Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Алматинской области

Қаулы · № 190 · қабылданған 03.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228477/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Алматинской области Күшіне енбеген Қаулы ·№ 190 ·03.08.2026
03.08.2026 редакциясы
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 17.08.2026.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Алматинской области

Күшіне енбеген Қаулы ·№ 190 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
190
Қабылданған күні
03.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
03.08.2026 228477_832927.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D039494A
ЭКБ идентификаторы
228477
Редакция идентификаторы
228477_832927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Алматы облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 607 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4976 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

қаулысына қосымша
Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес әзірленді және Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;

2

2) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;

3 3) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде облыстағы аудан және қала әкімдіктері), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.

2 2-тарау. Алматы облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

3.Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша облыстағы аудан және қала әкімінің аппараты жанынан құрылған Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарастырады.
Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, облыстағы аудан және қала әкімдігінің аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
4.Комиссия құрамы және ол туралы ереже облыстағы тиісті аудан және қала әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссия облыс мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, жұртшылықтың өкілдері және Комиссия хатшысынан құрылады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан тұруы тиіс. Комиссияны аудан және қала әкімі (Комиссия төрағасы), ал ол болмаған жағдайда – аудан және қала әкімінің орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) басқарады. Комиссия хатшысы облыстағы аудан және қала әкімі аппаратының штаттық қызметкері болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.
5.Мемлекеттік органдар Комиссияға қоғамдық көмекшілердің құқық бұзушылық профилактикасына қатысқанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, оларды көтермелеу туралы ұсыным жібереді.
6.Ұсынымдарды Комиссия олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қосымша материалдарды талап ету немесе ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі Комиссия төрағасымен ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұл туралы ұсыным бастамашысына хабарланады.
7.Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мемлекеттік органдардың ұсынымдары түскен кезде өткізіледі. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеуге Комиссия қабылдаған хаттамалық шешім негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Комиссия отырысының хаттамасы ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі іске асыру үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
8.Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу түрлері (шаралары) мыналар:

1 1)алғыс жариялау;

2 2)грамотамен наградтау;

3 3)ақшалай сыйақы төлеу;

4 4)білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

5 5)ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;

6 6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.

9

9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.
Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.
Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

10

10. Уәкілетті орган азаматтардан түскен өтініштерді әкімшілік құқық бұзушылықтың көрсетілген фактісін растау тұрғысынан қарастырады және ақпараттың бастапқы дереккөзін тексереді (азаматтың хабарламасы түскен сәтте құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен (камералармен) және аспаптармен тіркелмеген не уәкілетті лауазымды тұлғалармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен немесе өзге де үшінші тұлғалармен анықталмаған болуы тиіс).
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.
Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарауға жатады.
Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады.
Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.

11 11. Көтермелеу түрін, соның ішінде ақшалай сыйақының мөлшерін қоғамдық көмекшінің, азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

Ақшалай сыйақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

12

12. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді уәкілетті органдар тиісті қорытынды актіге (сәйкесінше Комиссия хаттамасына немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне) қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына (немесе олар көрсеткен қайырымдылық ұйымдарына) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

1 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға

Алматы облысында құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________
________________________________
(уәкілетті органның атауы)
әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға
ӨТІНІШ
Азаматтан (азаматшадан) ________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні: _________ жылғы «_____» ____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ___________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________
Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________________________
Кім берді: __________________, берілген күні: «_______» __________ _____ жыл.
Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):
Облыс (қала) __________________________ (аудан) __________________________________
Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер ___________
Осы өтінішпен «» ____________ 20____ жылы сағат «____» мин. «___»-де менің тарапымнан
әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)
Аталған хабарлама фото-, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті
органға: _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауын көрсету)
мына құрал арқылы жіберілді:
________________________________________________________________________________
(және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы,
кезекші бөлім және т.б.)
Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.
Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):
Менің ағымдағы банктік шотыма:
жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_______________________________________
банкте (қаржы ұйымының атауы): ________________________________
Қайырымдылық ұйымының шотына:
Ұйымның толық атауы: ____________________________________________
Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ
банкте: ___________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2.Ағымдағы банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (IBAN туралы хабарлама).
3.Фото-, бейнетіркеу материалдары (электрондық тасымалдағышта ұсынылған жағдайда).
Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Ұялы телефон: ___________________________ E-mail: ___________________________
Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл
Өтініш берушінің қолы: _________________________

2 Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде

Алматы облысында құқық бұзушылықтардың
профилактикасына қатысатын азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде
«___» _________20 ___ жылғы № ___ _______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы
ҰСЫНЫМ
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.
Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН
Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні
ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні
Төленген айыппұл сомасы (төленген күні)
Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері (АЕК-пен,
10 АЕК-тен аспайды)
Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты
Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.
Басшы __________________________________________________________________________
тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы)
Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл

Қолданыстағы