Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил взаимодействия Министерства юстиции Республики Казахстан и Министерства финансов Республики Казахстан по представлению органом государственных доходов конфиденциальной информации

Бұйрық · № 761 · қабылданған 06.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228717/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил взаимодействия Министерства юстиции Республики Казахстан и Министерства финансов Республики Казахстан по представлению органом государственных доходов конфиденциальной информации Күшіне енбеген 06.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил взаимодействия Министерства юстиции Республики Казахстан и Министерства финансов Республики Казахстан по представлению органом государственных доходов конфиденциальной информации

Күшіне енбеген Бұйрық № 761 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил взаимодействия Министерства юстиции Республики Казахстан и Министерства финансов Республики Казахстан по представлению органом государственных доходов конфиденциальной информации
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
761
Қабылданған күні
06.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
23.08.2026
Көрсетілген редакция
06.08.2026 I228717_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D0000761
ЭКБ идентификаторы
228717
Редакция идентификаторы
I228717_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:32
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл

қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы әділет және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 542 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 6 тамыздағы
№ 761
Бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну
жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен шығарылған жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді импорттау бойынша құпия ақпаратты (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

2 тарау. Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Мәліметтерді «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабында көзделген сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі Комитеттің функциясын іске асыру мақсатында ұсынады.

3. Мәліметтерді ұсыну Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мәліметтер мынадай тәсілдердің бірімен ұсынылады:

1) мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесінен Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы;

2) Мәліметтерді жүктеп беру, оның ішінде алмалы-салмалы жеткізгіштерде беру арқылы.

5. МКК-нің Мәліметтерді ұсынуы үшін негіз Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанындағы Комитеттің сұрау салуы болып табылады.

6. Мәліметтер тізбе бойынша және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы нақты уақыт режимінде немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесінің сұрау салуды өңдеу шамасына қарай ұсынылады.

7. Мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылға дайын болу сәтіне және интеграциялық сервистерді дайындау жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін Мәліметтер Тізбе бойынша және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ай сайын айдың оныншы күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Комитет Қағидалар шеңберінде алынған Мәліметтерді өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидаларға сәйкес алынған Мәліметтерді заңсыз таралудан қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

8. Комитеттің осы Қағидалар шеңберінде алынған Мәліметтерді жұмыста пайдаланатын лауазымды адамдары мұндай Мәліметтерді өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратпайды.

1.1 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік кірістер органы ұсынатын құпия ақпараттың ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер
органының құпия
ақпаратты ұсыну
жөніндегі өзара іс-қимыл
Қағидаларына қосымша
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік кірістер органы ұсынатын құпия ақпараттың
ТІЗБЕСІ
№ р/с
Мәліметтердің атауы
Графы из ДТ
1.
Шығару күні
С
2.
Импорттаушының атауы
14
3.
Импорттаушының ЖСН/БСН
14
4.
Тауардың атауы, тауардың моделі
31
5.
Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)
33
6.
Шығарылған елі
34
7.
Жөнелту елі (атауы)
15
8.
Тағайындалу елі (атауы)
17
9.
Кедендік құн
22
10.
Тауардың өлшем бірлігі (болған кезде)
45
11.
Саны (көлемі) (болған кезде)
41
12.
Тауарларға арналған декларацияның нөмірі
41
13.
Кедендік құн
А
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ТАД – тауарларға арналған декларация.