Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 119 · қабылданған 03.08.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228508/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 119 ·03.08.2026
03.08.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 119 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
119
Қабылданған күні
03.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
03.08.2026 I228508_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039503
ЭКБ идентификаторы
228508
Редакция идентификаторы
I228508_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:31

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүліктік шығындарды өтеудің қаржыландыру көзін өңірлік комиссия Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты және/немесе ұйымдардың қаражаты, Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті жарналары, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің қаражаты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен айқындайды.»;
10-тармақтың 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
15-тармақтың 7) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
1-қосымшада 9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда шешімдер қабылдайды.»;
2-қосымшада 9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда шешімдер қабылдайды.».

2

2. «Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37325 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3

3. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 42) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-қосымшаның 9-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6-қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Кепілдік беру туралы есеп

Тізбеге қосымша
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау шаралары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан орналастырылған интернет-ресурс: www.economy.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде кепілдік беру туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ОГ-1.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20 _____ж. _____ – _____ аралығындағы кезең.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 30 (отыз) күніне дейін.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ақпаратты жинауға және онымен алмасуға арналған ақпараттық жүйелер арқылы немесе жазбаша түрде (есепті жазбаша түрде ұсынған кезде есептің электрондық нысаны жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жіберіледі).
Кепілдік беру туралы есеп
Р/с

Облыс атауы
Қарыз шарты бойынша кредит сомасы (мың теңге)
Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы (мың теңге)
Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы (мың теңге)
1
2
3
4
5
Атауы ___________________ Мекенжайы_______________________
Телефоны ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________
Орындаушы ________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________ _______________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны _______________________________

1.1 «Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде кепілдік беру туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

«Кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламалары шеңберінде
кепілдік беру туралы есеп»
нысанына қосымша
«Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде кепілдік беру туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(Индексі – ОГ-1, кезеңділігі: ай сайын)

1 1. Әкімшілік нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

2

2) кепілдік – қаржы агенттігінің кредитор алдындағы кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде қарыз шарты/қаржы лизингі шарты/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/опциондық келісім бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша/кепілдік беру міндеттемесінен туындайтын орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу/жобаның құрылысын аяқтау туралы (жоба бойынша барлық шығындарды және басқа да қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерді төлеуді немесе төлеуді және өтеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда), акционерлерді/қатысушыларды қолдау туралы келісім (жобалық келісім) бойынша міндеттемелерінің орындалуына жауап беру міндеттемесі;

3

3) кепілдік беру – «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысында және кепілдік шартымен/кепілдік міндеттемесімен айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит/қаржы лизингі/шартты міндеттеме/кәсіпкердің орналастырылған облигациялары бойынша негізгі қарыздың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін және банктер алдындағы өзге де міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің кредиторлар алдында кепілдік беруі;

4 4) қарыз шарты – кредитор мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге кредит беріледі (кредиттік желі ашу туралы келісім де қарыз шартына жатады).

2 2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер

Осы түсіндірмеде өтеусіз негізде «Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде кепілдік беру туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптар айқындалады.
Нысанды қаржы агенттігі ай сайын жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.
Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
Нысанда мынадай деректер қамтылады:
«Р/с №» деген 1-бағанда реттік нөмір санымен көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлеу реті үзілмейді;
«Облыс атауы» деген 2-бағанда кәсіпкерді тіркеу/қаржыландыру орнына сәйкес келетін, ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес астана немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала көрсетіледі;
«Қарыз шарты бойынша кредит сомасы» деген 3-бағанда кредит желісін ашу туралы келісім/қарыз шарты шеңберінде облыс бойынша берілген кредиттің жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі;
«Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы» деген 4-бағанда кредиттік желіні ашу туралы келісім/қарыз шарты шеңберінде берілген кепілдіктің жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі;
«Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы» деген 5-бағанда облыс бойынша қаржы агенттігінің орындаған талаптарының жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі.

Қолданыстағы