О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 76/қе
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 I228524_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039507
- ЭКБ идентификаторы
- 228524
- Редакция идентификаторы
- I228524_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:31
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қамтамасыз ету және кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 76/қе
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген).
2
2. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу және оның құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31766 болып тіркелген).
3
3. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35942 болып тіркелген).