Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Алматинской области»

Қаулы · № 193 · қабылданған 06.08.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228622/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Алматинской области» Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 193 ·06.08.2026
06.08.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Алматинской области»

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 193 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Алматинской области»
Атауы (қаз.)
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
193
Қабылданған күні
06.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
06.08.2026 I228622_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D000193A
ЭКБ идентификаторы
228622
Редакция идентификаторы
I228622_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:30

0 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 438 қаулысы жойылсын.

3 3.  «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4.  Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5.  Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Алматы облысы әкімдігінің

2026 жылғы 6 тамыздағы
№ 193 қаулысына қосымша
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3 3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4

4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5 5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6 6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7 7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4 шағын аудан, 47/1 үй.

10 10. Осы ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

12 12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13 13. Мақсаттары:

1 1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

2 2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

3 3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.

14 14. Өкілеттіктері:

1 1) құқықтары:

мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

2 2) міндеттері:

Оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15 15. Функциялары

1 1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

2 2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3 3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

4 4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

5 5) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

6 6) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

7 7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

8 8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

9 9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

10 10) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

11

11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

12 12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

13 13) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

14 14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

15 15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

16 16) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

17 17) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

18 18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

19 19) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

20 20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

21 21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

22 22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

23 23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

24 24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

25

25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

26 26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;

27 27) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

28 28) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

29 29) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

30 30) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

31 31) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітуге енгізеді;

32

32) Азия, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне, сондай-ақ жоғарыда аталған ойындарға қатысуға лицензия алған спортшыларға мен олардың жаттықтырушыларына облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізуіне бюджеттік қаражат көлемінің шегінде көтермелеу төлемдерін жүзеге асырады;

33 33) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

34 34) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

35 35) басқармасының құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

36 36) жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында келіп түскен өтініштерге талдау жасайды.

3 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16 16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

17 17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18 18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

19 19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1 1. Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2 2. Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3 3. Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;

4 4. Өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;

5 5. Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүмдесін білдіреді;

6 6. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20 20. Бірінші басшы өз орынбасарын өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

21 21. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқармада мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22 22. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқармада өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26 26. Басқармада қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1 1)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2 2)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3 3)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4 4)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5 5)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6 6)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер» спорттың олимпиадалық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7 7)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының ату спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8 8)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.;

9 9)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №1 балалар жасөсіпірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10 10)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының №2 мамандандырылған балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11 11)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12 12)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13 13)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14 14)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жалағаш ауылындағы Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15 15)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16 16)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17 17)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18 18)Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19 19)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20 20)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық спорт түрлерін дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

21 21)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22 22)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

23 23)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24 24)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

25 25)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бұқаралық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26 26)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27 27)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

28 28)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29 29)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

30 30)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

31 31)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

32 32)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

33 33)«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының Жақсылық Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қолданыстағы