Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 154 · қабылданған 04.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228506/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшіне енбеген 04.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшіне енбеген Бұйрық № 154 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
154
Қабылданған күні
04.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
22.08.2026
Көрсетілген редакция
04.08.2026 I228506_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039499
ЭКБ идентификаторы
228506
Редакция идентификаторы
I228506_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
12.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

8 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 4 тамыздағы
№ 154 бұйрығына қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 наурыздағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларында:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өсімдіктер дүниесі саласындағы жабайы өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу (тоқтата тұру) өсімдіктер дүниесі объектілерін мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг деректері, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің ұсынымдары, ғылыми, жобалау және қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары, сондай-ақ қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар бойынша міндеттемелер негізінде белгіленеді, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылады.»;

2. «Өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесінде:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және оларды пайдалану лимиттерін айқындау мақсатында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Өсімдік ресурстарын пайдалану лимиттері уәкілетті орган аккредиттеген мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) жүргізетін ресурстық зерттеп-қараулар негізінде айқындалады және оларды астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары ресурстық зерттеп-қарау материалдарында айқындалған мерзімге бекітеді.
Мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресурстық зерттеп-қарауды жүргізуге және анық мәліметтер ұсынуға жауапты болады.
Ресурстық зерттеп-қарауды өсімдік әлемін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша Әдістемеге сәйкес өз қаражаты есебінен жүргізіледі.»;

3. «Өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларында:
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жеке тұлғалардың жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жеке және үй жағдайында қолдану үшін жинауына Заңның 28-бабына сәйкес астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті өкілді органының шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі.»;
15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары бекіткен лимиттер шегінде жүзеге асырылатын, жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану және қайта өңдеу өнімдерін алу үшін оларды дайындау (жинау) жатқызылады.»;
17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Өсімдік ресурстарын пайдалану лимиттері уәкілетті орган аккредиттеген мамандандырылған ұйымдар жүргізетін ресурстық зерттеп-қараулар негізінде айқындалады және оларды астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары ресурстық зерттеп-қарау материалдарында айқындалған мерзімге бекітеді.»;
24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Хабарламаны жеке және (немесе) заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдарына жібереді.»;
27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыруға келісімді не дәлелді бас тартуды ұсынады.
Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары дәлелді бас тартуды ұсынған жағдайда, қызмет бас тарту негіздері жойылған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.».