Об установлении охранной зоны Иле-Алатауского государственного национального природного парка на территории города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении охранной зоны Иле-Алатауского государственного национального природного парка на территории города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының аумағында Іле - Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 3/505
- Қабылданған күні
- 10.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2026 I228715_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26R003505A
- ЭКБ идентификаторы
- 228715
- Редакция идентификаторы
- I228715_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 14.08.2026 03:30
0 Алматы қаласының аумағында Іле - Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 123-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1) Алматы қаласының аумағында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, ені кемінде екі километр, жалпы ауданы 7 652,54 гектар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі – Ұлттық парк) күзет аймағы;
2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Ұлттық парктің күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі.
2. «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;