Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 447/НҚ
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 I228487_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IPM00447
- ЭКБ идентификаторы
- 228487
- Редакция идентификаторы
- I228487_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:30
0 Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мына шараларды қамтамасыз етсін:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
1 Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2026 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес бекітілді және ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.
2
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, пошта байланысы бөлімшелеріндегі ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.
3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган;
2 2) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
3
3) шығындар – ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде ұлттық пошта операторының шығуы немесе активтердің азаюы немесе капиталдың азаюына әкеп соқтыратын міндеттемелердің ұлғаюы түрінде болатын экономикалық пайданың азаюы.
2 2-тарау. Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарды өтеу тәртібі
4 4. Ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық пошта операторының шығындары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 30-бабына сәйкес өтеледі.
5 5. Әкімші жыл сайын ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасын әзірлейді және оларды күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей, ұлттық пошта операторының атына жолдайды.
6
6. Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, шығындардың болжамды есебін қалыптастырады және растайтын материалдарды қоса бере отырып, әкімшінің атына жолдайды.
7
7. Ауылдық елді мекендерде ұлттық пошта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін бюджет шығыстарын жоспарлау үшін әкімші қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік өтінімді ұсынады.