Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 123 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228580/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшіне енбеген 05.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшіне енбеген Бұйрық № 123 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
123
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
23.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 I228580_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039519
ЭКБ идентификаторы
228580
Редакция идентификаторы
I228580_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:33
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 123 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18490 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру парағында:
реттік нөмірі 8-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2. «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – РӘТ жөніндегі есеп) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы қалыптастырған есеп;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Есептер/РӘТ жөніндегі есептер реттеуші мемлекеттік органдардың/астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға енгізіледі.»;
6-тармақта:
2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу, бақылауды және қадағалауды бұзушыларға шоғырландыру негізінде мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүргізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы үшін оларды ынталандыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат;»;
2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жылдық есепті қалыптастыру кезеңінде қажет болған кезде, бірақ осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған жылдық есепті қалыптастырудың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган есептерді/РӘТ жөніндегі есептерді пысықтау үшін ескертулерді алған кезден бастап оларды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде пысықтайтын тиісті реттеуші мемлекеттік органға/астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына жолдайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпаратта:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Өтініш берген кезден бастап рұқсат беру құжатын берудің ең ұзақ мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бе
Жоқ _________________
Иә __________________
Күндер саны __________
____ жұмыс күні, күнтізбелік _______ күн пайдаланылады
»;
реттік нөмірі 6 және 15-жолдарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі реттейтін ұйымдар жөніндегі ақпаратта:
реттік нөмірі 7-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) реттеушілік актіге талдау (бұдан әрі – РАТ) жүргізудің ұсынылатын мерзімдерін көрсетеді.
РАТ жүргізу мерзімдері ай мен жыл форматында көрсетіледі, онда көрсетілген айдан кейінгі бірінші күнге дейін РАТ жүргізу рәсімдері аяқталады және оны жүргізудің келесі мерзімі айқындалады.
РАТ жүргізу мерзімдері осы тармақтың алтыншы абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, реттеушілік акт қабылданған күннен бастап немесе алдыңғы РАТ рәсімі аяқталған күннен бастап заңдар үшін үш жылдан, ал өзге де нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттар үшін екі жылдан аспауға тиіс.
Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес құрылатын Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган негіздеме және (немесе) оны жүргізудің өзге мерзімін белгілеу қажет болған жағдайда РАТ жүргізудің өзге мерзімін белгілейді.»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптар бойынша тізілімнен алып тасталған не тізілімде болмау фактісі анықталған күннен бастап алты ай ішінде;»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік саласындағы
міндетті талаптардың тізілімін
жүргізу қағидаларына қосымша»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

9 Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпарат ____________________________________________________________ (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының атауы)

Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік
палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді
сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпарат
____________________________________________________________
(астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік саласында
басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының атауы)
1.
Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы берілген қорытындылар саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)
2.
Реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлау кезінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)
3.
Қайта қарау жоспарын орындау шеңберінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)
4.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган мақұлдаған реттегіш құралдардың немесе реттеуді қатаңдатудың саны (хаттама күні мен нөмірі)
5.
Реттегіш құрал немесе реттеуді қатаңдату қолданысқа енгізілген күн

2 Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі

Тізбеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 131 бұйрығына
қосымша
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі
р/с №
Рет­те­у­ші­лік акт
Кә­сіп­кер­лік са­ла­сы (Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші­нің бө­лім­де­рі бой­ын­ша)
Рет­те­у­ші мем­ле­кет­тік ор­ган
Рет­те­у­ші­лік ак­ті­ге тал­дау жүр­гі­зу мер­зі­мі
Құқық­тық ақ­па­рат­тың бі­рың­ғай жүй­е­сіне ги­пер­сі­л­те­ме
Рет­те­у­ші­лік ак­ті­лер де­рекна­ма­сы­на сі­л­те­ме
Рет­те­у­ші­лік ак­ті­нің мәр­те­бе­сі
1
2
3
4
5
6
7
8
1. Заң­дар
2. Заң­ға тәу­ел­ді ак­ті­лер
3. Өзге де рет­те­у­ші­лік ак­ті­лер