Құжат мәтініне өту

Вопросы проведения государственных закупок

Өзге акт · № 1 · қабылданған 07.01.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22869/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Вопросы проведения государственных закупок Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·07.01.2005
28.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы проведения государственных закупок

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы проведения государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
07.01.2005
Көрсетілген редакция
28.07.2011 22869_206347.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05T0002312
ЭКБ идентификаторы
22869
Редакция идентификаторы
22869_206347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:17

0 Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Аудандардың және Атырау қаласының әкімдері бюджет шығыстары сметасымен бекітілген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды дербес жүргізсін.

2 2. Өзіндік-облыстық бюджет бағдарламалары әкімшілері үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы болып Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі -

Конкурсты ұйымдастырушы) белгіленсін.

3 3. Конкурсты ұйымдастырушының департаменттер, облыстық әкімият басқармалары және тапсырыс беруші өкілдері ішінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия мен сарапшылар топтарының құрамын бекітуге құқығы бар.

4 4. Қоса берілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментін конкурс ұйымдастырушысы етіп белгілеу ұсынылсын.

5

5. Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру мақсатында және аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандарға және мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі тиісті ақпаратты Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ұсынсын.

6 6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешімі (Атырау облысы әділет басқармасында 2002 жылдың 8 шілдесінде № 1042 тіркелген);

2 2) Облыс әкімінің 2004 жылғы 8 мамырдағы № 52 Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылдың 28 маусымында № 2027 тіркелген).

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктеледі.

10 Облыс әкімиятының

2005 жылғы 7 қаңтардағы № 1
қаулысына қосымша
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тізбесі

Атауы
1
Бюджеттік ұйымдар үшін 2005-2006 жылдардың жылыту кезеңіне
қатты және сұйық отын сатып алу
2
Атырау облысы білім беру мекемелері үшін лингафондық және
мультимедиялық кабинеттер сатып алу
Мақат ауданы
3
Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі Шәріпов атындағы орта
мектеп жанындағы 420 оқу орындық интернат құрылысы
4
Мақат ауданы Белинский атындағы орта мектеп үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу
Исатай ауданы
5
Исатай ауданы Ерғалиев селосындағы 320 оқу орындық орта
мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалғасы
6
Исатай ауданы Забурын селосындағы 320 оқу орындық орта
мектептің құрылысы
7
Исатай ауданы Исатай селосындағы 250 оқу орындық орта
мектептің құрылысы
8
Исатай ауданы Забурын селосындағы орта мектеп үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу
9
Исатай ауданы "Қарлығаш" бала бақшасы үшін активтер мен өзге
де тауарлар сатып алу
Жылыой ауданы
10
Құлсары-Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай топтың су құбырын қайта
құрылымдау
Қызылқоға ауданы
11
Қызылқоға ауданының "Киізауыз-қарабау" құбырын қалпына
келтіру жұмыстарын жобалау
Махамбет ауданы
12
Махамбет поселкесіндегі газ құбыры желілерін күрделі жөндеу
Құрманғазы ауданы
13
Құрманғазы ауданының Асан селосындағы Момышұлы атындағы орта
мектеп үшін активтер мен өзге де тауарлар сатып алу
14
Құрманғазы ауданының Ұштаған селосындағы Құрманғазы атындағы
орта мектеп үшін активтер мен өзге де тауарлар сатып алу
Индер ауданы
15
Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақшаны күрделі жөндеу
16
Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақша үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу
17
Индер ауданының Арман бала бақшасын күрделі жөндеу
Атырау қаласы
18
Атырау қаласы "Сельстрой" шағын ауданындағы орта мектеп үшін
активтер мен өзге де тауарлар сатып алу
19
Атырау қаласының Курилкин селосындағы орта мектеп үшін
активтер мен басқа да тауарлар сатып алу

Қолданыстағы