Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 451/НҚ · қабылданған 04.08.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228504/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 451/НҚ ·04.08.2026
04.08.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 451/НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
451/НҚ
Қабылданған күні
04.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
04.08.2026 I228504_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039498
ЭКБ идентификаторы
228504
Редакция идентификаторы
I228504_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11397 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына сәйкес әзірленген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстары және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері;».

2

2. «Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ғылыми зерттеулер «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) қаржылық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қамтиды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құрылыс Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жобаны құру жөніндегі ұсынысты қалыптастыру және ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) салалық сараптамаға енгізу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 483 бұйрығымен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11397 болып тіркелген).»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Ғарыш жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Экология кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын басшылыққа алу қажет.».

3 3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы