Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Аппарат маслихата города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Аппарат маслихата города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 448/57-VIII
- Қабылданған күні
- 28.07.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2026 I228626_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26AAZ4485M
- ЭКБ идентификаторы
- 228626
- Редакция идентификаторы
- I228626_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:33
0 «Астана қаласы мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесі
туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1 1) Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 230/31-VII «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешімінің;
2 2) «Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 230/31-VII «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 300/37-VII шешімінің;
3
3) «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №230/31-VII шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 202/24-VIII шешімінің.
3 3. «Астана қаласы мәслихатының аппараты» Мемлекеттік мекемесінің басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
0 Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 448/57-VIII шешіміне
қосымша
«Астана қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
3 3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5 5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6 6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7 7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8 8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10 10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады
11 11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13 13. Мақсаттары:
1 1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2 2) мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
3 3) мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттар.
14 14. Өкілеттіктері:
1 1) құқықтары:
1.1 1.1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды сұратуға;
1.2 1.2) мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
2 2) міндеттері:
2.1 2.1) депутаттық сауалдар және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдауға;
2.2 2.2) Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
2.3 2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
15 15. функциялары:
1 1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2 2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
3 3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;
4 4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
5 5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
6 6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау, талдау, мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
7 7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8 8) Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу;
9 9) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10 10) мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
11 11) мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
12 12) мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
13 13) петициялармен жұмыс жүргізуге мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
14 14) қажет болған жағдайда петицияларды электрондық және (немесе) қағаз түрінде беру мәселелері бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсету;
15 15) Аппарат қызметінің кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру;
16 16) іс жүргізуді, құжат айналымын және құжаттардың архивте сақталуын жүргізу;
17 17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
3 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16 16. Аппаратқа басқаруды Аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17 17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18 18. Аппарат басшысы:
1 1) Аппараттың қызметіне басшылық жасайды;
2 2) Өз құзыреті шегінде Аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3 3) Аппараттың «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметшілерді тағайындайды және көрсетілген лауазымдардан босатады;
4 4) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6 6) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7 7) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8 8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9 9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы өкімдердің жобаларын дайындайды;
11 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12 12) Аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19 19. Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20 20. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.