Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот на территории Астраханского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот на территории Астраханского района
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-8/127
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228609_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BF08127A
- ЭКБ идентификаторы
- 228609
- Редакция идентификаторы
- I228609_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:32
0 Астрахан ауданының аумағында
мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен
пайдаланатын азаматтар санаттарының
тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астрахан ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары П.Ю. Барахоеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
Астрахан ауданы
әкімдігінің
20__ жылғы «__»________
№ ___/__ қаулысына
қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
№
Азаматтардың санаттары
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көпбалалы отбасылардан шыққан оқушы балалар
Тегін
3
Балалар үйінің оқушы балалары
Тегін
4
Ардагер спортшылар
Тегін
5
Мектеп оқушылары
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер