Құжат мәтініне өту

Об установлении границ охранной зоны магистрального трубопровода (вокруг газораспределительных станций) и определения режима использования земель в них

Қаулы · № 163 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228625/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении границ охранной зоны магистрального трубопровода (вокруг газораспределительных станций) и определения режима использования земель в них Күшіне енбеген Қаулы ·№ 163 ·05.08.2026
05.08.2026 редакциясы
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 21.08.2026.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ охранной зоны магистрального трубопровода (вокруг газораспределительных станций) и определения режима использования земель в них

Күшіне енбеген Қаулы ·№ 163 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ охранной зоны магистрального трубопровода (вокруг газораспределительных станций) и определения режима использования земель в них
Атауы (қаз.)
Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарының шекарасын белгілеу және сол жерлерді пайдалану режимiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
163
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 228625_833481.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26L000163A
ЭКБ идентификаторы
228625
Редакция идентификаторы
228625_833481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:30

0 Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарының шекарасын белгілеу және сол жерлерді пайдалану режимiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына және «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына, 14-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарының шекаралары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2026 жылғы « 5 » тамыздағы
№ 163 қаулысына
1-қосымша
Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарының шекаралары

Жер санаты
Күзет аймақтары шекараларының көлемі, гектар
Күзет аймақтарының шекаралары (аумақ шекараларынан барлық жаққа кейін қалатын), метр
1
2
3
4
Арал ауданы
1
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
1,4250
100
2
босалқы жер
4,3237
Барлығы:
5,7487
-
Қазалы ауданы
3
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
0,3746
100
4
босалқы жер
2,0007
Барлығы:
2,3753
-
Сырдария ауданы
5
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
1,3352
100
6
босалқы жер
2,2852
Барлығы:
3,6204
-
Жинағы:
11,7444
-

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2026 жылғы « 5 » тамыздағы
№ 163 қаулысына
2-қосымша
Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi
Магистральдық құбырдың (газ тарату станцияларының төңірегінде) күзет аймақтарында:

1 1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;

2 2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3

3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

4 4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

5 5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

6 6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

7 7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8 8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы