О создании антитеррористической комиссии Майского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании антитеррористической комиссии Майского района
- Атауы (қаз.)
- Май ауданының терроризмге қарсы комисcиясын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 144/5
- Қабылданған күні
- 15.05.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2026 228558_833566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PJ01445A
- ЭКБ идентификаторы
- 228558
- Редакция идентификаторы
- 228558_833566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:52
0 Май ауданының терроризмге қарсы комисcиясын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 246/10 «Май ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамы жаңа редакцияда бекітілсін.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясы туралы ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
4. «Май ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат сессиясында аудандық терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекітуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6 Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясының ҚҰРАМЫ
Павлодар облысы
Май ауданы әкімдігінің
қаулысына 1- қосымша
2026 жыл «15» мамыр № 144/5
Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясының
ҚҰРАМЫ
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 30.07.2026 № 215/7 қаулысымен.
Сатиев
Кадылжан Кайрбекович
Май ауданының әкімі, комиссия төрағасы;
Бигалиев Ролан Ардақұлы
Қазақстан Республикасы ҰҚКД Павлодар облысы бойынша Ақсу қалалық бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Сагымбаев
Даурен Токтасынович
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-
құқықтық бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы;
Абусейт Жансейт Абусейтұлы
Май ауданы прокуроры комиссия мүшесі;
Сыздыкбаев Адилет Толеутаевич
Май ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі;
Темирбулатова Орынбасар Нажмиденовна
Май ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі;
Калиакбаров Азамат Ержанович
Май ауданы полиция бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Ашимов Нурдан Абаевич
Май ауданы әкімі аппаратының басшысы, комиссия мүшесі;
Рахманбергенова Жайрангүл Балтабекқызы
«Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі;
Қайырбек Шырын Қайырбекқызы
«Май ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі;
Енсебаев Руслан Ерикович
«Май ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Комашева
Жанар Советовна
«Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»» ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі(келісім бойынша);
Ахтанов Алшынбек Рашидович
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері м.а, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Асқар Бахытбек Асқарұлы
Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Май аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Искара Дастан Абукумарович
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ-нің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша).
Мусина Макпал Мухтарбековна
"Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" ММ басшысының м.а. комиссия мүшесі;
Сергазина Адия Ныгыметовна
Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Сыздыкбаев Талгат Аскарович
Май ауданының қаржы бөлімі ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі;
Бакауов Медет
Жангельдинович
"Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы, комиссия мүшесі;
7 Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясы туралы Ереже
Павлодар облысы
Май ауданы әкімдігінің
қаулысына 2 қосымша
2026 жыл «15» мамыр № 144/5
Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясы туралы
Ереже
1
1. Жалпы ережелер
1. Май ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық бөлімшелерінің экстремизм мен терроризмнің алдыналу, терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Терроризмге қарсы комиссия Май ауданы шегінде Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін іске асырады.
3. Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдар, терроризімге қарссы іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеқұрайды.
2
2. Негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері терроризмге қарсы комиссия
4. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері:
1) Май ауданының аумағында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасын жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындау;
2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, экстремизм мен терроризмнің көрінуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризмнің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды әзірлеу, осы шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу.
5. Негізгі міндеттерге сәйкес терроризмге қарсы комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
1) Май ауданындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, терроризм көріністерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;
2) Май ауданындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға, олардың көріністеріне ықпал ететін жағдайлар мен факторлардың пайда болуына, дамуына ықпал ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни процестердің мониторингі, оларды бағалау және болжау;
3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизм мен терроризмнің алдын алу, барынша азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру
4) терроризмнің профилактикасы, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметінің келісілуіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
5) экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдарды қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
6) терроризмге қарсы комиссия шешімдерін орындау мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссия аппаратының есебін тыңдау;
7) террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйін зерделеу, проблемаларды талдау, терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
8) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, орындаушылар арасында өзара алмасуды ұйымдастыру;
9) экстремизм мен терроризмнің профилактикасы саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеуде және келісілген жүзеге асыруда ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) Май ауданында террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу, бекіту, енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
11) Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
6. Терроризмге қарсы комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін құқылы:
1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, терроризм көріністерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін ұйымдастыруға, үйлестіруге және жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге;
2) экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
4) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды органдарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) тартуға құқылы.
5) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарын белгіленген тәртіппен экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша тыңдауға міндетті.
3
3. Терроризмге қарсы комиссияның құрамы
7. Май ауданының әкімі лауазымы бойынша терроризмге қарсы комиссияның төрағасы болып табылады.
8. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы:
1) оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының штабымен (бұдан әрі – терроризмге қарсы орталықтың штабы) терроризмге қарсы комиссияның алдағы жылға арналған жоспарын келіседі;
3) ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей терроризмге қарсы орталық штабымен келісілген терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жоспарын бекітеді;
4) тоқсанның соңғы айының 25-күніне қарай терроризмге қарсы орталықтың штабын есепті кезеңдегі терроризмге қарсы комиссияның жұмысы туралы хабардар етеді (отырыстар хаттамаларының, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық құжаттардың және өзге де материалдардың көшірмелерін ұсынады).
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы Май ауданының терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.
10. Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына олардың Май ауданының аумағында болуына қарай жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
11. Терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша комиссия құрамына тиісті органдармен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін.
Май ауданы әкімінің ұсынысы бойынша терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын Май аудандық мәслихаты бекітеді.
4
4. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру
12. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығын үйлестіру кезінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
13. Терроризмге қарсы комиссия өз жұмысын Павлодар облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен өзара іс-қимылда құруда.
14. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін жоспарлы негізде жүзеге асырады.
15. Терроризмге қарсы комиссияның отырыстарын терроризмге қарсы комиссияның төрағасы тоқсанына кемінде бір рет өткізеді. Қажет болған жағдайда терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
16. Терроризмге қарсы комиссия мүшелері отырыста қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
Терроризмге қарсы комиссия мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы Терроризмге қарсы комиссияның төрағасына алдын ала жазбаша хабарланады және тиісті орган өкілінің кандидатурасы ұсынылады.
Аталған өкіл терроризмге қарсы комиссияның төрағасымен келісілгеннен кейін оның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Терроризмге қарсы комиссияның отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
17. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
18. Терроризмге қарсы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған терроризмге қарсы комиссияның төрағасы қол қояды.
19. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін іске асыру үшін актілер (бірлескен актілер) қабылдай алады.
20. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Май ауданының әкімі жүзеге асырады.
Осы мақсаттар үшін әкім өз құзыреті шегінде:
кемінде екі адамнан тұратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшесін (терроризмге қарсы комиссия аппаратын) айқындайды;
терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы ретінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен қауіпсіздік, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл саласында жеткілікті өкілеттігі бар, осы жұмысты ұйымдастыруға жауапты уәкілетті лауазымды адамды тағайындайды.
Терроризмге қарсы комиссияның аппаратындағы жұмысқа келісім бойынша терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылуы мүмкін.
21. Терроризмге қарсы комиссия аппараты:
1) терроризмге қарсы комиссияның тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді;
2) терроризмге қарсы комиссияның отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы мен терроризмге қарсы комиссия отырысының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
4) Май ауданындағы экстремизм мен терроризмнің профилактикасы саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және діни процестер туралы ақпаратты талдайды, терроризмге қарсы комиссияның олардың көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстарын әзірлейді;
5) терроризмге қарсы комиссияның терроризмге қарсы орталық штабымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссиялар аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
7) терроризмге қарсы комиссия Аппараты жанындағы тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады.
Жұмыс тобының негізгі міндеті терроризмге қарсы комиссияның отырыстарына дайындау, экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы проблемаларды жою бойынша келісілген шараларды зерделеу және әзірлеу болып табылады.
Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының қызметін үйлестіру бойынша қажетті өкілеттіктері бар лауазымды тұлға жұмыс тобының басшысы болып табылады.
Жұмыс тобының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру тәртібі Май ауданы әкімінің шешімімен бекітіледі.