О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 78/қе
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 I228509_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039504
- ЭКБ идентификаторы
- 228509
- Редакция идентификаторы
- I228509_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:30
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қамтамасыз ету және кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 78/қе
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Төрағасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12873 болып тіркелген).
2
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13812 болып тіркелген).
3
3. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14450 болып тіркелген).
4
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14488 болып тіркелген).
5
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18018 болып тіркелген).
6
6. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 8 ақпандағы № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20013 болып тіркелген).
7
7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26463 болып тіркелген).
8
8. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысын, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 416 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30705 болып тіркелген).
9
9. «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31022 болып тіркелген).
10
10. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу және оның құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31787 болып тіркелген).
11
11. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35954 болып тіркелген).