Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Алматинского областного маслихата»

Ереже · № 53-315 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228713/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Алматинского областного маслихата» Қолданыста 05.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Алматинского областного маслихата»

Қолданыста Ереже № 53-315 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Алматинского областного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
53-315
Қабылданған күні
05.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 I228713_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D053315M
ЭКБ идентификаторы
228713
Редакция идентификаторы
I228713_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:33
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алматы облыстық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 34-152 шешімімен бекітілген Алматы облыстық мәслихаты Регламентінің 78-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған «Алматы облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

2. Алматы облыстық мәслихатының мынадай шешімдері жойылсын:

1) 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-63 «Алматы облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»;

2) 2022 жылғы 29 шілдедегі № 23-109 «Алматы облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы»;

3) 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 34-151 «Алматы облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы».

3. «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Ережені аумақтық уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

7 Алматы облыстық мәслихатының

2026 жылғы 5 тамыздағы № 53-315 шешіміне қосымша
«Алматы облыстық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты), Алматы облыстық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексi 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4.

10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары: негізгі мақсаты – мәслихаттың және оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсету.

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасау;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру

15. Функциялары:

мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. Мәслихат аппараты басшысының  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Мәслихат аппаратының басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.