Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размер льгот на территории Сандыктауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размер льгот на территории Сандыктауского района
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/161
- Қабылданған күні
- 28.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2026 I228584_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BP02161A
- ЭКБ идентификаторы
- 228584
- Редакция идентификаторы
- I228584_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:33
0 Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
Бекітілген
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ А-2/161 қаулысымен
Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
№
Азаматтар санаттары
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері болып табылатын мектеп жасындағы балалар
Тегін
4
Ардагер спортшылар
Тегін
5
Мектеп оқушылары
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік
*Ескерту: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық нысандарға қолданылады.