Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об учреждении государственной стипендии Президента Республики Казахстан в области культуры

Жарлық · № 1391 · қабылданған 06.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228775/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об учреждении государственной стипендии Президента Республики Казахстан в области культуры Қолданыста 06.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об учреждении государственной стипендии Президента Республики Казахстан в области культуры

Қолданыста Жарлық № 1391 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учреждении государственной стипендии Президента Республики Казахстан в области культуры
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
1391
Қабылданған күні
06.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
06.08.2026
Көрсетілген редакция
06.08.2026 I228775_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2600001391
ЭКБ идентификаторы
228775
Редакция идентификаторы
I228775_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:32
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мəдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттілікке қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығы.

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 345 Жарлығы.

3. «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 370 Жарлығы.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

5. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 404 Жарлығы.
___________