу тізбегі бойынша БҚҚ айналымын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір салынған қаптаманы сәйкестендіру кодтарының жасалатын қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты сақтай отырып, жоғары деңгейдегі көліктік қаптамаға БҚҚ қаптамаларын агрегаттауды жүргізеді.
33
33. ТАҚ Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптамаға бір немесе бірнеше GTIN тауар коды бар БҚҚ қаптамаларын, сондай-ақ көлік қаптамасын сәйкестендірудің жаңа кодын құра отырып, ББҚ-ның көліктік қаптамаларының жоғары деңгейдегі көліктік қаптамаға, сондай-ақ жасалатын көліктік қаптаманы ашу қажеттігінсіз тауар өткізу тізбегі бойынша БҚҚ айналымын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір салынған қаптаманың сәйкестендіру кодтарының жасалатын көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты қамтамасыз ете отырып, жоғары деңгейдегі көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодын агрегаттауды жүргізеді.
ТАҚ агрегатталған қаптаманы келесі ТАҚ бергенге дейін қаптамаларды агрегаттау туралы ақпаратты ТТҚ ЦЖ-ға береді. ТАҚ-ның көліктік қаптама туралы мәліметтерді беруі ТТҚ ЦЖ деректері бойынша осы көліктік қаптамадағы тұтынушылық қаптамалар туралы мәліметтерді берумен тең болып есептеледі.
34
34. ТАҚ-ы Қазақстан Республикасының аумағында бір немесе бірнеше GTIN тауардың коды бар ББҚ қаптамаларын алып қою немесе салу жолымен БҚҚ қаптамаларын көлік қаптамасына, сондай-ақ БҚҚ көліктік қаптамасын жасалатын көліктік қаптаманы ашу қажеттігінсіз тауар өткізу тізбегі бойынша БҚҚ айналымын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір салынған қаптаманың сәйкестендіру кодтарының жасалатын қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты сақтай отырып, жоғары деңгейдегі көліктік қаптамаға агрегаттауды жүргізеді.
ТАҚ-ы агрегатталған қаптаманы келесі ТАҚ-қа бергенге дейін ТТҚ ЦЖ -ға қаптамаларды агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.ТАҚ-ның көліктік қаптама туралы мәліметтерді беруі ТТҚ ЦЖ деректері бойынша осы көліктік қаптамада қамтылған тұтынушылық қаптамалар туралы мәліметтерді берумен тең болып есептеледі.
35 35. ТАҚ-ы ТТҚ ЦЖ -ға көліктік қаптамадағы таңбаланған ББҚ-ның барлық тұтынушылық қаптамасының айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ұсынған кезде қайта агрегаттау болмаған жағдайда, алынған ББҚ қамтылған көліктік қаптаманы тарату ТТҚ ЦЖ -да автоматты түрде тіркеледі.
ТАҚ-ы ТТҚ ЦЖ -ға көліктік қаптамадағы таңбаланған ББҚ-ның көлемі (сыйымдылығы) кіші барлық көліктік қаптамасының айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда, қайта агрегаттау болмаған кезде, алынған ББҚ қамтылған көліктік қаптаманы тарату ТТҚ ЦЖ -да автоматты түрде тіркеледі.
ТАҚ-ы ТТҚ ЦЖ -ға көліктік қаптамадағы таңбаланған ББҚ-ның көлемі (сыйымдылығы) кіші көліктік қаптамаларының бір бөлігінің айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда, қайта агрегаттау болмаған кезде, алынған көлемі (сыйымдылығы) кіші көліктік қаптамаларды қамтымайтын, агрегаттау коды сақталған көліктік қаптаманың жаңа құрамы ТТҚ ЦЖ -да автоматты түрде тіркеледі.
36 36. ББҚ-ны басқа көліктік қаптамаға қайта салу кезінде ТТҚ ЦЖ-ға агрегаттау туралы мәліметтерді ұсыну осы Қағидалардың 32, 33, 34 және 35-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
37 37. Оператор осы Қағидаларда көзделген ББҚ агрегаттау туралы мәліметтерді алғаннан кейін оларды сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетуді, сондай-ақ осы ақпараттың ТТҚ ЦЖ -да ТАҚ үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
38 38. Мынадай:
1 1) Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ өндірілген кезде ББҚ-ға жазылған сәйкестендіру құралдарындағы таңбалау кодтарының жазылғаны туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ -ға жіберу нәтижесі бойынша;
2 2) Қазақстан Республикасының аумағына ББҚ әкелінген кезде ББҚ-ны Қазақстан Республикасына әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға енгізу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ-ны айналымға енгізу деп танылады.
39 39. ББҚ-ны Қазақстан Республикасына әкелуді жүзеге асыратын ТАҚ Қазақстан Республикасындағы импорттаушы қоймаға әкелінген ББҚ-ны қабылдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады және тіркеу нөмірін алу үшін оны ТТҚ ЦЖ -ға жібереді.
Бұл ретте әкелу туралы хабарламада міндетті түрде:
1 1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден импорттау кезінде тауарларды әкелу туралы құжат жөніндегі мәліметтер;
2 2) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде кедендік декларация туралы мәліметтер көрсетіледі.
40
40. Қазақстан Республикасының аумағына ББҚ әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға енгізу Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателердің болуы себебінен ТТҚ ЦЖ-ға мәліметтерді енгізудің мүмкін еместігі туралы ақпараттарды растау кезінде ТАҚ мұндай мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдейтін және жолдайтын жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін ТТҚ ЦЖ-ға бұрын қағаз жеткізгіште жолданған Қазақстан Республикасының аумағына ББҚ әкелу туралы мәліметтерді енгізу ТТҚ ЦЖ-дағы техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ ББҚ-ны үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға импорттаушы енгізуі тиіс.
41
41. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған ББҚ айналымы Қазақстан Республикасында сәйкестендіру құралдарымен БҚҚ міндетті қадағалануы енгізілген күннен кейін олардың айналымы туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға міндетті түрде бере отырып жүзеге асырылады.
42 42. Бір БСН немесе ЖСН шеңберінде әрекет ететін бөлімшелері немесе филиалдары (сауда нүктелері) бар ТАҚ-ы ТТҚ ЦЖ -да әрбір бөлімше немесе филиал (сауда нүктесі) үшін ҚЖО құрады және осындай ҚЖО-ның атқаратын қызмет түріне сәйкес рөлін міндетті түрде айқындайды.
43
43. ББҚ-ны жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде немесе ББҚ-ны орын ауыстыру кезінде ТАҚ-ы ББҚ өткізілген немесе орын ауыстырылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя отырып, олардың айналымы туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға енгізеді.
44 44. ББҚ-ны қабылдауды ТАҚ-ы нақты жеткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және келесі операциялар жасалғанға дейін олардың айналымы туралы мәліметтерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюмен растау жолымен жүзеге асырады.
45
45. ББҚ-ны қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, ББҚ-ны алушы анықталған алшақтықтар туралы хабарламаны қалыптастырады және олардың айналымы туралы бұған дейін жіберілген мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін оны ББҚ-ны өткізген және (немесе) берген жіберушіге жолдайды. Бұл ретте бұған дейін жіберілген олардың айналымы туралы мәліметтер ТТҚ ЦЖ-да жойылады. ТАҚ олардың айналымы туралы жаңа мәліметтерді қалыптастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жіберушінің олардың айналымы туралы мәліметтерді кері қайтарып алуы ТТҚ ЦЖ-да тіркелген күннен кейін 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде, бірақ алушы растаған сәтке дейін, олардың айналымы туралы жаңа мәліметтерді ресімдеусіз жүзеге асырылады.
46
46. ББҚ айналымы туралы мәліметтер Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателердің болуы себебінен ТТҚ ЦЖ-ға мәліметтерді енгізудің мүмкін еместігі туралы ақпараттарды растау кезінде ТАҚ айналым туралы мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдейтін және жолдайтын жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген айналым туралы мәліметтерді ТАҚ ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауарды үшінші тұлғаларға беру күнінен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ -ға енгізуге тиіс.
47 ТТҚ ЦЖ -да таңбалау кодының меншік иесінің ауыстыру екі тарап расталған ТТҚ ЦЖ ББҚ айналымы туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
48 48. Бір БСН-ы бар ТАҚ-тың ҚЖО арасында сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған ББҚ-ны беру кезінде ББҚ жіберушісі ішкі айналым туралы мәліметтерді қалыптастырады және ББҚ-ны сату күнінен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ -ға тіркеу нөмірін алу үшін жібереді.
49
49. Таңбаланған ББҚ-ны бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ оларды айналымнан шығаруды тұтынушылық қаптамаға немесе тұтынушылық қаптаманың өзінде орналасқан материалдық тасымалдағышқа түсірілген сәйкестендіру құралын № 626 бұйрыққа сәйкес тіркелген бақылау-касса машинасымен байланысқан техникалық құрылғылар арқылы сканерлеу және тану жолымен жүзеге асырады.
Тұтынушылық қаптамаға немесе тікелей тұтынушылық қаптамада орналасқан материалдық тасымалдағышқа түсірілген сәйкестендіру құралындағы код туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын чектің құрамына енгізіледі.
50 50. Бөлшек саудада таңбаланған ББҚ-ны айналымнан шығару әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша ТАҚ-тың ТТҚ ЦЖ -ға берген таңбаланған ББҚ-ны өткізу туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
51 51. Бөлшек саудада сатудан өзге негіздер бойынша таңбаланған ББҚ-ны айналымнан шығару кезінде ТАҚ айналымнан шығару күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ -ға таңбаланған ББҚ-ны айналымнан шығару туралы тиісті себебін көрсете отырып ақпарат ұсынады.
52 52. Таңбаланған ББҚ-ны тұтынушы кері қайтарған кезде ТАҚ оларды кейіннен сату және (немесе) беру үшін осындай өнімді айналымға қайта енгізуді жүзеге асырады.
53 53. ББҚ-ны тұтынушы кері қайтарлған жағдайда ТАҚ кейіннен ТТҚ ЦЖ-ға ақпаратты жолдау үшін әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша ФДО ақпаратты жібереді.
54 54. Осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілгеннен басқа себептер бойынша бұрын айналымнан шығарылған БҚҚ-ны айналымға қайта енгізу үшін ТТҚ ЦЖ-да көрсетілген БҚҚ-ны айналымға қайта енгізу туралы мәліметтерді енгізеді.
55 55. ББҚ-ны айналымға қайта енгізу туралы ақпарат Операторға БҚҚ-ны қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
56 56. ТТҚ ЦЖ Операторына ТАҚ ақпаратты ұсыну цифрлық технологиялар және электрондық өзара іс-қимыл интерфейстері арқылы не ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
57 57. Таңбаланған БҚҚ-ны айналымға енгізуді, айналымын және айналымнан шығаруды жүзеге асырған кезде ТТҚ ЦЖ-да мәліметтерді ұсынуды ТАҚ дәйекті түрде жүзеге асырады.
ТТҚ ЦЖ деректері бойынша көліктік қаптамада және (немесе) топтық қаптамада қамтылған БҚҚ-ның әрбір бірлігі (тұтынушылық қаптамасы) туралы мәліметтерді берумен тең деп есептеледі.