О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 368-НҚ
- Қабылданған күні
- 30.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2026 I228485_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039495
- ЭКБ идентификаторы
- 228485
- Редакция идентификаторы
- I228485_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:31
0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) «Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 194 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтерді жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға № 194 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
9. Тұрақты сақтауда тұрған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогына енгізіледі.»;
Қағидаларға қосымша алып тасталсын.
2
2. «Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
1 Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 368-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 194 бұйрығына
қосымша
Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) ұсынылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.mki.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: «Мемлекеттік музейлер мен музейлер-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер».
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-КЦ.
Кезеңділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20___жылғы ___тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей ұсынады.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.
Р/с№
Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)
Мәдени құндылықтардың саны
Мәдени құндылықтардың шифры
Мәдени құндылықтардың сақталуы
Мәдени құндылықтардың құны
(теңге)
Мәдени құндылықтардың фотосуреті
Мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
ЖИЫНЫ
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электронды поштасының мекенжайы _______________________________
Орындаушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны
____________________________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Мөрдің орны ____________________________________________________
Ескертпе: «Мемлекеттік музейлер мен музейлер-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
1.1 «Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік музейлер мен
музейлер-қорықтардан тұрақты
сақтауға қабылданған мәдени
құндылықтар туралы мәліметтер»
музей ісі саласындағы
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1 1. 1-бағанда рет санының «№» бойынша нөмір толтырылады.
2 2. Нысанның 2-бағанында мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы) көрсетіледі.
3 3. Нысанның 3-бағанында мәдени құндылықтардың саны (бірлігі) көрсетіледі.
4 4. Нысанның 4-бағанында мәдени құндылықтардың шифры көрсетіледі.
5 5. Нысанның 5-бағанында мәдени құндылықтардың сақталуы көрсетіледі.
6 6. Нысанның 6-бағанында мәдени құндылықтардың құны (теңге) көрсетіледі.
7 7. Нысанның 7-бағанында мәдени құндылықтардың фотосуреті көрсетіледі.
8 8. Нысанның 8-бағанында мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы көрсетіледі.
2 Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 368-НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 194 бұйрығына
қосымша
Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.mki.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер».
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-КЦ.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20___жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-інші наурыздан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға аталған нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.
Р/с
№
Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)
Мәдени құндылықтардың саны
Мәдени құндылықтардың шифры
Мәдени құндылықтардың сақталуы
Мәдени құндылықтардың құны
(теңге)
Мәдени құндылықтардың фотосуреті
Мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
ЖИЫНЫ
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электронды поштасының мекенжайы________________________________
Орындаушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Мөрдің орны ____________________________________________________
Ескертпе: «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
2.1 «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Тұрақты сақтауға қабылданған
мәдени құндылықтар туралы
мәліметтер» музей ісі саласындағы
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме