Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Алматинской области»

Қаулы · № 199 · қабылданған 11.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228795/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Алматинской области» Күшіне енбеген 11.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Алматинской области»

Күшіне енбеген Қаулы № 199 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Алматинской области»
Атауы (қаз.)
«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
199
Қабылданған күні
11.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2026
Көрсетілген редакция
11.08.2026 I228795_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D000199A
ЭКБ идентификаторы
228795
Редакция идентификаторы
I228795_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 170 қаулысы жойылсын.

3. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Алматы облысы әкімдігінің

2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 199 қаулысына қосымша
«Алматы облысының туризм басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1

1. Жалпы ережелер

1. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

7. Басқарма өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штаттық бірліктерінің лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі 14/3.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға Басқарманың өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке есепке алынуға жатады.

2

2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) Туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) Туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

3) Өз құзыреті шегінде Алматы облысының аумағында туризм саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және бақылау;

4) Мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

5) Облыстың елді мекендерінде туристік сервистерге қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

6) Басқарманың және облыстың мемлекеттік органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, халықпен тиімді байланысты дамыту;

7) Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Ұлттық жобалар мен кешенді даму жоспарларын облыс аумағында іске асыру;

8) Ішкі және келу туризмін ынталандыру, туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

9) Туризм саласына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;

10) Туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

11) Туристік қызметтердің сапасын жақсарту;

12) Өңірдің туристік имиджін ішкі және халықаралық деңгейде ілгерілету.

14. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

- Туризмды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- Белгіленген тәртіппен республикалық және халықаралық туристік іс-шараларға қатысу;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасау;
- Алматы облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы облысы әкімдігінің қаулылары мен Алматы облысының туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдар мен олардың басшыларынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат пен материалдар талап ету және алу;
- Облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
- Туристік сала бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
- Қызметті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру;
- Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) Міндеттері:

- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
- Туристік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жоғары сапалы туристік инфрақұрылым құруға жәрдемдесу;
- Ведомстволық бағынысты мүлікті жедел басқару құқығында пайдалануды жүзеге асыру;
- Заңнамада белгіленген тәртіппен туристік іс-шаралар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- Заңнамада белгіленген тәртіппен туристік іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтерді/жұмыстарды сатып алу шартын жасасу және оның орындалуын бақылау;
- Туризм саласында республика өңірлерімен, таяу және алыс шетелдермен өңіраралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарды дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде туристік саладағы өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және облыс әкімінің Басқарма құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің, оның ішінде «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар және «Құпия» грифтері бар құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау, азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жүйелі мәселелерді анықтау;

3) Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін уәкілетті органға есептік ақпарат ұсыну, бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жоспарларын әзірлеу және тиісті іс-шараларды іске асыру;

4) Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласындағы басқармасы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

5) Туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және Алматы облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету;

6) Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

7) Алматы облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;

8) Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсету;

9) Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

10) Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

11) Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;

12) Туристік ақпарат орталығын құру;

13) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы облысы бойынша туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

14) Гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

15) Уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;

16) Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

17) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдау;

18) Туризмді дамытуға туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;

19) Туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландыру;

20) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

21) Өңірлік туристік ресурстарды қорғау шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;

22) Туристік индустрияға жаңа цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

23) Алматы облысының туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ақпараттық дүңгіршектерді, инфрақұрылым объектілерін, қондырғыларды, құрылыстарды және т.б., жайластыру, орнату және техникалық қызмет көрсету (соның ішінде ағымдағы жөндеу);

24) Туризм саласындағы бақылаудағы жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерінің, бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын ұйымдастыру;

25) Халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарлауын әзірлеу және жүзеге асыру;

26) Шетелдік іс-сапарлар, жұмыс іс-сапарлары және басқа да халықаралық іс-шаралар жоспары мен бағдарламасын әзірлеу;

27) Форумдар, көрмелер, кеңестер мен семинарлар бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу;

28) Уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсалған шығыстардың бiр бөлiгi өтелуін және тiзбелерiн бекiту;

29) Санитарлық-гигиеналық тораптардың тізбеге енгізілген тізілімін жүргізу, ақпаратты жинақтау, қорытындылау және уәкілетті органның талабы бойынша ақпарат беру;

30) Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау;

31) Тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

32) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

33) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу;

34) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу.

3

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

17. Басқарманың басшысы лауазымға Алматы облысының әкімімен тағайындалады және лауазымынан босатылады.

18. Басқарманың бі басшысының өкілеттіктері:

1) Өз құзыреті шегінде басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

3) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

4) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда басқарма мүдделерін таныстырады және қорғайды;

5) Басқарманың штат кестесін, жұмыс жоспарын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) Орынбасардың, бөлім басшыларын, бас мамандарды, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді тағайындайды және босатады;

7) Іссапарлар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемеақылар мен сыйлықақылар төлеу, сондай-ақ қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;

8) Заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын тағайындайды және босатады;

9) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Басқарманың қызметтік және қаржылық құжаттарына қол қояды. Оның болмаған кезеңінде бұл өкілеттіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі;

10) Мемлекеттік органдарда және басқа да мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық соттарында басқарма атынан өкілдік етеді;

11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;

12) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

13) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

14) Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

15) Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қаржыландыру жоспарын бекітеді;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде және облыс әкімдігінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4

4. Мемлекеттік органның мүлкі

19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі:
«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.