Об утверждении Правил организации дорожного движения в городе Алматы в части, не урегулированной правилами дорожного движения Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласындағы жол жүрісін ұйымдастырудың жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігіндегі қағидалары
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 324 шешіміне қосымша Алматы қаласындағы жол жүрісін ұйымдастырудың жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігіндегі қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қаласындағы жол жүрісін ұйымдастырудың осы жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігіндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және жол жүрісін ұйымдастыру тәртібін, оның ішінде: көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағын, соның ішінде тұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуін; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдар мен тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), оларды уақытша сақтау, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнын төлеу, көлік құралдарын қайтаруды; Алматы қаласында қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді (шлагбаумдарды және басқа да қоршауларды) орнатуды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – Алматы қаласында жолаушылар тасымалы саласында басшылықты және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді, жол жүрісін ұйымдастыруды, сондай-ақ жеке мобильділікті дамытуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйым – «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген, Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыруға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) басқарушы ұйым – «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген, Алматы қаласының аумағында тұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) тұрақ аймағы – сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, аумақтық, функционалдық немесе ұйымдық белгісі бойынша біріктірілген тұрақ кеңістіктері;
Тармақша 5
5) тұрақ сессиясы – көлік құралының тұрақ кеңістігі аумағында болуының ақы төленуге тиіс уақыт кезеңі;
Тармақша 6
6) көлік құралын жеткізу (эвакуациялау) – Кодекске сәйкес ұсталған көлік құралын уақытша сақтау үшін эвакуациялау құралдарын пайдалана отырып, арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға мәжбүрлі түрде орнын ауыстыру процесі;
Тармақша 7
7) арнайы алаңдар немесе тұрақтар – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншік болып табылатын арнайы күзетілетін үй-жайлар, алаңдар немесе тұрақтар.
Тарау 2. 2-тарау. Көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағы, соның ішінде тұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары
2-тарау. Көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағы, соның ішінде тұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары
Тармақ 3
3. Алматы қаласының аумағында көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағы «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жол жүрісі қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі қағидаларға, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесіне (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ортақ пайдаланылатын орындарда тұрақ кеңістіктерін уәкілетті органмен келіспей ұйымдастыруға жол берілмейді, бұған ортақ үлестік меншіктегі не мүлік меншік иелері бірлестіктерінің, пәтер меншік иелері кооперативтерінің немесе өзге де заңды баланс ұстаушылардың балансындағы аумақтар қосылмайды.
Тармақ 4
4. Жеке мобильді көлік құралдарының тұрағына Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы белгілеген арнайы бөлінген орындарда ғана және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жол беріледі. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы белгілеген коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінде көлік құралдарының (жеке мобильді көлік құралдарын қоспағанда) тұрағы Заңның 42-1-бабы 4-тармағының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Алматы қаласының аумағында, соның ішінде көше-жол желісінде, сондай-ақ меншік нысаны мен пайдалану тәртібіне қарамастан тұрақ кеңістіктерінде жай-күйі, орнату тәсілі немесе тозу дәрежесі оны сәйкестендіруге кедергі келтіретін не өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар, сол сияқты бөгде заттарды, материалдарды немесе құрылғыларды пайдалана отырып мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жасырылған немесе өзгертілген көлік құралының тоқтауына және (немесе) тұруына жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу, аумақты санитариялық тазарту мен жинау, төтенше жағдайлардың салдарын жою, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізу мақсатында уәкілетті орган тұрақ кеңістіктерінің жекелеген аумақтарында көлік құралдарының тоқтауы мен тұруына уақытша шектеулер немесе тыйымдар енгізеді. Көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде жолдар мен тротуарларды қар мен мұздан уақытылы тазартуды қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдары тұрағының арнайы режимдері, соның ішінде уақытша (күндізгі, түнгі) шектеулер белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулердің тәртібі мен мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және бұл ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстары және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы міндетті түрде халықтың назарына жеткізіледі.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген уақытша шектеулер немесе тыйымдар жол жүрісін ұйымдастырудың мынадай техникалық құралдарының бірін немесе бірнешеуін пайдалана отырып белгіленеді: уақытша жол қоршаулары (конустар, барьерлер, қалқандар), өзгермелі ақпараты бар табло, ақпараттық қалқандар немесе жол жүрісіне қатысушыларды көрнекі ақпараттандыруды қамтамасыз ететін өзге де құралдар. Уақытша шектеулерді немесе тыйымдарды енгізу туралы ақпаратты уәкілетті орган және (немесе) басқарушы ұйым олар енгізілгенге дейін кемінде 24 сағат бұрын ресми интернет-ресурстарда ашық қолжетімділікте жариялауы тиіс, бұған мұндай шектеулер немесе тыйымдар кезек күттірмей енгізілетін шұғыл ден қою жағдайлары (қар жауу, сел, төтенше жағдайлар және басқалары) жатпайды.
Тармақ 8
8. Уақытша шектеулер енгізілген тұрақ кеңістіктері және өзге де орындар мұндай шектеулердің қолданылу мерзімі ішінде пайдалануға жабық болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Алматы қаласының тұрақ кеңістіктері меншік түріне байланысты коммуналдық және жеке болып бөлінеді: коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері – Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен белгіленген, коммуналдық меншіктегі кеңістіктер; жеке тұрақ кеңістіктері – көлік құралдарын орналастыруға арналған ғимаратқа, құрылысқа, жер учаскесіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иелік ететін жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ұйымдастырған кеңістіктер.
Тармақ 10
10. Алматы қаласының аумағында ұйымдастырылған тұрақ кеңістіктері меншік түріне қарамастан мынадай түрлерге бөлінеді: тротуар үлгісіндегі орынтұрақтар; алаң үлгісіндегі орынтұрақтар; жерасты паркингтері; тоғыстырушы орынтұрақтар; жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтары (көп деңгейлі); механикаландырылған орынтұрақтар; жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындар.
Тармақ 1. 1-параграф. Орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру
1-параграф. Орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Алматы қаласының аумағында тұрақ кеңістіктерін жоспарлау, жобалау және салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Алматы қаласының аумағындағы коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері аймақтарға бөлінуі тиіс және олардың түрі мен үлгісіне қарамастан тұрақ аймақтарына бөлінеді.
Тармақ 12
12. Басқарушы ұйым коммуналдық ақылы тұрақ аймағын құру жөніндегі құжаттаманы, соның ішінде тұрақ паспортын дайындайды және оларды уәкілетті органмен келіседі. Тұрақ паспортында көлік құралдарын орналастыру схемасы, орын саны, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары, техникалық сипаттамалары, кадастрлық нөмірі және тұрақ аймағын ұйымдастыруға қажетті өзге де параметрлер көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері мемлекеттік жер қорының жерлерінде жер учаскесіне құқық берілмей ұйымдастырылады. Алаң үлгісіндегі тұрақ аймақтарын ұйымдастыру үшін басқарушы ұйымның немесе өзге иеленушінің иелігінде (пайдалануында) жер учаскесінің болуы міндетті. Жеке мобильді көлік құралдарының тұрақ орындары мемлекеттік жер қорының жерлерінде жер учаскесіне құқық берілмей ұйымдастырылады.
Тармақ 14
14. Тұрақ кеңістіктерінің шекаралары нақты белгіленеді. Шекараларды белгілеу ретінде осы Қағидаларда көзделген тұрақ кеңістіктерінің үлгісіне қарай жол төсемінің конструкциялық элементтері, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары, уақытша немесе тұрақты қоршаулар (соның ішінде қорғаныс элементтері бар) пайдаланылады. Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары Жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес орнатылады, бұған жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындар қосылмайды. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің көк түсті жол таңбасы болуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Автокөлік құралдарының тұруы үшін ақылы тұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру кезінде мыналардың міндетті түрде мыналардың болуы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары;
Тармақша 2
2) мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық қалқан (маңдайша): басқарушы ұйымның немесе иеленушінің атауы; жұмыс режимі; тариф; төлем тәсілдерінің тізбесі; call-орталықтың телефоны, басқарушы ұйымның немесе иеленушінің веб-сайты; мобильді қосымшаның атауы (болған жағдайда).
Тармақ 16
16. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындар 1-суретке сәйкес жол таңбасын салу арқылы ұйымдастырылады. 1-сурет. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындардың жол таңбасы.
Тармақ 17
17. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындарды қоспағанда, коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлемді бақылау мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тұрақтарды айналып өтетін және белгілі бір мерзімділікпен нақты көлік құралының нақты тұрақ орнында тұрғанын тіркейтін тұрақты автоматтандырылған бақылау көлік құралдары арқылы;
Тармақша 2
2) стационарлық орнатылған фото және (немесе) бейнетіркеу техникалық құралдарының және (немесе) кіру мен шығуды бақылау құрылғыларының (шлагбаумдардың) және (немесе) көлік құралдарын автоматтандырылған есепке алуға, тұрақ режимін бақылауға және Қағидаларға сәйкес белгіленген бұзушылықтарды тіркеуге арналған өзге де жабдықтардың жиынтығы болып табылатын тұрақты бақылаудың стационарлық кешендері арқылы.
Тармақ 18
18. Жеке тұрақ кеңістіктерінің жұмыс режимі және оларды пайдалану тәртібі туралы ақпаратты олардың иеленушілері бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ақпараттандыру тәсілдерімен жариялайды. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің іске қосылу күні мен жұмыс режимі туралы ақпарат басқарушы ұйымның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 19
19. Басқарушы ұйым, тұрақ кеңістіктерінің иеленушілері:
Тармақша 1
1) жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының, қоршаулар мен жабдықтардың жарамды күйін;
Тармақша 2
2) тәуліктің қараңғы уақытында тұрақ кеңістіктерін жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін, сондай-ақ жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындарды тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыруды Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін күтіп-ұстауды басқарушы ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте тротуар үлгісіндегі тұрақ кеңістіктерін, сондай-ақ жеке мобильді көлік құралдарының тұрақ орындарын күтіп-ұстауды, оның ішінде санитариялық тазалауды, жасыл екпелерді күтуді, қорғауды және санитариялық кесуді Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің аппараты немесе осындай жұмыстарды қамтамасыз ететін уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Жеке тұрақ кеңістіктерінің иеленушілері аумақты күтіп-ұстауды, пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайды, сондай-ақ жасыл желектерді күтуді, қорғауды және санитарлық кесуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Тұрақ кеңістіктерінің жұмыс істеуі 1-бөлім. Тұрақ кеңістіктерін пайдалану тәртібі
2-параграф. Тұрақ кеңістіктерінің жұмыс істеуі 1-бөлім. Тұрақ кеңістіктерін пайдалану тәртібі
Тармақ 21
21. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Жеке ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану тәртібін олардың иелері айқындайды.
Тармақ 22
22. Алматы қаласының коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері көлік құралдарын сақтауға арналмаған. Жеке тұрақ кеңістіктерінің аумағында көлік құралдарын сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың иеленушілері белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің жұмыс режимі 8 сағат 00 минуттан 20 сағат 00 минутқа дейін белгіленеді. Алаң үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің, жерасты паркингтерінің, тоғыстырушы орынтұрақтардың, жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтарының (көп деңгейлі), механикаландырылған орынтұрақтардың жұмыс режимін басқарушы ұйым белгілейді.
Тармақ 24
24. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлем басқарушы ұйым белгілеген және ақпараттық қалқанда (маңдайшада) немесе оның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен алдын ала төлем тәртібімен жүзеге асырылады. Бұл ретте коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін кейіннен төлеу тәртібімен, бірақ көлік құралы орналастырылған күні 23 сағат 59 минуттан кешіктірмей, басқарушы ұйым белгілеген және оның ресми ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен төлеуге жол беріледі.
Тармақ 25
25. Ақылы коммуналдық автотұрақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу Қағидалардың 26, 27 және 28-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, автотұрақ сессиясының әрбір минуты үшін және Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілетін тарифтеуге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Тұрақ сессиясы көлік құралы коммуналдық ақылы тұрақ аймағына нақты орналастырылған және көлік құралының кіруі тіркелген сәттен бастап, төлемнің жасалу уақытына қарамастан есептеледі. Алдын ала төлем жасалған жағдайда тұрақ сессиясы тұрақтың мәлімделген басталу уақытынан, көлік құралының кірген сәтінен не тіркелген сәтінен, қайсысы бұрын орын алса, сол сәттен бастап тұрақ сессиясы аяқталғанға дейін есептеледі. Кейіннен төлем жасалған жағдайда тұрақ сессиясы тұрақтың басталу сәтінен не тіркелген сәтінен бастап тұрақ сессиясы аяқталғанға дейін есептеледі.
Тармақ 27
27. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінде көлік құралы орналастырылған сәттен бастап алғашқы бес минут ішінде жеңілдік кезеңі беріледі, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралына жүк тиеу немесе жүк түсіру үшін қажет болса, төлем талап етілмейді. Көлік құралының тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ аймағында болуының бес минуттық кезеңі артқан жағдайда, төлем көлік құралының коммуналдық ақылы тұрақ аймағында болуының алғашқы бес минуты ескеріле отырып, жеңілдік кезеңінен асқан сәттен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Алаң үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ аймақтарында, жерасты паркингтерінде, тоғыстырушы орынтұрақтарда және жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтарда (көп деңгейлі), механикаландырылған орынтұрақтарда тұру уақыты аяқталғаннан кейін тұрақ аймағының аумағынан шығу үшін он минут мөлшерінде жеңілдік кезеңі беріледі. Бұл уақыт тек қана шығуға арналған және оны тұрақта тұруды жалғастыру үшін пайдалануға болмайды. Жеңілдік кезеңінен асқан жағдайда, қосымша уақыт қолданыстағы тарификацияға сәйкес төленуі тиіс.
Тармақ 29
29. Көлік құралының иесі не тұраққа орналастырылатын, орналастырылған коммуналдық ақылы тұрақ аймағын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыратын тұлға көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі туралы мәліметтердің (әріптік, цифрлық және өзге де белгілер), ақпараттық қалқанда (маңдайшада) көрсетілген тұрақ аймағы нөмірінің, тұрақ сессиясы ұзақтығының дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Заңның 42-1-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, тиісті растаушы құжат негізінде коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің тұрақ орындарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен мынадай санаттар (көлік құралдарының меншік иелері) босатылады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері;
Тармақша 2
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;
Тармақша 3
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
Тармақша 4
4) Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
Тармақша 5
5) электрмобиль иелері. Заңның 42-1-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көзделген, көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосулы жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдары, сондай-ақ аумақтарды жинауға, тазартуға, жасыл желектерді суаруға тартылған коммуналдық қызметтердің, су құбырының, электр желілері мен қондырғыларының апаттық қызметтерінің көлік құралдары, ұсталған және пайдаланылуына тыйым салынған көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) функцияларын жүзеге асыратын басқарушы ұйымның эвакуаторлары тұрақты пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен босатылады.
Тармақ 31
31. Алматы қаласының аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың (бұдан әрі – үй-жайлар) меншік иелері не осындай үй-жайларды жалға алушылар өз таңдауы бойынша бір тұрақтың тұрақ орындарын бір үй-жайға бір көлік құралы үшін тегін пайдалануға құқылы (бұдан әрі – тегін пайдалану). Тұрақты таңдау үй-жай орналасқан жерден бес жүз метрге дейінгі радиуста басқарушы ұйым айқындаған тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Тегін пайдалануды ұсыну басқарушы ұйымның интернет-ресурсы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы берілген өтініш негізінде жүзеге асырылады. Тегін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралының бірегейлендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік тіркеу жүргізілген автокөлік құралы меншігінде болған жағдайда, мынадай тәртіппен беріледі:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайдың меншік иесіне не оның жазбаша келісімі негізінде (құқықты беру арқылы) бірге тұратын жақын туысына;
Тармақша 2
2) көппәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайды жалға алушыға «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жалдау шартының негізінде, оның қолданылу мерзіміне.
Тармақ 33
33. Үй-жай немесе автокөлік құралы ортақ үлестік меншікте болған жағдайда, тегін пайдалану құқығы қалған меншік иелерінің жазбаша келісімі болған кезде беріледі.
Тармақ 34
34. Егер автокөлік құралының меншік иесі кәмелетке толмаған адам болса, тегін пайдалану оның заңды өкілдеріне, бар болған жағдайда басқа заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен беріледі.
Тармақ 35
35. Жеке және заңды тұлғалардың тегін пайдалануы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) тегін пайдалануды ұсыну үшін негіздерді жою, соның ішінде: - үй-жайға меншік құқығының тоқтатылуы; - автокөлік құралына меншік құқығының тоқтатылуы; - үй-жайды жалдау шарты қолданысының тоқтатылуы;
Тармақша 2
2) басқарушы ұйымның автокөлік құралын сәйкестендіру мүмкіндігін жоққа шығаратын оның тіркеу деректерінің өзгеруі;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің тегін пайдалануды ұсынуға негіз болған дәйексіз мәліметтерді немесе көрінеу жалған құжаттарды ұсынуы;
Тармақша 4
4) тегін пайдалануды ұсыну заңсыз деп танылған сот актісінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 5
5) өзіне қатысты тегін пайдалану ұсынылған адамның өтініші бойынша.
Тармақ 36. 2-бөлім. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындардың коммуналдық тұрақ кеңістіктерін пайдалану тәртібі
36. Осы Қағидалардың 31 – 35 тармақтарының ережелері жерасты паркингтеріне, тоғыстырушы орынтұрақтарға, жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтарына (көп деңгейлі), механикаландырылған орынтұрақтарға қолданылмайды. 2-бөлім. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындардың коммуналдық тұрақ кеңістіктерін пайдалану тәртібі
Тармақ 37
37. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын коммуналдық орындар Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы белгілеген, арнайы белгіленген орындарда жеке мобильді көлік құралдарын орналастыруға арналған.
Тармақ 38
38. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын коммуналдық орындарды пайдалану құқығы жеке мобильді көлік құралдарын жалға, прокатқа, шерингке немесе өзге де пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге жеке мобильді көлік құралдары тұратын коммуналдық орындарды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) негізінде беріледі.
Тармақ 39
39. Шарт жасасу заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге жекелеген орындарға ерекше құқық бермейді және жеке мобильді көлік құралдарының өзге меншік иелерінің бос орындарды пайдалану құқығын шектемейді.
Тармақ 40
40. Осы Қағидалардың 38 және 39-тармақтарының ережелері меншігінде жеке пайдалану мақсатындағы жеке мобильді көлік құралдары бар жеке тұлғаларға қолданылмайды. Жеке тұлғалардың жеке мобильді көлік құралдарын жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындардың аумақтарында орналастыру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Жеке тұлға, пайдаланушы, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер жеке мобильді көлік құралдарын тек қана жеке мобильді көлік құралдары тұратын арнайы белгіленген орындарда, қатаң түрде жол таңбасының шекарасына орналастырады.
Тармақ 42
42. Жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындардың аумақтарында: заттарды, қоршауларды орнату арқылы немесе өзге де тәсілдермен жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындарды резервтеуге; ақауы бар, зақымдалған, пайдалануға жарамсыз жеке мобильді көлік құралдарын орналастыруға; басқа адамдардың жеке мобильді көлік құралдары тұратын орындарды пайдалануына кедергі келтіруге жол берілмейді.
Тармақ 43
43. Осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып орналастырылған жеке мобильділік құралдары осы Қағидаларда, Кодексте не шартта белгіленген тәртіппен арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға көшірілуге жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдар мен тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), оларды уақытша сақтау, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнын төлеу, көлік құралдарын қайтару
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдар мен тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), оларды уақытша сақтау, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнын төлеу, көлік құралдарын қайтару
Тармақ 44
44. Осы Қағида талаптары және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптары бұзылғаны анықталған жағдайда, егер мұндай бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 797-бабына сәйкес көлік құралын ұстауға, пайдалануға тыйым салуға және жеткізуге (эвакуациялауға) негіз болып табылса, көлік құралының жүргізушісі немесе меншік иесі болмаған кезде уәкілетті органдар көлік құралын ұстау, пайдалануға тыйым салу және оны ұсталған әрі пайдалануға тыйым салынған көлік құралдарын уақытша сақтауға арналған арнайы алаңға немесе тұраққа жеткізу (эвакуациялау) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 45
45. Көлік құралдарын жеткізуді жүзеге асыратын басқарушы ұйым күштер мен құралдардың, соның ішінде:
Тармақша 1
1) техникалық жағынан жарамды және белгіленген тәртіппен пайдалануға жіберілген эвакуаторлардың;
Тармақша 2
2) «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес міндетті нұсқаулықтан және медициналық қарап-тексеруден өткен, тиісті жұмыстарды орындауға жіберілген эвакуатор жүргізуші-операторларының (эвакуатор экипажының);
Тармақша 3
3) көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) жөніндегі жұмыстардың қауіпсіз және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда тартылатын тиісті бейіндегі мамандардың;
Тармақша 4
4) көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) процесін тіркеу және орындалатын іс-әрекеттердің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын, жеке бейнежетондарды қоса алғанда, фото және бейнетіркеу құралдарының;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимылды, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін ақпарат пен құжаттарды беру құралдарының тәулік бойы дайындығын қамтамасыз етеді. Көлік құралдарын жеткізуді жүзеге асыратын басқарушы ұйым фото және бейнетіркеу құралдарының тиісінше сақталуы мен пайдаланылуын, сондай-ақ берілетін ақпарат пен құжаттардың жоғалудан, рұқсатсыз кіруден және бұрмаланудан қорғалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. Уақытша шектеулердің немесе тыйымдардың қолданылу кезеңінде көлік құралы осы Қағидаларда және Кодексте көзделген тәртіппен ұсталуға, пайдаланылуына тыйым салынуға және ұсталған әрі пайдаланылуына тыйым салынған көлік құралдарын уақытша сақтау үшін арнайы алаңға немесе тұраққа жеткізілуі (эвакуациялануы) тиіс.
Тармақ 47
47. Осы Қағидалардың 44 және 46-тармақтарында көзделген жағдайлар туындаған кезде, көлік құралы көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) функцияларын жүзеге асыратын басқарушы ұйыммен мәжбүрлеп орын ауыстырылған меншік иесі Алматы қаласының мәслихаты белгілеген төлем мөлшеріне сәйкес көлік құралын жеткізу (эвакуациялау), сондай-ақ оны сақтау құнын төлейді.
Тармақ 48
48. Осы Қағидалардың 6 тармағында көзделген жағдайларда, көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) функцияларын жүзеге асыратын басқарушы ұйым аумақты тазартуға кедергі келтіретін көлік құралдарын мамандандырылған тұраққа жеткізбей, ең жақын бос және тазартылған орынға ауыстыруға құқылы. Орнын ауыстыру процесті және көлік құралының жаңа орналасқан жерін тіркейтін міндетті фото және бейнежазба, сондай-ақ аталған басқарушы ұйымның диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) тәртібі
1-параграф. Ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) тәртібі
Тармақ 49
49. Көлік құралын арнайы алаңға немесе тұраққа жеткізу (эвакуациялау) процесі мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
Тармақша 1
1) анықталған ерекшеліктерді, соның ішінде ақауларды, сынықтарды, майысқан жерлерді, ластануларды және өзге де сыртқы зақымдануларды сипаттай отырып, көлік құралын визуалды қарап-тексеру актісін (бұдан әрі – визуалды қарап-тексеру актісі) цифрлық және (немесе) қағаз нысанда рәсімдеу;
Тармақша 2
2) көлік құралын, сондай-ақ көлік құралын тиеу, түсіру және арнайы алаңға немесе тұраққа орналастыру рәсімдерін фото және (немесе) бейнетіркеуді жүзеге асыру және оларды визуалды қарап-тексеру актісіне қоса беру;
Тармақша 3
3) көлік құралын эвакуациялауды жүзеге асыратын эвакуатор экипажының қызметкерімен көлік құралын визуалды қарап-тексеру актісіне қол қою.
Тармақ 50
50. Көлік құралында тыйым салынған заттардың, оқ-дәрілердің, сондай-ақ басқа да қауіпті заттардың болуы анықталған және (немесе) оған күдік туындаған жағдайда, көлік құралын жеткізуді жүзеге асыратын тұлға жеткізу (эвакуациялау) рәсіміне байланысты барлық іс-әрекеттерді тоқтата тұрады және бұл туралы шұғыл қызметтер мен құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды.
Тармақ 51
51. Көлік құралын эвакуаторға тиеуді эвакуатор экипажы тек қана уәкілетті лауазымды тұлға Кодекске сәйкес көлік құралын ұстау және жеткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады. Көлік құралын тиеу кезінде эвакуатор экипажы көлік құралының түрін, массасын және ерекшеліктерін ескере отырып, эвакуатордың конструкциясында көзделген бекіту құралдарын пайдалана отырып, оның сенімді бекітілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 52
52. Көлік құралын бекіту, оның ішінде, мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады: көлік құралының дөңгелектерін эвакуатордың штаттық бекіту нүктелерінде дөңгелек тіреуіштерімен, белдіктермен немесе өзге де бекіту элементтерімен бекіту; дөңгелектерді бекіту мүмкін болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда көлік құралының рамасын, осьтерін немесе өзге де конструкциялық берік элементтерін бекіту; дөңгелектері, аспа немесе рульдік басқару элементтері зақымданған көлік құралдарын тасымалдау кезінде қосымша бекіту құралдарын қолдану тәсілдерімен жүзеге асырылады. Көлік құралын жүктемеге арналмаған элементтерінен, соның ішінде бамперлерінен, шанақ және сәндік элементтерінен тыс бекітуге тыйым салынады.
Тармақ 53
53. Көлік құралын жеткізу (эвакуациялау) белгіленген тәртіппен айқындалған арнайы алаңға немесе тұраққа эвакуатор экипажымен жүзеге асырылады.
Тармақ 54
54. Көлік құралдарын тиеу тек қана эвакуатордың техникалық мүмкіндіктері шегінде жүзеге асырылады. Мотокөлік құралдарын және жеке мобильді көлік құралдарын тиеу олардың орнықты күйін қамтамасыз ететін мамандандырылған бекіту құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Зақымданулары немесе стандартты емес конструкциялық ерекшеліктері бар көлік құралдарын тасымалдау кезінде эвакуатор экипажы көлік құралының сақталуын және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша бекіту шараларын қабылдайды.
Тармақ 55
55. Техникалық құрылғыны пайдалана отырып алынған фото және (немесе) бейнематериалдар үш ай бойы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес сақталуы тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Ұсталған көлік құралын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтау тәртібі
2-параграф. Ұсталған көлік құралын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтау тәртібі
Тармақ 56
56. Жеткізілген (эвакуацияланған) көлік құралын арнайы алаңға немесе тұраққа қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады. Көлік құралын беру жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Ұсталған көлік құралдарын сақтауға арналған арнайы алаңдар немесе тұрақтар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейтін бақылау-өткізу пунктімен, бейнебақылау жүйесімен, тұтас қоршаумен, құлыпталатын қақпалармен және (немесе) шлагбаумдармен, жарықтандыру аспаптарымен, тәулік бойы күзетпен жарақтандырылады.
Тармақ 58
58. Арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заттай дәлелдемелер деп танылған автомобильдерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын, сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық, азаматтық іс жүргізу, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де рәсімдермен уәкілетті органдардың процессуалдық құжаттары негізінде тыйым салынған немесе оларға қатысты уақытша сақтау туралы шешім қабылданған көлік құралдарын сақтауға жол беріледі.
Тармақ 59
59. Көлік құралын уақытша сақтауға қабылдау электрондық және (немесе) қағаз түрінде жасалатын қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) көлік құралының арнайы алаңға немесе тұраққа нақты жеткізілген күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) көлік құралы туралы мәліметтер (маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі);
Тармақша 3
3) көлік құралын ұстау және жеткізу (эвакуациялау) негізі;
Тармақша 4
4) көлік құралын жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған тұлға (орган) туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) көлік құралын уақытша сақтауға қабылдаған жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі басқарушы ұйым жұмыскері туралы мәліметтер.
Тармақ 3. 3-параграф. Арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға орналастырылған көлік құралдарын қайтару тәртібі
3-параграф. Арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға орналастырылған көлік құралдарын қайтару тәртібі
Тармақ 60
60. Арнайы алаңда немесе тұрақта тұрған көлік құралдарын беру көлік құралын арнайы алаңға немесе тұраққа орналастырған органның рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылады. Көлік құралын қайтару иесінің немесе оның заңды өкілінің басқарушы ұйымға цифрлық және (немесе) қағаз нысанда берген өтініші бойынша мынадай құжаттар ұсынылған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) көлік құралын орналастырған органның рұқсат беру құжаты;
Тармақша 4
4) сенімхат немесе көлік құралын алу құқығын растайтын өзге де құжат (көлік құралын заңды өкілі алған жағдайда) көшірмелері;
Тармақша 5
5) көлік құралын жеткізгені (эвакуациялағаны) және оны арнайы алаңда немесе тұрақта уақытша сақтағаны үшін төленген төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісім.
Тармақ 61
61. Көлік құралын арнайы алаңға немесе тұраққа орналастырған күні 18 сағат 00 минутқа дейін алған жағдайда, сақтау үшін төлемақы есептелмейді. Көрсетілген уақыттан кейін төлемақы Алматы қаласының жергілікті өкілді органы белгілеген төлемақы мөлшеріне сәйкес сақталған әрбір толық тәулік үшін алынады. Осы тармақтың талаптары Кодекске сәйкес ұсталған және пайдаланылуына тыйым салынған көлік құралдарына қолданылады. Иесіз деп танылған, мемлекет меншігіне тәркіленген немесе өзге де тәсілмен мемлекет меншігіне берілген көлік құралы берілген жағдайда, көлік құралын сақтау үшін ақы төлеу талаптары қолданылмайды. Арнайы алаңда немесе тұрақта тұрған көлік құралын беру актісін басқарушы ұйымның қызметкері қабылдап алушы тұлғаны көлік құралын қозғалысқа келтіру үшін оған нақты жібергенге дейін жасалады.
Тармақ 62
62. Басқарушы ұйым арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізілген көлік құралдарының есебін цифрлық және (немесе) қағаз форматында жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді (шлагбаумдарды және басқа да қоршауларды) орнату
4-тарау. Қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді (шлагбаумдарды және басқа да қоршауларды) орнату
Тармақ 63
63. Көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде қорғаныс конструкцияларын, сондай-ақ тұрғын үй аймақтары мен тұрақ кеңістіктерінде реттеуші элементтерді (шлагбаумдарды және басқа да қоршауларды) орнату көлік және жаяу жүргіншілер ағынын ретке келтіру, сондай-ақ көлік құралдарының рұқсатсыз кіруінің алдын алу мақсатында жүзеге асырылады. Қорғаныс конструкциялары ретінде қоршаулар немесе бұта-теректермен қоршалған шарбақтар пайдаланылуы мүмкін. Реттеуші элементтер ретінде шлагбаумдар, таранға қарсы құрылғылар және қақпалар пайдаланылуы мүмкін. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын жер учаскесінде қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді орнату «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қабылданған жиналыс шешімі негізінде, көппәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған және жиналыстың тиісті хаттамасы рәсімделген жағдайда жүзеге асырылады. Ортақ пайдаланылатын аумақтарда осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 64
64. Осы Қағидалар мемлекеттік жер қоры аумақтарында қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді орнатуға қолданылады. Ортақ пайдаланылатын жерлердің аумақтарында қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді орнату, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі шартымен, мұндай орнату жүзеге асырылатын Алматы қаласы ауданы әкімінің аппаратымен келісу арқылы жүзеге асырылады. Ортақ пайдаланылатын жерлерге жатпайтын жер аумақтарында қорғаныс конструкцияларын және реттеуіш элементтерді орнатқан кезде, мұндай аумақты меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін немесе пайдаланатын тұлғалар оларды орнату туралы хабарламаны орнатуды жүзеге асыратын Алматы қаласы ауданы әкімінің аппаратына жібереді.
Тармақ 65
65. Реттеуші элементтерді орнату кезінде қызмет көрсететін ұйым туралы және (немесе) қызмет көрсететін ұйыммен байланыс тәсілдері туралы ақпарат жарияланады. Реттеуші элементтер тәулік бойы қашықтан басқаруға арналған жабдықтармен және қолмен немесе автоматты түрде ашу тетіктерімен, соның ішінде шұғыл, апаттық, жедел және коммуналдық қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін құралдармен жарақтандырылады.