Құжат мәтініне өту

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қаулы · № а-7/247 · қабылданған 28.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228573/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Қолданыста Қаулы ·№ а-7/247 ·28.07.2026
28.07.2026 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қолданыста Қаулы ·№ а-7/247 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета
Атауы (қаз.)
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-7/247
Қабылданған күні
28.07.2026
Көрсетілген редакция
28.07.2026 I228573_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BS07247A
ЭКБ идентификаторы
228573
Редакция идентификаторы
I228573_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:33

0 Аудандық бюджет

шығыстарының басым
бағыттарының тізбесін
айқындау туралы
«Бюджетті қазынашылық атқару және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі «Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы» № а-9/366 қаулысының, Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/366 «Бурабай ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттардың тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 13 сәуірдегі № а-4/152 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

0 Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

Бурабай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ______
№ ____________қаулысына
Қосымша
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

1

1. Ауданның жергілікті атқарушы органының борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер, жоғары тұрған бюджетке трансферттерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді қайтару, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар, алименттер, міндетті зейнетақы төлемдері жарналар, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, тұрғын үй төлемдеріне, жеке тұлғаларға трансферттерге аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар, банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар мен субсидиялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

2

2. Келесі бағыттар бойынша шығыстар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, іссапар және қызметтік сапарлар, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, сондай-ақ пайда болған жағдайда төлемдерді (жүргізу, жүзеге асыру) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары.

Қолданыстағы